Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Шағалалы ауылы
«Балдарған» балабақшасы
Ертеңгілік
«Армысың, алтын күз»
Тәрбиешілер: Сәрсенбай Г Ә
Рахадал Н
2020-21 оқу жылы қазан
«Балауса» тобы
Армысың, Алтын күз!
Мақсаты:Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру.Күз өнімдерімен таныстыру,олардың ағзаға пайдасын түсіндіру.Мерекелік көңіл – күй орнату.Балаларды ән салуға , би билеуге, түрлі іс- әрекеттерге тарту,бейімділіктерін арттыру.Шығармашылық ой- қиялдарының дамуына ықпал ету.Ата- аналар қауымымен тығыз қарым- қатынас қалыптастыру.
Барысы:
Кіріспе:
Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Армысыздар ағайын!
Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша-«Армысың, Алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Бұлттар төгіп жерге шөгіп ,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып , өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай кезде болады? (Күз)
Жүргізуші:Ал, балалар,балалар,
Енді бері қараңдар
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам.
Қонағымды ортаға шақырамын.
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін
- Бұл не ,балақайлар? (Күз)
Жүргізуші: Балалар естідіндеме, біреу есік қағып тұр.
Міне, Алтын күз ханшайымы қонаққа келді.
Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен күз ханшайымын сендермен кездескеніме қуаныштымын.
Жүргізуші:Сәлеметсіз бе,Күз ханшайымы!Төрлетініз!
- Ал, балалар енді күз мезгіліне арналған өлең шумақтарымызды тыңдайық.
Жапырақ ұшып,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде. Айзере
Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып. Нұрәлі
Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып теріп болған соң
Той жасайды халқымыз. Әдемай
Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет тамаша,
Қандай әсем күз. Хазрет
Күз келді алақай,
Жапырақтар сарғайып.
Болды суық жел,
Торлайды аспанды. Айдар
Жүргізуші: Ұшты кенет жапырақ
Ой , алақай,тамаша,
Шашу шашты жапырақ!
Алтын күзге арналған әнімізді айтайық.
Ән: «Күз тамаша»
Күз ханшайымы: Балалар сендер әнді жақсы айтады екенсіндер келіңдер «Көкөністер мен жемістер» ойының ойнайық.
Ойын: «Көкөністер мен жемістер»
Көрініп еліне
Күндері мереке
Келді ғой жеріне
Күз дейтін мереке. Иса
Жел тынымсыз гуілдеп
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал,терек
Жапырағын жұлғызып. Раяна
Күзде дала жаурайды
Көкте бұлттар аунайды
Бұтағынан үзіліп
Жапырақтар саулайды. Айтуар
Жайдары күз, жарқын күз.
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толды даламыз,
Қуанамыз бәріміз. Махаббат
Құстар қайтып ән салып
Бұлт шарлады аспанды
Қыс келді жар салып
Күзгі суық басталды. Азиз
Күз келді,күз келді.
Алақай, балақай. Сергей
Ойын: «Қай ағаштың жапырағы?»
Күз ханшайымы:Керемет! Балалар мен енді кетейін,келесі кездескенше сау болыңдар!
Жүргізуші:Құрметті қонақтар «Армысың, Алтын күз» атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып,күз берекелі,астықты болсын демекпіз. Сау болыныздар келгенше жыл айналып.