«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шағалалы ауылының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырган» села Шагалалы при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Елін сүйген – Елбасы».

24.11.2020

Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта».
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті:Тіл дамыту, көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Елін сүйген  – Елбасы».
Мақсаты: Елбасымыздың туып - өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері:

                        Армысың достарым,
                        Отаным Қазақстан,

                       Астанам Нұрсұлтан,

- Балалар, бүгінгі тақырыптық ашық оқу іс - әрекетіміз қызықты өтпек, себебі бүгін мереке, бүгін - Президент күні. Тақырыптық ашық оқу іс - әрекетімізде біз екі топқа бөлініп отырамыз.
Іздену ұйымдастырушы
- Бүгінгі тақырыптық ашық оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Елін сүйген  – Елбасы ».
Ашық оқу іс - әрекетіміздің басында Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайында деректі фильм көріп жіберейік.
1 - топ. «Гүлдер»тобы.
2 - топ. «Ағаштар» тобы.

-Ал балалар енді біз екі топ болып сұрақтарға жауап береміз.  Жауап берген балаларға түрлі-түсті магнит белгіленіп отырады. Іс-әрекет соңында кім көп жинағанын санаймыз.

 Виедо бойынша сұрақтар:

-Кім туралы видео болды?

-Нұрсұлтан Әбіш ұлы Назарбаев кім?

-Президент қай қалада тұрады?

-Қай елдің президенті?

-Сабақты бала кезінде қалай оқыған?

-Елбасының неше  баласы бар?

- Жарайсыңдар, балалар, президент туралы мағлұмат алдық. Ал енді сендердің өз қала, ауыл туралы не білесіңде?

Сұрақ:

 -Сендер қандай ауылда тұрасыңдар?

-Сендер білім алатын балабақша қалай аталады?

-Қандай топқа келесіңдер?

-Сендерге жақын қала қалай аталады?
- Балалар, сендердің Отаныңыз қалай аталады?
- Президентіңіз кім және президентіңіз туралы не білесіңдер?
 

 

 

- Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев.

Елбасы туралы тақпақтарға назар аударайық:

Бірлігі жарасқан елміз міне, бүгінде,
Артқа тартып халқым енді шегінбе.
Дағдарыстан шығып, алға бет алдық,
Мұның бәрін өз көзіңмен көрдің де.             Дімұхаммед

Даңғыл жолды салып берер, Нұр аға
Енді халқым ешқашанда құлама
Барлық жерден жиып-теріп қазақты,
Халқы үшін, жанын салған ғұлама.            

Жаңа кезең бастауына сендіңдер,
Астананың бәйтерегін көрдіңдер.
Халқымыздың саны өсіп бүгінде,
Әрбір жылды мерекелеп келдіңдер.

Мұның бәрі Нұр ағаның жемісі,
Әрқашанда алда жүрді жеңісі.
Бүкіл әлем тыныштықты тіледі,
Себебі бұл Нұр ағаның жемісі.

              Қызықты текше әдісі:

      Шарты: Балалар текшені кезекпен лақтырады қандай сан түседі  сол  суретті бір     

              бала сөзбен бір бала сөйлеммен сипаттайды.


Тәрбиеші:
- Жарайсыңдар, балалар, шаршап қалған болармыз, сергіту сәтімен бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Балалар слайдтағы балалармен бірге «Қазақ жігіттері» әніне билейміз.

-Ал енді балалар біз келесі сұрақтарға назар аударайық:

-Қазақстан Республикасының рәміздерін кім біледі?

-Тудың түсі қандай?

-Онда не бейнеленген?

-Елтаңбада нелер бейнеленген?

- Реттік сан бойынша тұрып, балалар енді  ән ұранды орындайық.

Ал балалар енді біз қанша магнит жинағанымызды санайық.

Алған әсерлерімізді алма ағашы арқылы балалар бағалайық.

Қорытынды:
Егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт - Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі –

еліміздің тұңғыш президенті - Н. Ә. Назарбаевтың арқасында!
Бүгінгі президент күніне арналған тақырыптық ашық оқу іс - әрекетімізді аяқтаймыз.

Просмотров: 309


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст