№1 Қамқорлық кеңес беру отырысы
Өткізілген күні: 2.09.2025 жыл
Қатысқандар: балабақша меңгерушісі,балабақша әдіскері,қамқоршылық кеңесінің мүшелері: А.Белгумбаева ,Маханбет П., Джаксыбаева И., Пернебаева Б., Сүлейменов Б., Кенджаев А., Жайынбаев Н., Кигай Е., Шалекеева Н.
Күн тәртібі:
1.Қамқоршылық кеңесінің ережесімен таныстыру.
2.Қамқоршылық кеңесінің төрағасын,хатшысын сайлау.
3.Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, балабақша меңгерушісі М.Дуйсебаева балабақшада ұйымдастырылып жатқан Қамқоршылық кеңесінің жұмыс мазмұнымен таныстырды.Қамқоршылық кеңесінің жұмысы ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілетінін айтып өтті. Балабақшадағы құрылып отырған Қамқоршылық кеңесінің мүшелігіне әрбір параллель топтан бір ата-ана,жергілікті атқарушы органдардың өкілінен Шиелі аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалы төрағаның бірінші орнбасары П.Маханбет, құқық қорғау органдарының өкілінен Шиелі аудандық ІІБ,учаскелік инспектор А.Кенджаев, әлеуметтік әріптестер өкілдерінен ТОО РУ-6 директорының орынбасары Б.Сүлейменов және «Арман» мәдениет үйінің директоры Н.Шалекеева барлығы тоғыз адам келісім беріп отырғанын айтты.Жоғарыда атап өткен үлгілік қағидаға сәйкес Қамқоршылық кеңестің өкілеттігімен балабақша әдіскері И.Тоқсанбаева таныстырып өтті.
Екінші мәселе бойынша, Қамқоршылық кеңесінің мүшелері арасынан төраға сайлану қажеттігі айтылды. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері өзара пікірлесе келіп , Қамқоршылық кеңесінің төрағалығына Рахманбердиев Алмасты ұсынды.Қамқыоршылық кеңесінің хатшысы болып балабақша әдіскері И.Тоқсанбаева тағайындалды.
Үшінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары талқыланды. Меңгеруші М.Дуйсебаева қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарына балабақшадағы мемлекеттік қызмет көрсетуді(балаларды балабақшаға қабылдау) , тамақтануды ұйымдастыру,балабақшадағы білім беру қызметінің сапасы сияқты мәселелерді қоюға болатыны жайлы ұсыныс айтты.
Қамқоршылық кеңес мүшелері жұмыс жоспарының жобасын талқылап,өз ойларын ортаға салды.2025 жылдың маусым айынан 2026 жылдың мамыр айына дейін бес отырыс өткізіледі деп шешті. Келесі отырыста балабақшадағы мемлекеттік қызмет көрсетуді, 2025-2026 оқу жылына арналған балабақшаның жұмыс жоспарымен, қойылатын мақсат,міндеттерімен танысу мәселелері қаралатын болса, одан кейінгі отырыстарда тамақтануды ұйымдастыруды бақылау, балабақшада жүргізілетін науқастанудың алдын алу және сауықтыру шаралары бойынша жұмыстармен танысу , бала құқығының қорғалу жағдайы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысу, түзете-дамыту жұмыстарының барысы, жазғы сауықтыру мезгіліндегі шынықтыру шараларымен танысу, жазғы сауықтыру мезгіліндегі іс шараларды бірлесе өткізуді жоспарлау, қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмыстары жайлы есеп беру сияқты мәселелер қарастырылатын болды.
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері осы мәселелер бойынша жұмыс жоспарының бекітілуіне келісті.
Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, төмендегідей шешім қабылданды:
1.Қамқорышылық кеңесі мүшелерінің ұсынысы бойынша төраға болып
Рахманбердиев Алмас сайлансын.
2. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыстар
жүргізілсін.
Қамқоршылық кеңесінің
төрағасы: А.Белгумбаева
Хатшы: Тоқсанбаева И.
Мүшелері:
Маханбет П.
Джаксыбаева И.
Сүлейменов Б.
Кенджаев А.
Жайынбаев Н.
Кигай Е.
Шалекеева Н.
Пернебаева Б.