Ақмола облысы БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ШАҒАЛЫ АУЫЛЫНЫҢ «Балдырған» бӨБЕКЖАЙЫ» МКҚК
ГККП « ЯСЛИ – САД «БАЛДЫРГАН» СЕЛА ШАГАЛАЛЫ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы:"Жеті қазына"

12.06.2026

Ұйымдастырылған іс-әрекет Таным

Тақырыбы: «Жеті қазына» (ұлттық құндылық негізі)

Мақсаты:Тәрбиеленушілерге қазақ халқының«Жеті қазынасы»туралы түсінік беру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге дағдыландыру.

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу

 Қане,балалар келген қонақтармен сәлемдесіп  алайық!

Балалар: 

Тәрбиеннің басы ғой

Ал канекей бәріміз !

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздер ме,апайлар!

Негізгі бөлім:

«Жеті қазына» тақырыбында (мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ұлттық ойындар)

Мақсаты:

Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын балаларға таныстыру, салт-дәстүрге құрмет сезімін қалыптастыру.

Кіріспе

«Жеті қазына» – қазақ халқының ертеден келе жатқан рухани мұрасы. Халық ұғымында жеті саны киелі саналған. Сондықтан ел қорғаны, өмір тірегі болған асыл дүниелерді «жеті қазына» деп атаған. Бұл ұғым балаларға ұлттық тәрбие берудің маңызды құралы болып табылады.

Негізгі бөлім

Қазақ халқында «Жеті қазына» құрамына мыналар жатады:

Ер жігіт – елін, жерін қорғайтын батыр азамат. (Нұрзат)

Сұлу қыз (ана) – отбасының ұйытқысы, тәрбиенің бастауы. (Томирис)

Ақыл-білім – адамды биікке жетелейтін қазына. (Балжан)

Жүйрік ат – ер жігіттің серігі, көлік құралы. (Азисхан)

Қыран бүркіт – аңшылықтың белгісі. (Диас)

Құмай тазы – сенімді аңшы ит. (Айтөре)

Берік қару – ел қорғаудың құралы. (Санжар)

Бұл қазыналардың әрқайсысы халық өмірінде ерекше орын алған.

 

Құрал-жабдықтар:

Тақтайша немесе ағаштан жасалған ойыншық көзілдіріктер

Ойын барысы:

1. «Жұбын тап»

Тәрбиеші балаға  көзілдірік береді.

Бала тақташадағы екі бірдей заттарды көзілдірікпен сәйкестендіріп табады.

 

 «Түстерді ажырату» ойыны (асықтармен)

Мақсаты:

Балалардың түстерді ажырату қабілетін дамыту, зейінін арттыру және ұлттық ойын элементтері арқылы қызығушылығын ояту.

Қажетті құралдар:

Түрлі түске боялған асықтар

Түрлі түсті  оюлы тақтайшалар

Ойын барысы:

1 «Түсті тап»

Тәрбиеші белгілі бір түсті атайды.

Балалар сол түстегі асықты тауып, сәйкес түсті оюлы тақташаларға қойады.

«Бірдей суреттерді тап» ойыны

(Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған дидактикалық ойын)

 

Мақсаты:

Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін, ойлау дағдысын дамыту.

Міндеттері:

Ұқсас заттарды салыстыруға үйрету

Заттардың айырмашылығы мен ұқсастығын ажырату

Сөздік қорын дамыту

Құрал-жабдықтар:

Бірдей жұп суреттер ( ұлттық заттар, ер жігіт, ана ,ақыл-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, берік қару )

Ойын шарты:

1-нұсқа (ашық түрде)

Суреттер араластырып қойылады.

Балалар бірдей екі суретті тауып, жұптастырады.

«Мерген» ойыны (мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ұлттық қимылды ойын)

Мақсаты:

Балалардың дәлдікке тигізу, ептілікке, көз мөлшерін дамыту. Ұлттық ойындарға қызығушылық қалыптастыру. (Сандарды, оюларды, көңіл-күйін, пішіндерді, түстерді) ажырату

 

Құрал-жабдықтар:

Доп немесе жұмсақ шарлар

Нысана (шеңбер,  кегли)

Белгі сызық

Ойын шарты:

Балалар белгіленген сызықтың артына тұрады.

Кезекпен нысанаға доп лақтырады.

Нысанаға дәл тигізген бала «мерген» атанады.

Ең көп тигізген бала жеңімпаз болады.

 

Қауіпсіздік ережесі:

Бір бала лақтырғанда, қалғандары артта тұрады.

Жұмсақ доп пайдаланылады.

Ойынның жеңілдетілген түрі:

Нысананы жақын қою, үлкен шеңбер қолдану.

 

«Шахмат» ойыны

Мақсаты:

Балаларға Шахмат ойынын «Жеті қазына» ұлттық құндылықтарымен байланыстыра отырып таныстыру, логикалық ойлауын және ұлттық тәрбие негіздерін дамыту.

Идеясы:

Шахматтағы әр фигураны «Жеті қазына» ұғымымен сәйкестендіріп түсіндіру.

Сәйкестендіру үлгісі:

 – Ер жігіт (ел қорғаны)

 –Сұлу қыз

 –Ақыл-білім

 – Жүйрік ат

 – Берік қару

 – Құмай тазы (қорғаушы, серік)

 – Қыран бүркіт (биіктік, қырағылық)

Дамытушы ойын:

Домино ойыны

Мақсаты:Балалардың танымдық қабілеттерін арттыру.

Барысы:Домино заттары араластырып беріледі әр балаға тендей үлестіріледі. Ұллтық ою өрнекпен безендірілген оюларды бір-біріне жалғап ою өрнекті атайды.

 

 Кері байланыс: Балаларға ұйымдастырылған іс-әрекет ұнаған жағдайда апайды келіп құшақтау. Қане балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық.

 

 

Просмотров: 2211


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст