«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шағалалы ауылының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырган» села Шагалалы при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚОШТАСҚАНДА БАЛА ҚАТТЫ ЖЫЛАЙДЫ

ҚОШТАСҚАНДА БАЛА ҚАТТЫ ЖЫЛАЙДЫ
 

Сіз ұйқыдан ояндыңыз. Баланы балабақшаға апару

керек, ал балаңыз балабақшаға бармаймын дейді. Сіз үйден

шығуға дайынсыз, ал балаңыз жерде домалап, шыңғырып

жылап жатыр. Не істеулеріңізді білмейсіз, шыдамыңыз

таусылды. Жылап жатқан баланы көтеріп алып, балабақшаға жүгіріп келесіз. Баланы әрең шешіндіресіз, бала әлі

де жылап, сізден айырылмайды. Тәрбиеші әрең дегенде

баланы сізден айырып алып топқа кіргізеді. Сіз балабақшаның есігін жауып, кетіп бара жатып, балам әлі де жылап

жатқан шығар деп, терезеге қарайсыз. Не көресіз? Балаңыз

жастарын сүртіп түк болмаған сияқты басқа балалармен

ойнап кетті.

Проблеманың мәні

Баланың балабақшаға бейімделуінің осындай сценариілері жиі кездеседі. Кейбір балаларға білмейтін жерге келіп,анасымен қоштасуы өте ауыр болады. Оған сізсіз осы орта үйреншікті емес болып көрінеді.

 

Шешу жолдары

 Осындай баланы балабақшаға анасы емес, әкесі немесе басқа жақын адамы әкелгені дұрыс. Мүмкін, сол кезде қоштасу балаға соншалық ауыр тимейтін шығар. Әкесінің айтқанын бала басқаша қабылдайды. Егер сізден басқа баланы балабақшаға апаратын ешкім болмаса, онда балабақшаға дейін жолды қызықты қылу керек. Міндетті түрде үйге келгенде балаңызды мадақтаңыз. Күні қалай өткенін асықпай сұрастырып әңгімелесіңіз, қалай сағынғаныңызды айтыңыз, балабақшадағы тәртібі үшін мақтаңыз.

 

Тағы бір кеңес

 Балабақшаға баратын жолмен демалыс күндерінде де қыдырып жүру қажет. Бірақта жүргенде тек қана жақсы көңілді эмоцияңызды көрсетіңіз. Өз өзіңізге сенімді болыңыз. Егер, балабақшаға жақындаған сайын баланың жылағанынан қорықсаңыз, сіздің қорыққаныңыз балаға да беріледі.

Балабақша сіздерге қаншалықты керектігін өзіңіз үшін нақты шешіп алуыңыз керек. Егерде керек деп шешесеңіз, онда өз өзіңізге сенімді болып, шешіміңіздің дұрыстығында еш күмәніңіз болмасын.

Жаңартылған күні: 12.02.2024 16:20
Құрылған күні: 12.02.2024 16:20

Текст