БАЛАБАҚШАНЫҢ
2025–2026 ОҚУ ЖЫЛЫ БОЙЫНША
ЖЫЛДЫҚ САРАПТАМАЛЫҚ ЕСЕБІ
Мектепке дейінгі ұйым: «Балдырған» бөбекжайы
Меңгерушінің м.а.:Исаханова Ж.Т.
2026 жыл
Мазмұны
1. Жалпы мәлімет
2. Ұйым қызметін талдау
3. Әдістемелік жұмыс
4. Балалардың даму мониторингі
5. Ата-аналармен жұмыс
6. Денсаулық сақтау және қауіпсіздік
7. Тәрбие жұмысының нәтижелері
8. Қорытынды және міндеттер
2025–2026 ОҚУ ЖЫЛЫ БОЙЫНША БАЛАБАҚША ҚЫЗМЕТІНІҢ САРАПТАМАЛЫҚ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ
Мектепке дейінгі ұйымның атауы:
ақмола облысы БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ШАҒАЛАЛЫ АУЫЛЫНЫҢ «Балдырған» бӨБЕКЖАЙЫ» МКҚК
Заңды тұлғаның мекен -жайы: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Шағалалы ауылы, Строительная Телефон: (87162) 24-3-20
e-mail: baldyrgan.det.sad@mail.kz
интернет сайт: http://ds0006.zerenda.aqmoedu.kz/
Құрылған күні: 27.05.2006жыл
Типі: бөбекжай
Түрі:
Жоба бойынша белгіленген қуаттылығы: 160 бала
Балалардың жалпы саны: 129 бала
Топтар саны: 7 топ
Соның ішінде жалпы - 7 топ
Жұмыс уақыты:
Жалпы топтарда - 8.00 - 18.00
Бөбекжай меңгерушісінің м/а: Исаханова Жадыра Тұрашқызы
Білімі:
Санаты: педагог-модератор
Еңбек өтілі: 11 жыл
Мамандардың сапалық құрамы: 42, соның ішінде 19 педагог
Педагог қызметкерлерінің сапалық құрамы (білімі, санаты):
Педагогтардың жалпы саны – 19
Білімі:
Жоғары – 8
Орта арнайы – 10
Санаты:
Педагог сарапшы: 1
Педагог-модератор: 14
Санаты жоқ- 4
Курс өткен педагогтер саны – 3
ЖИ бойынша – 17.
Оқу жылы барысында балабақша жұмысы жылдық жоспарға сәйкес жүргізілді.
Балабақша қызметі Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы нормативтік құжаттарына сәйкес ұйымдастырылды. Оқу жылының негізгі мақсаты – тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына жағдай жасау, сапалы білім беру ортасын қалыптастыру және қауіпсіз, қолайлы тәрбие кеңістігін қамтамасыз ету.
Балабақша қызметінің негізгі бағыттарына талдау
Тәрбие-білім беру процесінің ұйымдастырылуы
Тәрбие-білім беру жұмыстары барлық жас ерекшелік топтарында перспективалық жоспар және күн тәртібіне сәйкес жүргізілді.
Негізгі бағыттар:
– дене дамуы;
– коммуникативтік дағдыларды дамыту;
– танымдық және зияткерлік даму;
– шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру;
– әлеуметтік-эмоционалдық даму.
Әдістемелік жұмыстың сараптамасы
Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында әдістемелік жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылды.
Оқу жылы ішінде:
- Педагогикалық кеңестер өткізілді;
- Әдістемелік кеңестер ұйымдастырылды;
- Ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетілді;
- Семинарлар мен шеберлік сыныптары өткізілді;
- Өзара тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.
Жыл бойы ұйымдастырылған іс-әрекеттер толық көлемде өткізілді.
|
№ |
Тақырыбы |
Уақыты |
Жауаптылар |
|
1 |
«Адал азамат» біртұтас тәрбие «Әжелер, әкелер, аналар» мектептер арасында іс-шара |
Қараша
|
Сәрсенбай Г.Ә., Ардабай Е Исаханова Ж.Т., Бауыржан Г |
|
2 |
«Ертегі әлемінде» |
қаңтар |
Хапас Ж. |
|
3 |
«Түстер әлемінде» |
қаңтар |
Әлпілам Қ. |
|
4 |
«Сандар әлемінде» |
қаңтар |
Нәкен М. |
|
5 |
«Жасыл экологтар» |
ақпан |
Жантий П. |
|
6 |
«Жасыл ел , жасыл балабақшадан басталады» |
ақпан |
Тулегенова Б.К. |
|
7 |
«Ойнайық та, ойлайық» Адалдық әліппесі |
Сәуір |
Дария Алтынгүл |
|
8 |
«Учимся, играя» Культура энергосбережения |
Сәуір |
Сыздыкова Б.О. |
|
9 |
Финансовая грамотность |
Сәуір |
Сабанова Г.Ж |
|
10 |
«Ұлттық ойындар» |
Сәуір |
|
|
11 |
«Ұлттық фольклор» |
Сәуір |
Нургазина А.Е. |
«Біртұтас тәрбие» - « Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарлама бойынша жыл бойы жұмыстар жүргізілді.
Әдістемелік құралдар:
Мерекелік ертеңгіліктер
23 сәуір күні аудандық Семинар өткізілді.
Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытуда озық тәжірибелер мен инновациялық технология элементтерін тиімді қолдану.»
Қатысқандар: Әдіскер: Е. Өрхөнбай. « Цифрлық жүйелер»
Сабанова Г. Ж. - Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы: «Ертегі еліне саяхат».
