«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шағалалы ауылының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырган» села Шагалалы при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Елін сүйген- Елбасы"

30.11.2020

Тақырыбы: Елін сүйген- Елбасы

Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: Слайд, теледидар, суреттер, ту.
Тәрбиеші балаларды ортаға шақырады.  (Балалар қолдарына ту ұстап кіреді)

 

Ән ұран орындалады

 

Шаттық шеңбер:

Балалар ортаға дөңгеленіп тұрып, өздерінің жылы ықыласын білдіреді.
 

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме?
- Қыс мезгілі келеді екен.
Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады.
- 1 желтоқсан күнін Президент күні деп атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер ме?
- Ал, балалар, көгілдір экранға назар аударайық.
- Балалар, бұл кім?
- Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?
- Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де Елбасымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасымыз Астана қаласында тұрады. Мынау – Астана қаласы. Ал мынау балалар, елбасымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда.

-Ал, балалар сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?

- Олар: ту, әнұран және елтаңба.


- Балалар елбасымызға арнап тақпағымызды айтайықшы.

Ел бағына туылған,
Ұлтқа ұран, ту болған,
Халқы патша сайлаған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!      Нарұл

Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.              Айару

Жиырма жылдай еліңді
Сүріндімей келесін
Ес білгелі естіледі
Нұрсұлтан деген ер есім         Ж. Каусар

 

Жаса, жаса Қазақстан,

Өркен жая бастаған!

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған!     Нұрдана

 

Асқақтай бер, Қазақстан,

Берекеге бастаған!

Болашақтың есігін

Өз қолыңмен аш маған!         Эльдар

 

Барша әлемге әйгілі
Ел басымыз Нұр аға!
Мақтанышы елімнің
Нұрын шашқан, Нұр қала.       К. Каусар

 

Гүлдене бер, Отаным,

Көтерген туын Нұр ағам!

Көбейткен достың қатарын,

Нұр аға - біздіңұлы адам!              Аина

 

Сергіту сәті

Музыка әуені арқылы сергіту сәтін жасайды

Балалар, дидактикалық ойын ойнайық.

Ойын: «Кім табады?»
 

Тәрбиеші: Балалардың әнін тыңдайық

«О, Туған жер»


Қорытынды:  Жарайсыңдар, балалар!
Әрқашан еліміз тыныш, елбасшымыз аман, көк туымыз мәңгі желбірей берсін!


 

 

 

 

 

 

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Шағалалы ауылы

«Балдырған» балабақшасы

 

 

 

 

 

«Елін сүйген- Елбасы»

(Тақырыптық сабақ)

 

 

 

 

 

                                                                                  «Тәрбиеші: Нәкен М

 

 

 

 

 

2020-2021 оқу жылы

Ақбота» тобы                   

Просмотров: 221


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст