«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шағалалы ауылының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырган» села Шагалалы при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ

18.05.2020

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Табиғат құбылыстары»

Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшеліктері жайлы түсінік беру. Қысқы табиғат құбылыстарын байқауға, есту арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Татулыққа, достыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, естірту.

Қолданылған көрнекіліктер: суреттер, су бояу, қылқалам, терезе.

 

Барысы: Шаттық шеңбері:

Ашық менің жүрегім,

Ылғи күліп жүремін.

Бірге ойнап, бір жүрер

Достарым көп, білемін.

 

Тосын жағдай: (музыка ойналады) Топқа Мұз ханшайымы кіреді.

Мұз ханшайымы:

-Сәлеметсіңдер ме балалар. Мені танадыңдар ма?

Балалар:

-Сәлеметсізбе. Сіз мұз ханшайымысыз.

Тәрбиеші:

Мұз ханшайымы сіз біздің балаларды тағы да қатырып тастауға келдіңізбе?

Мұз ханшайымы:

-Жо-жоқ. Жаңа жылдық кеште сендерге жасаған әдепсіз қылығым үшін мен тағы да кешірім сұраймын. Маған осы ақылды балалар қатты ұнап қалды. Мен қыс мезгілі аяқталмай тағы бір рет жүздескім келді.

Тәрбиеші:

-Жарайды онда. Балалар Мұз ханшайымы бізді сағынып келіпті. Ендеше ханшайымға құрмет көрсетіп қарсы алайық.

Мұз ханшайымы біздің балалар сіздің әлеміңіз туралы көп біледі. 

Мұз ханшайымы:

Балалар мен сендерді тыңдап отырайын. Сендер маған не үйренгендеріңді көрсетіңдер.

Тәрбиеші:

-Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?

-Сендер қыс мезгілі екенін қайдан білесіңдер?

-Табиғат құбылыстарын қайталайықшы: (қар, суық, боран, аяз, қырау, жел).

Балалар енді осы құбылыстардың дыбыстарын естиікші.

 

-Балалар қыс мезгілінде біз қалай киінуіміз керек?

(суретпен жұмыс)

-Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнауға болады? (аққала жасау, қар лақтырып ойнау, шанамен сырғанау, шаңғы тебу, конькимен сырғанау).

 

 

 

 

Сергіту сәті:

Шынығамыз бәріміз,

Иіліп, бүгіліп денеміз.

Хоккейді де ойнаймыз

Шаңғыны да тебеміз.

Әрлі-берлі жол салып,

Қар лақтырып ойнаймыз.

Қорықпаймыз аяздан,

Спортшы болмай қоймаймыз.

 

Тапсырма: Балалар терезеден қарағанда жауып тұрған қарды біз анық көреміз. Ендеше терезелерге қар ұлпаларын салып көрейік. Балалардың қолдарына қылқалам беріп, алдарындағы бояулармен сызықтар сызу арқылы қар ұлпаларын салғызу.

 

Ойын: «Кім жылдам»

Ойынның шарты: Балалар шеңбер бойлап тұрады. Қолдарында жолақша. Әуен арқылы қимыл-қозғалыс жасап, билеп тұрады. Әуен тоқтатылғанда балалар жерге қар ұлпаларын жасайды. Кім соңында қалады, екі баладан ойыннан шығып отырады. Ойын осылай жалғасады.

 

Қорытынды:

-Сұрақ-жауап.

Қар қаншайымы:

-Балалар сендер өте белсенді балалар екенсіңдер. Мен сендермен бір күнімді өткізгеніме қуаныштымын. Келесі қыс мезгілінде мен сендерге міндетті түрде келемін. Мен құр келген жоқпын, өзіммен бірге сыйлығымды ала келдім.

Ал енді сау болыңдар.

 

-Балалар Қар ханшайымымен қоштасады. Балаларды мақтап, мадақтау.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 352


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст