Тақырыбы: Сиқырлы құм.
Мақсаты: Балаларды демалдыру,қолдарының ұсақ моторикасының дамыту.
Технологиялық қамтамасыз ету: Түсіндірме жұмыс жасау,ойын,кинетикалық құм.
Барысы: Сәлеметсіңдер ме,балалар! Бүгінгі біздің жұмысымыз ерекше болмақ.Сендер күнделікті орталықта құм,сумен жұмыс жасап жүрсіңдер.
Ол құм бізге таныс-кәдімгі құм.
Бүгінгі жұмыс жасайтын құмымыз мүлдем басқаша.Қазір мен сендерге көрсетемін.
-Бұл құм балалар, қолыңа ұстасаң жұқпайды және саусақтардың арасынан
су секілді ағып кетеді,жан-жаққа шашырамайды.
-Бұл-сиқырлы құм.Бұл құм әр түрлі түсте болады.Сол себепті бүгінгі жұмысымыздың тақырыбы «Сиқырлы құм»,-деп аталады.Ендігі жұмыс жасап көрейік.Құмдар әр түрлі болғандықтан сендер қалаған,ойлаған нәрселерді жасай аласыңдар. Ортадағы үстел үстінде түрлі- түсті гүлдер мен түрлі-түсті құмдар бар,қазір сендер өз қалауларың бойынша қалаған гүлдердер мен заттарыңды алып жұмыс жасайсыңдар.
Жұмысымызды бастамас бұрын біз «Жаңбыр» ойынын ойнаймыз.
Балалар, біз серуенге шықтық, ауа-райы керемет, осы керемет ауа-райын сезінгенімізді білдіру үшін қолымызды жоғары көтеріп,бір-бірімізге қарап
күлімдейік,күн шығып тұр,біздің көңіл-күйіміз тамаша (Балалар жұдырықтарын түйіп,қолдарын кеуде тұсына қояды,түрлерін суық қылады),
жел соқты(алақанды алақанға жылдам уқалау),жаңбыр сіркіреді (саусақтарды сыртылдату),жаңбыр жауды «шапалақтау»жаңбыр қатты жауды «алақанмен тізені қаттырақ соғу».
-Жарайсыңдар,енді жұмысымызға кірісейік.Барлығымыз алдымыздағы тұрған ыдыстарға қалаған құмымызды саламыз.
(Жәй әуен қосылады,балалар жұмыс жасайды).
Әр баладан қандай құм таңдап алғанын,не үшін,не жасамақ ойы бар екенін сұрау. Балалар жауап береді.
-Жарайсыңдар,балалар,сендер керемет жұмыс жасадыңдар.
-Сиқырлы құммен жұмыс жасау сендерге ұнады ма?
Осымен біздің бүгінгі жұмысымызды аяқталды.
-Балалар, рахмет сендерге!