Білім беру саласы: Денсаулық
Бөлімдері: Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Секіртпе күні»
Мақсаты:
Секіртпемен секіру жаттығуларын орындау, дененің жылдамдық, ептілік, иілгіштік, төзімділік күш сапалық қасиетттерін дамыту, денсаулығын сақтау.
Қолданылатын құралдар: Секіртпелер, кеглидер, ысқырық т.б.
Кіріспе бөлім:
Барысы: Балалармен амандасу, оңға, солға бұрылу. Жүру, баяу жүгіру. Жүру барысында жаттығулар орындау; қолдар алда аяқ ұшымен жүру, қолар белде өкшемен жүру. «Құрбақа» жаттығуы. Кең адымдап жүру. Тыныс алу жаттығуларын орындау.
Бір қатар сапқа арақашықтық сақтап тұру, жалпы даму жаттығуларын орындау:
Музыка әуенімен , гимнас таяқшалармен жаттығулар орындау.
Таяқшаны ұстап тұру тізеге кезек тигізу. Таяқшаны жауырынға ұстап денені екі жаққа бұрау. Таяқшаны тізеге қойып қолмен алға артқа домалату. Таяқшаны еденге қойып алға артқа секіру. Таяқшамен би қимылдарын орындау.
Негізгі бөлім:
Секіртпемен орындалатын жаттығулар, ойындар;
Балалар екі қатар саптізбекке тұрып ойындар ойнайды.
Қимыл қозғалыс ойыны: «Қармақ»
Ойынды бастаушы ойыншықолына секіртпе (қармақ)ұстап ортаға шығады. Балалар шеңберде тұрады. Секіртпе ұстаған ойыншы секіртпені балалардың аяқ жағынан айландыра бастайды, балалар айландырған секіртпеден секіріп отыру керек. Кім секіре алмай қармаққа тисе ойыннан шығып отырады. Ойын осылай жалғасады.
Қортынды бөлім:
Тынысты ретке келтіру, балаларды сапқа тұрғызу.Балаларға жылы сөздер айтып, топтарына шығарып салу.