Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Шағалалы ауылы
"Балдырған" балабақшасы
2019-2020 оқу жылындағы жазғы сауықтыру жұмысының
сараптамасы
Тәрбиешілер: Хапас Ж
Сәрсенбай Г Ә
Нәкен М
"Балауса,Ақбота,Гүлдер" тобы
2019-2020 оқу жылы
Жазғы уақытындағы сауықтыру жұмыстарының сараптамасы. 2019 - 2020 оқу жылы
2019-2020 оқу жылының жазғы сауықтыру уақытында әртүрлі жұмыыстар жүргізілді.
Алға қойылған мақсат:
Мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулықтарын шынықтыру, шығармашылық қабілеттерін және есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Бұдан туындайтын негізгі міндеттер:
1. Балалардың денсаулықтарын шынықтыру мақсатында әр түрлі іс- шаралар өткізу және өткізілетін іс- шараларға белсене қатысуға жетелеу.
2. Балалардың шығармашылық, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
3. Балалардың ойын барысындағы бір-біріне деген қарым-қатынасын арттыру.
4. Балаларды шығармашылыққа баулу.
Жазғы стауықтыру жұмыстарының түрлері:
Ертеңгіліктер - 1- маусым Балалар күніне- арналған "Бақытты- балалық шақ" мерекелік іс- шара өткізілді. Балалар асфальтқа –өздеріне жақын, ұнайтын суреттерін салып орындады. Қимылды ойындар ойнатылып, тәрбиешілер әр түрлі жануарлардың - мысық, сиқыршы, қарақшы, қуыршақтар,сайқымазақ, сотқар бала, жалмауыз кемпір, қасқыр т.б. кейіпкерлердің киімін киіп қызықты ойындар ұйымдастырылды. Балалардың көңілі өте тамаша болып түрлі ойындарға жақсы қатысты. Ата - аналар балалар мерекесіне қатысып, әр түрлі шаралар және балаларға арналған сыйлықтар ұйымдастырылды. Ата аналар ризашылықтарын білдіріп тілектерін айтып алғыстарын білдірді.
Тақырыптық сабақтар
5- маусым "Мемлекеттік рәміздер". Қазақстан республикасынның Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Отан сүйгіштікке, адамгершілікке,Отанына, халқына адал қызмет етуге , елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын аса қастерлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.
28- тамыз "Ата заң" мерекесіне арналған мерекелік іс-шара. Конституция күніне арналған мерекелік тақырыптық сабақ өткізіп, балаларға Қазақстан мемлекеті туралы, президентіміз туралы мағлұматтар берілді. Еліміздің тұңғыш ел басы туралы түсініктер берілді және суретті көрнекілік арқылы әңгімелер жүргізілді. Балалармен ойындар ойналып көңілдерін көтеру үшін көңілді музыкаға билер биледік.
Экология апталығы "Біз табиғаттың жас қорғаушыларымыз "
15- маусым күні балабақша ауласына саяхат жасалды.
16- маусым балалармен бірге ескерткіш алаңына саяхат жасалды.
17- маусым балалармен бірге балабақша алаңына шығып табиғат аясында жүріп серуендер болды.
18- маусым балалардың салған суреттерінен көрме ұйымдастырылды.
19- маусым балалармен бірге бақшада өсімдіктер отырғызып, балалар өздерінің қуаныштарын білдірді.
Салауатты өмір салты апталығы- "Дені саудың- жаны сау"
22- маусым аулада "Ақ серек, көк серек" ойынын ұйымдастырып, балалар ойынға жақсы қатыса білді.
23- маусым "Секір - шапалақта" ойынын балаларға түсіндіріп, ойын ойналды.
24- маусым балабақша ауласында балалармен бірге жүгірудің түрлерімен жарыстар ұйымдастырылды.
Күтілетін нәтиже:
Жазғы сауықтыру кезеңінде балалардың денсаулықтарын таза ауада көбірек ойнату арқылы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырып балаларды денсаулыққа баулып, түрлі жұмыстар жүргізілді. Балаларға тәртіпті, сыпайы, сәлемдесу және қоштасу, досын есімімен атау, дағдылары үйретілді.
Үлкендермен сөйлесе білу, өз құрдастарымен дұрыс қарым қатынаста болу, осындай қарым- қатынас кезінде ғана "Мен" бейнесі қалыптасады.Бала үлкендермен, құрдастармен жақсы араласып, олар тарапынан қолдау тауып отырған жағдайда ғана жүргізілетін тәрбие жұмысы нәтижелі болады. Егер мұндай қарым-қатынас дұрыс жүргізілмей, баланың үлкендермен де , балалармен де жеткілікті дәрежеде қарым-қатынас жасауына жағдай жасалмаса ашуланшақ,өз-өзіне сенімсіз, тұйық болды.
Ертеңгіліктерге белсенеді қатысып, спорттық ойындарды қызыға ойнады.
Ұлттық ойындарды сүйсіне ойнап, бір- бірімен тату бола білді.
Балалар жас шамасына қарай үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды,құстарға көмек жасауды, табиғатты сүйе білуді, ұйымдастырылған іс-әрекеттерге жақсы қатысуды біледі.
Ойындар әр жастағы балалардың тұлғалық, интеллектуалдық жалпы психологиялық дамуында ерекше орын алатын жетекші іс -әрекет болып табылады. Ойлау арқылы логикалық тапсырмаларды орындай алады.
Табиғат аясында саяхат жасаған оларға өте ұнады , дене шынықтыру нұсқаушысының ойнатқан ойындарын қызыға ойнай білді.
Ұсыныс:
- Балабақша ауласында жазғы сауықтыру шараларын өткізу үшін шағын бассейін болса деген ұсыныс бар.