Жантий Перизат — Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы: «Жасыл экологтар»
Рахадал Нұргел — Интеллектуалды ойын: «Ұлттық өнер – ұрпаққа мұра»
Сыздыкова Баян Олжабаевна — Баяндама тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетін арттыруға арналған ойындар.»
Ардабай Еркегүл — Баяндама тақырыбы: Балаларға цифрлық жүйені қолдануды үйрету.
Көрме: «Адал азамат біртұтас тәрбие мен Жасыл балабақша»
Жауапты педагогтар: Дария Алтынгүл
Педагогтер заманауи педагогикалық технологияларды меңгеріп, тәжірибелеріне енгізді.
Балалардың даму мониторингі нәтижелері
Мониторинг қорытындысы бойынша:
Жыл басы
|
жас тобы |
Жоғары деңгей |
Орта деңгей |
Төмен деңгей |
|
ерте жас |
20,8 |
41,6 |
37,6 |
|
кіші топ |
47 |
37 |
16 |
|
орта топ |
43,2 |
35,2 |
21,6 |
|
ересек топ |
53,2 |
30,2 |
16,6 |
|
мектепалды даярлық |
62,2 |
37,8 |
0 |

Жыл соңы
|
жас тобы |
Жоғары деңгей |
Орта деңгей |
Төмен деңгей |
|
ерте жас |
67,6 |
27,8 |
4,6 |
|
кіші топ |
70,6 |
36,2 |
15,2 |
|
орта топ |
75 |
10 |
5 |
|
ересек топ |
80 |
15 |
5 |
|
мектепалды даярлық |
95 |
5 |
0 |

Нәтижелер бойынша педагогтер жеке түзету және дамыту жұмыстарын жүргізді.
Ата-аналармен жүргізілген жұмыстар
Балабақша мен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында әртүрлі жұмыстар ұйымдастырылды.
Жыл бойында:
- Ата-аналар жиналыстары өткізілді;
- Ашық есік күндері ұйымдастырылды;
- Кеңестер мен жеке консультациялар берілді;
- Ортақ мерекелік іс-шаралар өткізілді;
- Шығармашылық көрмелер ұйымдастырылды.
Ата-аналардың балабақша өміріне қатысу белсенділігі артты.
Балалардың денсаулығын сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау басты назарда болды. Санитарлық-гигиеналық талаптар сақталып, қауіпсіздік шаралары жүйелі түрде жүргізілді.
Балаларға жолда жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік және тұрмыстық қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Қауіпсіздік ережелері бойынша жоспар
Мақсаты: балалардың өмір қауіпсіздік туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру, қауіпсіз мінез - құлық дағдыларын дамыту
Тақырыбы: «Менің қауіпсіз балабақшам», «Жолда жүру ережесін білемін», «Өрттен сақ болыңыздар», «Үйдегі қауіпсіздік», «Судағы және табиғаттағы қауіпсіздік» т.б. өткізілді.
Денсаулық сақтау және қауіпсіздік жұмыстары
Балалардың денсаулығын нығайту мақсатында:
– таңғы жаттығулар;
– дене шынықтыру сабақтары;
– таза ауадағы ойындар;
– жазғы сауықтыру шаралары;
– қауіпсіздік апталықтары өткізілді.
Медициналық қызметкерлер балалардың денсаулық жағдайын тұрақты бақылауда ұстады.
Тәрбие жұмысының нәтижелері
2025-2026 оқу жылында мынадай нәтижелерге жеттік
Аудандық «Қазақшан қалай?» сайысына қатысып 2-ші орынға иеленген «Радуга» тобының тәрбиеленушісі Шмидт Егор, педагог Сыздыкова Б.О.
Аудандық «Ханталапай» жеңіпазды дайындаған үшін Ардабай Е.
Тәрбиеленушісі Зулхуат Салауат, Балтабай Ажар,Әнес Ізгілік, Сисенбек Аяла
«Ханталапай»
Сертифекат «Білім айнасы» онлай конкурсына женімпаздарды дайындаған үшін педагогтар Сабанова Г.Ж., Сыздыкова Б.О., Дария А.,Тулегенова Б.К.,
Онлайн «Кенгуру» сайысына қатыстырып женімпаздарды дайындаған үшін алғыс хат Сыздыкова Б.О., Дария А., Сабанова Г.Ж.
Сертификат «Оқу-әдістемелік материалдарын әзірлеу» шығармашылық тобының құрамының мүшесі Исаханова Ж.Т., Сыздыкова Б.О., Дария А.
Мақала жазғандар
Ардабай Е. «Балабақшаның бала өміріндегі рөлі» , «Білім айнасы» журналы
Тулегенова Б.К. «Наурыз келді, құт алып», «Білім айнасы»
Қорытынды және міндеттер
2025–2026 оқу жылында балабақша ұжымы алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау бағытында нәтижелі жұмыс атқарды. Тәрбие-білім беру процесінің сапасы артты, балалардың даму көрсеткіштері жақсарды, ата-аналармен серіктестік нығайды.
Жыл қорытындысы бойынша балабақша қызметі қанағаттанарлық деңгейде бағаланып, келесі оқу жылына төмендегідей міндеттер белгіленді:
2026–2027 оқу жылына арналған міндеттер
1. Білім беру сапасын одан әрі жетілдіру.
2. Балалардың сөйлеу мәдениетін дамыту жұмыстарын күшейту.
3. Ойын арқылы оқыту технологияларын тиімді пайдалану.
4. Ата-аналармен серіктестікті нығайту.
5. Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
6. Инновациялық технологияларды тәжірибеге енгізу.
7. Балалардың денсаулығын нығайту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру