«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» - деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата - анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезін, жүріс – тұрысын , сөйлеген сөзін,істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Балабақша– баланың жүйелі түрде білім – тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Балабақшаның балаға беретін тәлім – тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы , сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, тәрбиешіге байланысты.
Тәрбиеші – киелі мамандық. Ол ертеңгі болашақты , болашақтың иесін – ұлтын тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу , оған дұрыс жол сілтеу, баланы қоршаған ортаға икемдеу, адами құндылықтарды бойына дарыту – ол оңай шаруа емес.
Тәрбиеші – суретші, әртіс, әдебиетші,ақын, ақылшы, дос жіне бала жанын бағамдар психолог.
Осындай қызығы мен қиындығын қатар жүретін тәрбиеші болып 13 жыл жұмыс жасап келе жатқан «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі: Какей Гүльбаршин.
Какей Г А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің түлегі, еңбек еткен 13 жылда жетістіктерге жетіп, балабақша ішілік, аудандық сайыстарға қатысып балабақшаның абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз педагог.
Аудандық «Үздік педагог -2009 » І-орын алып, сол жылы облыстағы «Үздік педагог-2009» сайысында ІІІ-орын иеленген. 2016 жылы Аудандық педагогикалық оқуларға қатысып, ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.
Аудандық «Үздік педагог - 2019» сайысының бас жүлде иегері.Облыстық «Үздік педагог – 2019» байқауының қатысушысы. Педагогтың негізгі мақсаты: тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілетін, өзіндік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштікпен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін жас бүлдіршінге арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсап келе жатқан Гулбаршин Какейқызының еңбегі ерекше. Гулбаршын балабақшадағы қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым арасында да белсенді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, әрдайым жас мамандарға көмектесіп отырады. Гульбаршин адамгершілік,сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қояды . Ұжыммен тез тіл табыса біледі, ибалы, кішіпейіл, қарапайым педагог.Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, төрт баланың анасы, аяулы жар. Какей Гульбаршын заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті педагог екеніне сеніміміз мол.
«Балдырған» балабақшасының әдіскері: Иват Б.