Мақсаты:Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.
Көрнекілігі: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың және Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті, мемлекеттік рәміздер, әнұранның фонограммасы, слайд .
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру ,сұрақ-жауап, әнұран, би,ойын.
Бүгінгі бағдарламамыз Ата Заң Конституция күніне арналған.
1995 жылғы тамыздың 30 - ы Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданған күні. Конституция әрбір мемлекеттің басты заңы. Осы заң арқылы сол ел азаматтарының құқығы мен міндеттері белгіленеді және олардың жүзеге асырылуы қадағаланады.
Киелі менің Елордам,
Арудай сұлу таранған.
Береке-бірлік достықтың
Тұнығынан нәр алған.
Жайнай бер,жаңа Астанам,
Ертегідей ғажап бас қалам.
Ынтымақтың тербет бесігін,
Тәуелсіз ел көшін бастаған.
(Слайд)
Туды сипаттау
Ол бірлік пен ашық аспанды,тыныштықты көрсетеді.Ортасында алтын күн орналасқан.Тыныштық пен байлықтың белгісі.Астында қалықтаған қыран құс бейнеленген.Қыран құс,бүркіт – еркіндіктің,тәуелсіздіктің,қырағылықтың,биіктеуін болашаққа самғайды.Шетінде ұлттық ою-өрнек мемлекеттік Туымыздың ерекшелігін айқындайды.
Елтаңбаны сипаттау
Өз елтаңбамыз,ата заңымыз бар.Қазақстан Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шашылған,оны адам баласының досы аңыз-әңгімелердегі киелі қос тұлпар көмкеріп тұр.Ал бес жұлдыз-барлық жер шарына құшағымыз ашықтығын,жұлдыз-жорамалды білдіреді.Төменгі жағындағы «Қазақстан»деген жазу-«Қош келдіңіз бізге!»дегенді айтып тұрғандай.Еліміздің бұл белгілері-елдікке,бірлікке,өмір мен достыққа шақырады.
Әнұранды сипаттау.
«Әнұраным,жан ұраным.Айтар әнім,сөйлер сөзім» дегенді білдіреді.Әрбір елдің Әнұраны болады.
Сұрақ-жауап.
Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,
Тікелей өсер еткен ғұмырына
Айналды Ата Заңым мызғымайтын
Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына! –дей келе балалардың тақпақтарына кезек береміз.
Наргиз:
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Ансағаным:
Неткен сұлу,
Неткен көркем.
Осы менің,
Туған өлкем.
Айна:
Елдігімнің-реңі,
Теңдігімнің тірегі.
Мүддесінен халықтың,
Ажырамас бір елі.
Кәусар:
Ай үстінде қазақ үй,
Қалықтаған жас сұңқар.
Шарықтаған таза күй,
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Тәрбиеші:
Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген
Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы!-дей келе намысты ұл-қыздарымызды ортаға шақырып бір ойын ойнатайық.
(Бәйтерек,Ту және Елтаңба құрастыру)
Хормен:
Құтты болсын береке,бүгінгі күн мерекең,
Шаңырағың шайқалмай,мықты болсын керегең!
Ойын: «Күннің сәулесі»
Конституция күні баршамызға құтты болсын! Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып «Конституция күні» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Шағалалы ауылы
«Балдырған» балабақшасы
«Ата Заң»
(Тақырыптық сабақ )
«Гүлдер,Ақбота,Балауса» топтары
2019-2020 оқу жылы