Тәрбиешілерге арналған психологиялық семинар-тренинг жоспары:
Тақырыбы: «Ұрпақ тәрбиесі-ел болашағы».
Мақсаты: Заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру, тың идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдыққа бейімдеу.Тәрбиешілердің эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру, кәсіби шеберліктерін арттыру, топтасып жұмыс жасауды дамыту.
Қатысушылар: тәрбиешілер.
Жұмыс түрі: топтық жұмыс.
Тәсілі: тәжірибелік жаттығулар, жағдаяттар тапсырмалары, сұрақ-жауаптар.
Көрнекілігі: ноутбук, интерактивті тақта, магнит тақтасы, сұрақ карточкалары.
Алтын ереже:
Семинар эпиграфы:
«.....Білімдіден не пайда, білгенін көпке айтпаса
Үйреткеннен не пайда, қайырымы қайтпаса»
атты семинар-тренингке қош келдіңіздер! Бүгінгі таңда ΧΧΙ ғасыр талабына сай, жаңашыл, мейірімді, кәсіби шебер маман болуымыз қажет. Бүгінгі семинар-тренинг кәсіби шеберліктеріңіздің артуына, топпен жұмыс жасауды дамытуға ықпалын тигізеді деп сенемін.
(Кірерде 2 түрлі жалаушалар таратылады. Өз жалаушаларына сәйкес жалауша қойылған стөлге жайғасады.
Мен алақанымды соғамын, сіздер бір-біріңіздің қолдарыңызды қысасыздар. Мен қоңырау соғамын, мұрындарыңызбен амандасыздар.
«Сен кімсің» ойыны.
Мақсаты: өзі туралы, өз орны, құқығы мен міндеттері туралы ойын дамыту.
Барысы: қатысушылардың арқасына үлкен қалың қағаз шаншып қояды. Әрбіреуі бір-бірлерінің жауырындарына түйреленіп қойған қағаздағы сұраққа жауап жазу керек. Содан кейін жалпыланған мінездеме топта талқыланады.
Бұл кезеңде топта гештальтерапия мен психодрамалар техникасы, сонымен бірге нейролингвистикалық жүйелеу мен дене терапиясы белсенді қолданылады.
Талдау: Тапсырма ұнады ма? Өзіңіз туралы пікіріңіз өзгерді ме? Қандай әсер алдыңыздар?
«Сыйлық» ойыны.
Мақсаты: рефлексия процессін күшейту, ұжымда жағымды психологиялық ахуал орнату, топ мүшелерінің бір-бірін түсінісуге, ұжымда тұлғааралық қарым-қатынастың маңызды сапаларын ашу.
Барысы: ойынға қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Қазір сіздер бір-біріңізге, яғни өзіңіздің сол жағыңызда отырған көршіңізге сыйлық сыйлайсыз. Көршіңізге қандай сыйлык жасайсыз, сыйлықты үнсіз (вербалды емес) ым-ишара арқылы көрсетіп бересіздер. Сіздің көршіңіз нендей сыйлық сыйлап жатқаныңызды түсінетіндей болуы керек. Барлығы сыйлықтарын алып болғанша ештеңе айтылмайды. Барлығы үнсіз жасалады.
Талқылау: