«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шағалалы ауылының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырган» села Шагалалы при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ана біздің күніміз, Ананың біз гүліміз»

04.03.2024

Тақырыбы: «Ана  біздің күніміз,

                                                     Ананың біз гүліміз»
Мақсаты: мерекелік көңіл-күйін құру, ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру,
өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Кейіпкерлер:

Балалар  залға  қол  ұстасып,  жұптасып  кіреді
Тәрбиеші: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресіңАру - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Ана біздің күніміз, Ананың біз гүліміз» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Балалар  кіреді
Барлық балалар хормен: «Ана деп ән салам»
Тәрбиеші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық

--Балалар, әлемдегі ең жақсы, ең мейірімді, ең жүрегі жұмсақ кім екен?

Балалар:

-Аяулы анамыз

-Балалар, айтыңдаршы

-бізді жақсы көретін,

-бар жақсыны беретін

-баласы үшін әрдайм

-мейірімін төгетін 

-ол кім?

Балалар:

-анашым

Ой, балалар, тыңдаңдаршы, бізге қонақ келе жатқан сияқты. Қызық!

Бұл кім екен?

Әуенмен залға көктем аруы келеді.

Көктем ару: сәлеметсіңдерме балалар, сәлеметсіңдерме қонақтар. –Балалар бүгін бәрің әдемі киініп алыпсыңдар ғой. Мен жалғыз келген жоқпын. Өзіммен бірге қуыршақ досымды ертіп келдім.

Тәрбиеші: қош келіпсің көктем аруы. Өзіңмен бірге қуыршақ досыңды ертіп келгенің қандай жақсы болды. Ендеше біздің қыздарымыздың «Қуыршақ» биін тамашалаңыздар.

Би: «Қуыршақ» қыздар биі

Тәрбиеші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Балалардың тақпақтары.

Шашымды өріп тараған

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам    Аруна

 

Ақ мамамды әрқашан

Сағынамын сыйлаймын

Мейрам сайын мен оған

Түрлі сыйлық сыйлаймын      Ильзара

 

Бөбегімнің сыйлығын

Қабыл алшы анашым

Ұзақ өмір жүзжасап

Ауырмашы анашым   Ибраhим

 

 

 

Анам кетсе жұмысқа

Анашымды сағынам

Құлағына сыбырлап

Анама арнап ән салам                Айсезім

 

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төот бөліп

Түнде бесік таянған   

Аялы қолды анажан

    Зере

 

Құрт пен майын жинаған

Балаларға сыйлаған

Бұл әжемнің өмірі-

Таусылмайтын жыр маған

 

                                                      Нұрсезім

 

Әжем менің айбат

Ешкім оған жетпейді

Құлпыра өсіп демалам

Құшағына қысылмай

 

                                           Рабина

 

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әженіде ардақтап

Әдеппен бас иеміз

 

                                    Айсана

 

Ана деген не деген

Ақ тілеулі жан еді

Алғысын алып оның мен

Өсе бергім келеді.

 

                                         Альфия

 

Болсын дейді балалар

Бақытты өмір береке

Әжелер мен аналар

Құтты болсын мереке. 

 

                                        Жансу 

 

Келді көктем күнін

Күлімдейді гүлін

Алтын ойлы анам

Мерекеңіз бүгін                  Адель

Тақпақтан кейін орындарына отырады.

 

Ойын: «Кім шапшаң»  (ата- аналармен)

Шарты:шарды жерге түсірмей киімді киіп үлгіру керек.

Тәрбиеші:

«Бар жақсылық, күллі әлемге тараған

Арулардың ақ нұрынан жаралған»

Құтты болсын мерекеміз бүгінгі,

Ардақты  аруларға арналған.,

 

Тәрбиеші:

Би: «Ана мен бала»

ортаға бүлдіршіндер анасымен шығып билейді.

 

Тәрбиеші:

Ойын:  «Өз балаңды таны»

 Дәулет Гүлханның «Ана» әні (ата-ананың орындауында)

Қорытынды:

 

 

 

Тәрбиеші:

Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!
Жүргізіші:Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақта жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған – анамыз!
Жүргізіші:Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Бүгін гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей Ардақты аналар мерекелерініз құтты болсын! Сау болыңыздар!
 

 

 

 

 

 

Просмотров: 863


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст