Мектеп жасына дейінгі кезең – баланың танымдық қабілеттері қарқынды дамитын маңызды уақыт. Бұл кезеңде бала қоршаған ортаны танып-білуге ерекше қызығушылық танытады, сұрақ қояды, бақылау жасайды және ойын арқылы жаңа білімді меңгереді. Сондықтан баланың ойлау, есте сақтау, зейін, қабылдау және қиял сияқты танымдық процестерін дамыту – тәрбиеші мен ата-ананың негізгі міндеттерінің бірі.
Ойын – мектепке дейінгі баланың жетекші іс-әрекеті. Ойын барысында бала еркін әрекет етеді, өз ойын білдіреді, жаңа дағдыларды меңгереді және қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түседі. Танымдық ойындар арқылы балалардың қызығушылығы артып, білімді жеңіл әрі тиімді игеруіне мүмкіндік туады. Осыған орай, мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетін дамытуда арнайы ұйымдастырылған ойындардың маңызы зор.
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін (ойлау, есте сақтау, зейін, қабылдау, қиял) ойын арқылы жан-жақты дамыту.
Баяндаманы перезентация арқылы таныстыру, таныстырғаннан кейін практика жүзінде педагогтарға көрсетіп ойнату
Педагогтарға ойынның түрлерін көрсетіп таныстыру
Ойындар үлгісі
1 -ші ойын
“Логикалық текше”
Логикалық текшелер ұлттық құндылық адал азамат тақырыбына балаларға арналған ойын
Бұл ойында алты карточка беріледі. Әр карточкаға сәйкес балалар текшелерді құрастырады. Бұл ойын балалардың шапшаңдығын, жылдамдығын, зейіндерін, есте сақтау қабілеттері дамытады.
2-ші ойын
“Мега куб” дамытушы ойын
Мақсаты:
Балалардың сөйлеу тілін дамыту
Қазақ халық ертегілеріне деген қызығушылығын арттыру
Ойлау, есте сақтау, қиялдау қабілеттерін жетілдіру
Жақсылық пен жамандықты ажырата білуге үйрету
Ұжымда жұмыс істеу және қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру
Бұл ойында балалар атаған ертегіні текшелер арқылы құрастырады және кьюр код арқылы ютубтан ертегі көреді. Ертегін көріп болған соң едагогтың шығармашылығына байланысты әр тұрлі әдіс-тәсілдер қолдануға болады
3-ші ойын
«Шарикті таяқшамен алу» немесе «Кедергіден допты шығару» (педагогтармен ойнау)
логикалық топтық ойын
Ойынның мақсаты:
-Командамен бірге жұмыс істеуді дамыту
-Қолдың ұсақ моторикасын жақсарту
-Зейін мен дәлдікті арттыру
-Шыдамдылық пен бір-біріне көмектесуді үйрету
Ережесі
Қатысушылар таяқшалар арқылы тордың ішіндегі шарикті түсірмей, сыртқа шығарып алу керек. Қолмен ұстауға болмайды — тек таяқшалармен.
4-ші ойын
“Мерген”
Жұптың ойын. Бұл ойында екі ойыншы санның өсу ретімен шарикті стақандарға салып шығады
5-ші ойын
“Сұрыптау”
Бұл ойын балалардың ұсақ қол моторикасын жетілдіреді. Қабылдау ,есте сақтау, ойлау қабілеті дамиды .Шыдамдылық пен зейіндері арта тұседі
Балалар көздерін жұмып, ыдыстың ішіндегі заттарды сипап сезу арқылы сұрыптап екі ыдысқа бөліп салады.
Одан кейін өз тәжірибемде қолданып жүрген ойындармен таныстыру.
Күтілетін нәтиже
Ойлау қабілеті дамиды
Зейін тұрақтылығы артады
Есте сақтау жақсарады
Қиял және шығармашылық дамиды
Танымдық қызығушылық қалыптасады
Қорытынды
Ойын – баланың дамуының негізгі құралы.
Ойын арқылы бала білімді жеңіл меңгереді және жан-жақты дамиды.