«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шағалалы ауылының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырган» села Шагалалы при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұрпақ тәрбиесі -Ұлт болашағы!

Ұрпақ  тәрбиесі -Ұлт болашағы!

Бүгінгі ұрпақ- тарихи  кезеңде өмір сүріп,ұлттық елдің,жердің болашағы үшін үлкен жауапкершілік міндетін арқалауда. Олардың болашақта  ұлттық дәстүр  мен салт-сананы берік сақтайтын, саналы да парасатты болып өсуінің кілті тәрбиешілердің еншісінде.

Жас бүлдіршіндердің жаңаша ойлауына,олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына,әлемдік сапа деңгейіндегі білім,білік негіздерінің алғашқы қадамдарын  меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мен тәрбие мазмұнын құру- өзекті мәселелердің бірі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясының міндеттерін жүзеге асыру мақсатында балабақша мамандарының кәсіби шеберлігін арттыру,мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиенің заманауи әдістерін насихаттау,енгізу,педагогтардың іс-тәжірибе алмасуын  ұыймдастыру шараларын жан-жақты жүргізуде.

Аппақ парақ бетіндей жан дүниесі пәк періште балалардың бойына жақсы із қалдыру міндетіміз.Бұл ретте тәрбиешілерге үлен үміт артылады.Осы орайда,атқарылып отырған міндеттер көп.Балабақшада түрлі мерекелік шаралар,ашық ұйымдастырылған оқу қызметінде,дәстүрден тыс түрлі жұмыстар жүргізу арқылы бала бойына ізгілікті тәрбие мен білім нәрін сусындатамыз.Ескі қытай мақалында «Баланың қарны ашса балық берме қармақ бер»-делінген,демек қоғамаға бейім,өзіндік ойы қалыптасқан  бала тәрбиелеу біздің басты міндетіміз.

 

 

 

 

 

Тәрбиеші: Исаханова Ж Т.

«Балдырған бөбекжай»

 

Жаңартылған күні: 29.03.2021 10:31
Құрылған күні: 25.11.2021 17:50

Текст