Жарқыра, жайна жаңа жыл!»
Мақсаты: Балалардың мерекеге деген көңіл күйлерін ояту. Шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілген, балалардың , Аяз атаның, Ақшақардың киімдеріне назар аударту. Көңілді ойындар және достық қарым – қатынасын ояту. Бірлескен ойындар ойнату арқылы қызығушылықтарын дамыту, мерекелік көңіл күй орнату. Балаларды әсем, әдемі көңіл күй жарқын болуға тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Ақбота», «Айгөлек» тобында! (балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
(Музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді).
Жүргізуші:
Құрметті жамағат!
Жүрекке жылылық ұялатар алғашқы,
Жаңа жылдық құттықтау сөзді арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Шапатова Сандуғаш Елубайқызына береміз.
Сиқыршы:
Жаңа жыл келді,
Азаймасын ән мен жыр.
Ел көңілін көтерсін,
Құтты болсын жаңа жыл!
Құттықтаймыз сіздерді!
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар,
Басталады, Жаңа Жылдық
Маска да бар, би де бар, асығыңдар
Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қалыпыз. Бірақ,... шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.
Ән: «Жаңа жыл»
Жүргізуші: Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.
Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді!
Құтты болсын қуаныш,
Құттықтаймыз сіздерді.
Әдемай
Жылдың әнің бастайын,
Аяз ата келіп қалды .
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Жан –Әли
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той–маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Айнара
Ақшақар, Ақшақар
Аппақ болып қонасын.
Тоса қалсам қолымды
Алақаныма қонасын.
Ақжігіт
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға.
Махаббат
Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз ата келгенде
Билейміз, ән саламыз.
Алан
Все вокруг сияет,
Все вокруг блестит.
Новый год шагает,
В гости к нам спешит.
Даниил
Көрдің бе Аяз атаны
Аппақ екен сақалы
Аппақ екен мұртыда
Аппақ екен шапаны.
Айдар
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса
Жаңа жылда ертегі
Келе ме біздің бақшаға.
Айзере
Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жап –жалтыр боп жатады.
Раяна
Жүргізуші:
- Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет
Аю: Сәлеметсіңдерме балалар, Жаңа жылдарың құтты болсын!
Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу, тасыр - тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.
Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?
Балалар. Аю.
Жүргізуші: - Иә, «Маша мен аю» мультфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес...
Балалар: иә.
(осы кезде Маша келеді. Шыршаға таңырқап)
Маша:
– Керемет....(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады. Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)
Аю:
- Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп бара жатады).
Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!
(Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)
Жүргізуші:
Ал енді балалар Аяз ата мен Ақшақарсыз жаңа жыл мерекесін елестету мүмкін емес. Ендеше, орнымыздан тұрайық, бетімізді бұрайық, шапалақты аямай ұрайық та Аяз ата мен Ақшақарды дауыстап шақырайық.
Балалар: «Аяз ата Ақшақар»( 3 рет)
Аяз ата
Құтты болсын, балалар
Келген жаңа жылдарың,
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарың
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларымен мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Ақшақар
Сәлеметсіңдерме балалар. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы,
Жалт – жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнім, жырым, тақпақпын.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
Ән: «Айгөлек» тобының «Келді бізге жаңа жыл!»
Жүргізуші:
Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Ақшақарды ортаға алып
Би билейік бәріміз.
Бүлдіршіндердің биін тамашалаңыздар : «Гномик »биі,«Айгөлек» тобы .!
Аяз ата:
Бәрекелді бөбектерім
Көңілді сендермен
Бірақ сәл шаршадым,
Демалып, тақпақтарыңды тыңдайын.
Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.
Нұрым
Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Азиз
Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға
Сырым
Тамаша.тамаша!
Шыршамызтұржараса.
Басындаәсемжұлдызы
Көзтоймайдықараса.
Ернұр
АязАтакелгенде
Билейміз, әнсаламыз.
Хазрет
Оралдым өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау , қарлы шың
Аяннұр
Ата- әже, әке - ана,
Құтты болсын Жаңа жыл.
Алишер
Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер
Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.
Айта берсек таусылмас
Жаңа жылда жаңа жыр
Кел оданда, халайық
Ойын ойнайық жаңа бір.
Ойын: «Байпақ»
Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғына киеді де, әуенмен билеп, шыршаны айналып, ортаға бірінші жету қажет.
(ата - аналармен).
Жүргізуші: Келесі кезекте «Ақбота» тобының «Аяз аталар» биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші: Әкелсің жыл ырыс –құт,
Әлемде болсын тыныштық.
Ән салайық жаңаша,
Жаңа жылмен жаңаша.
Келесі кезекті «Айгөлек» тобының «Шырша» әнін берсек.
Ойын: ( Балалармен )
Мандаринмен эстафета
Шарты:Балаларды екі топқа бөлінеді. Залдың соңына ішінде мандариндер бар екі табақ қойылады. Әр қатысушының міндеті – табаққа дейін жетіп, ас қасыққа мандарин салып, оны белгіленген жерге дейін алып келу. Алып келген соң қасықты келесі қатысушыға береді. Мандариндердің барлығын қай топ бірінші болып алып келсе, сол топ жеңеді.
Жүргізуші:
Ескі жылға ризамыз
Өсе түсті бойымыз
Қалдық талай сырға біз
Шарықтады ойымыз дей келе ортаға қошеметпен Ескі Жылды шақырамыз.
(Музыка әуенімен Ескі жыл келеді)
Ескі жыл: Сәлеметсіздер ме,балалар! Жаңа жылдарың құтты болсын! Жаңа жылда жаңа бақыт, денсаулық тілеймін. Өнерлі екенсіңдер, бір жыл сендермен бірге болдым. Мен сендерге Жаңа жылды ала келдім
Жүргізуші:
Көңілде көп қуаныш
Әр-көңілде жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық
Кел, «Жаңа жыл! Жаңа Жыл!» деп ортаға жаңа «Тышқан » жылын шақырамыз!
Жаңа жыл:
Балалар,мен сендерге ұнаймын ба? Ендеше мен сендермен бір жыл бірге боламын.
Жаңа жылмен құттықтаймын сіздерді.
Жаңа жылдарың құтты болсын ағайын!
Жүргізуші: Балалар бізге ескі жыл Жаңа жылды алып келді, ендеше барлығымыз бірге шыршаны айналып ән шырқайық.
Әні : «Шырша», « Аяз ата, Ақшақар» әні
Аяз ата:
Жарайсыңдар балаларым, барлықтарың өнерлі екенсіңдер. Аталарыңды бір қуантыңдар. Ақшақар қызым маған көмектес, балаларға сыйлықтарын берейік.
(Балаларға сыйлықтарды таратады)
Ал, балалар біз қайтайық. Бізді басқа балаларда күтіп отыр.
Жаңа жыл құтты болсын,
Жаңа жыл мол табыс әкелсін.
Денсаулықтарын мықты болсын,
Сау болыңдар, балалар!
Енді біз жолға шығайық.
Жүргізуші:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Болсын солай,әрбір күнің әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын, балалар!
Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын!
Құрметті қоңақтар, балалар «Жарқыра жайна жаңа жыл!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Біздің осындай өнерлі, сүйкімді, ақылды тәп –тәтті бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Келесі кездескенше сау болыңыздар!