«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шағалалы ауылының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырган» села Шагалалы при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық.

Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық.

     Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр. Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Өйткені сабақтастық туралы мәселе өткір қойылып отыр. Бұл мәселені ғалымдар, білім беру мекемелерінің жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар да көтеріп отыр. Олардың дабыл қағуына толық негіз бар.

Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың негіздемесі:

балалардың білуге деген құмарлығын дамыту;

балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс тапсырмаларын шеше білу қабілетін дамыту;

балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған шығармашылық қиялын дамыту;

тілдік қарым-қатынасын дамыту (құрбы-құрдастарымен, ересектермен тіл табысып, сөйлесе білу)

Сабақтастық үрдісін 2 жақтан қарауға болады. Мектепке дейінгі буын сатысында мектепке дейінгі балалық шақтың өзіндік құндылығы қысқартылады және балалардың жеке тұлғалық сапасының негізі қалыптасады. Мектеп өз жұмысын жоқтан құрмайды. Мектепке дейінгі балалардың жетістігін қапсырып алып, балалардың жинақтаған әлеуетін педагогикалық практиканы ұйымдастыра отыра дамытады. Сабақтастықтың осындай түсінігі балалардың дамуы мен оқып үйренуін үздіксіз іске асырып отырады.

  • Салауатты өмір сүру салтының құндылығына балаларды қатыстыру; 

  • эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, әр түрлі көркемдік іс-әрекет түріне талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту  арқылы  айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру;

Бастауыш мектептің міндеттері: 

Салауатты өмір сүру салтының құндылығын қалыптастыру және өзінің тәртібін қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас дайындығын дамыту.  Эмоционалды, интеллектуалды, коммуникативті мектепте оқуға үйрену деген тілегін қалыптастыру; әр түрлі әрекетте бірлесе жұмыс істей білуі мен өздігінен мектепке дейінгі мекемедегі алған жетістігін жетілдіру,

Бала бақша мен мектептің өзара байланысы бойынша жұмысын ұйымдастыру:

мектепте оқып үйренуіне жағдай жасау;

мектепте оқуға психологиялық дайындығын қалыптастыру;

бала дамуының үдіксіз білім беру жүйесін құру.  

 Осы мақсат-міндеттерді жүзеге асыру барысында  №13 бөбекжай-бақшасы  №20, №23, №10 орта мектептермен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді. Әр жыл сайын жаңа оқу жылының  басында балабақша мен мектеп арасындағы байланыстың жоспары құрылады. Қыркүйек айында «Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныпта оқытудың өзара сабақтастығы тақырыбында ересек топ тәрбиешілерімен  бірлесе отырып жұмыстар өткізілді. Оған №20, №23, №10 орта  мектептен бастауыш сынып  мұғалімдері шақыртылып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Мектепке даярлық тобының мұғалімі балабақшада білім алған балалардың балабақшаға бармаған балалардан көп айырмашылығы бар екендігін, себебі олар өз ойларын ашық айтып, жеткізе алатындығын, білімге, өнерге қызығушылықтарының ерекше болатындығын атап өтті. Қазіргі оқу тәжірибесінде мектепке дейінгі және бастауыш мектеп оқуындағы сабақтастықты жүзеге асыруда негізгі екі бағыттарын белгілеуге болады. Олардың біріншісі, балалар дамуының темптерін көбейту және мектепке дейінгі мекемелердің мектептегі оқудың талаптары мен ерекшеліктеріне жету міндеттерінен тұратын тәжірибеге сүйенеді. Екінші, бастауыш мектепке дейінгі білімдер, іскерлік және дағдыларды дамыту тактикасына негізделеді. Мұнда В. В. Давыдовтың белгілеуі бойынша, бастауыш мектеп оларды жүйелейді және жалпылайды, оқуға, жазуға, санауға және т. б. үйретеді. Бұл заңдылық тәрбиешілер мен мұғалімдерді баланың шығармашылық мүмкіндіктерді дамыту жұмысында сабақтастық байланысына ұмтылдырады. Сонымен бірге сабақтастық байланыстардың түрлері де ажыратылады. Олардың қатарында: мектепке дейінгі тәрбие мекемелері мен бірінші сынып арасындағы байланыстар, бастауыш және орта буындардағы пәндерді оқытудағы сабақтастық байланыстар. Ересек «Гүлім» тобындағы Жуаспаева Амина, Рапхат Нұрсая, Батырқызы Аяжан, Жұмабаев Таймас және Сабытаев Даниял бұл балалар алғыр болды. Мектепке деген ынтасы зор еді. Оқытудағы сабақтастық жүзеге асырудың бастауы нормативті – құқықтық және ресми құжаттарда (білім стандарты және оқу бағдарламалары), оқыту құралдарында (оқулықтар, дидактикалық материалдар, оқу - әдістемелік құралдар) жоспарланған байланыстар жобасынан алады. Мектепалды даярлық топтары мен (5- 6 жас) 1 сынып оқушылары үшін ойынның атқаратын ролі өте зор. Себебі, ойын баланың сезімдік тәжірибесін байытады, ретке келтіруге көмектеседі. Барлық психикалық қасиеттерді дамытуға және ойлау операцияларын қалыптастыруға даярлайды. Бірақ 5 – 6 жастағы балалардың  мектепке деген қызығушылығы өте төмен. Сабақ оқуды олар осы кезде оқу керек деп ойламайды. Балалар мультфильм кейіпкерлерін  өздеріне үлгі ретінде алады. Ал, біздің басты мақсатымыз – жан – жақты дамыған баланы  мектепке дайындау. Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс - әрекетін қалыптастыруда  негізгі жұмыс түрі - ойын әрекеті. Ойын - баланың шын тіршілігі. Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А.С. Макаренко: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады».  Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу - бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асырылады. Өзімнің зерттеу тақырыбым: «Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу».          Мен  оқыту – тәрбие процесінде ойын түрінде жүргізуге тырысамын, сабақта, топ серуендерде, әртүрлі тәрбие  іс – шараларында дидактикалық ойындар, логикалық ойын – жаттығулар, проблемалық жағдаяттар, балаларды қызықтыратын ойын – жарыс элементтерін пайдаланамын. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие мәселесінің бірі балалардың дамуын жеткілікті ұйымдастыруда әрекеттік қатынасты күшейту арқылы танымдық белсенділікті қалыптастыру ойын әрекет негізінде жүзеге асырылуы қажет. Сонымен бірге ойын тәжірибесі, әсіресе ойын жөніндегі нақты өзара қарым – қатынастар ойлаудың айрықша қасиетінің негізін құрайды, мұның өзі басқа адамдардың көзқарасын қабылдауға, олардың мүмкін болатын мінез – құлқын болжап білуге және осының негізінде өз мінез – құлқын түзеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар сабақтастық мәселесін шешуде ата-аналармен жұмыс жүргізу бала дамуының бірыңғай кеңістігін жасаудың белсенді бағыты ретінде де қаралуы тиіс. Өйткені, ата-аналардың көпшілігі бала тәрбиесіндегі педагогикалық талаптардан бейхабар болуы мүмкін. Сондай-ақ баланың физиологиялық-психологиялық даму ерекшелігінен де назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады. Сондықтан педагог қауымның алдына қойған қосымша  ата-аналар мен жұмысты одан әрі жетілдірудің тың жолдарын қарастыра отырып, ортақ мақсатқа жетудің  ұтымды сәттерін жіберіп алмау. Мектепке дейінгі мекеме, бастауыш буын мен ата-ана арасындағы сабақтастық сақталғанда баланың мектепке жалпы, арнай және психологиялық жағынан қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, бастауыш сыныптағы оқыту мен тәрбие беру жұмыстарының негізі қаланып, мектепке дейінгі балалықшақтан жүйелі оқытуға кедергісіз көшу үшін жағдай жасалады. Қорыта айтқанда, жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша елімізде ауқымды іс-шараларды жүзеге асыру қолға алынуда. Тәрбие-білім беру әрбір баланың мектепке келуге және жетістіктерге қол жеткізуге деген қызығушылығын арттыру үшін жағдай туғызуға, білім алуға үнемі алға басуына кепілдік беріп отыруы қажет. Білім беру әр бала, әр оқушы үшін тұлғалық мазмұндығын қамтамасыз етуге және ол үшін өз ісінеде, өз өмірінде жеке тұлғалық ойын, құруға, өзіндік қорғану,  өзіндік тәрбиелеу механизмін қалыптастыруға және адамдардың адаммен, табиғат, өркениет, мәдениетпен қауіпсіз қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етеді. Білім беру баланың жеке тұлғасында адамдық экологияны сақтап, тәрбиелеуге, өмір маңыздылығына, жеке бас бостандықтарына адамгершілікке тәрбиелеуде адамның қалыптасу функциясын қалыптастыру керек. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әр бір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.     

Жаңартылған күні: 15.05.2024 13:18
Құрылған күні: 15.05.2024 13:18

Текст