Тәуелсіздік- деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік концерт
Сахнаға жүргізушелер шығады
1Жүргізуші:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер.
Мерейің 25-жылдық құтты болсын.
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
2-жүргізуші: Десек те жасаған әр жыл қандай бақ, Жастықтың гүлін уақыт жұлған аяп? Әрине тарих үшін 25 жыл түгіл, Жүз жыл да – көзіңді ашып-жұмғандай-ақ.
1-жүргізуші: Бабадан қалып жеткен көрегендік, Еркіндік жастығында өлең өрдік. Арқалап аманатын келіп жеткен, 25 жыл! Құтты болсын егемендік!
2-жүргізуші: Иә, тарих толқынында толқып отырып, телегей теңіздей тасып жеткен мәртебесі биік тәуелсіздікке 25 жыл толды.
Құрметті аса қадірменді қауым! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 25 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Балалар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп ертеңгілігімізді бастаймыз.
1-жүргізуші: Балалар,тәуелсіздік деген сөз ол бостандық,еркіндік деген мағынаны білдіреді.Әр мемлекеттің өз рәміздері болады.Басқа тәуелсіз мемлекеттер сияқты біздің де өз рәміздеріміз бар.
-Сендер қандай Республикамыздың рәміздерін білесіңдер?(ту,елтаңба,әнұран)
-Дұрыс айтасыңдар .Олай болса Қазақстан Республикамыздың көк туы шығарылсын.
Песня көк тудың желбірегені
(Көк ту) шығарылады.
1 Жүрг: Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. Енді ағайын, көгінде қалықтасын, Қазағымның қастерлі - Әнұраны!
ӘНҰРАН орындалады.
1 Жүрг: Қазақстан Республикасының туы шығарылсын
2-жүргізуші: Дүр сілкінді желтоқсанда қоңыр аймақ,
Өйтпесе тілім қайтіп қанат жаймақ?
Ұран жазып ,қып-қызыл ту көтеріп,
Жастар шықты алаңға «Елімайлап».
Алаңға шығып , ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңы еріді кеңестің,
Содан кейін еркіндікті бастадым.
Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. Олай болса өткен тарихымызға көз салып Бейнетаспаға назар аударайық.
Слайд «Желтоқсан желі»
Үнсіздік
1-жүргізуші: Сол Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгенінің арқасында дүние жүзіне танымал ел болдық. Желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.
2 Жүргізуші: Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін, Серпін таста мұңды жүрек түндігін Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық
1-жүргізуші:
Бейбiт тандап арайланып атады Туған жердi аймалайды шырағы Байтақ елiм – ұлы Қазақстаным Ең бақытты балалардың Отаны -деп кезектi, балаларга берейiк
Тақпақтар.
Тәуелсіздік елмұраты,
Жас ұрпақтың болашағы
Ұялатып берік сенім,
Бағымызға жол ашады.
Тәуелсіздік мақтанашым,
Бізге бақыт сыйлаған
Бейбіт күнде мен тынышпын,
Әрбір таңым нұр маған
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын
Желтоқсанда шықты алаңға жастарын
Әрұрпақтың құрбандары жетерлік
Дербестікке кім сұрамақ басқа құн?
2-жүргізуші: Балалар сендер білсіңдер ме, Басқа Республикада тұратын көрші достарымыз біздің еліміздің 25 жылдық тәуелсіздігімен құттықтау үшін скайппен хабарласып жатыр. Олай болса экранға назар аударайық,қанеки көрейікші қай елден досымыз хабарласып тұр екен.
Россия скайп
1Жүргізуші: Жыр арнадым еліме тебірене Үміт артам елімнің ертеңіне Тәуелсіздің алғалы 25жыл толғалы тұр Отаным жылдан жылға көркеюде Тілеймін әр адамға, бақыт қонсын Елімде бейбіт заман тыныш болсын – балалардың орындауында «16 желтоқсан» әнін қабыл алыңыздар Ән: Хоровой өлең «16 желтоқсан»
2Жүргізуші: Балалар,бізге тағы да достарымыз хабарласып тұрған сияқты,қай елден екен?назар аударайықшы.
Қытай скайппен.
2Жүргізуші:
Киелі байрақта аруақ , бақ:
Иеді басын ел ардақтап.
Көк туды қастерлеп, сүйіпте,
Көтеріп ұстаймыз биікте.
Өлең сольный «Ту»
Тақпақтар.
Өзіңде бар Елбасы
Туыңда бар, әрине
Елтаңбаң бір ертегі
Әнұраның тәрбие.
Енді қанат жаялық
Қыран құстай самғайық.
Туымызбен тұғырлы
Бірге желек қағайық.
Егеменді ел болдық
Ел намысын сақтайық.
Қазақстан байлығын
Бөтен елге сатпайық!
1-жүргізуші: Бізге тағы да достарымыз хабарласып жатыр қай жақтан екен.
Ұлыбритания скайп
1Жүргізуші:Әншілер мен бишілер Өнер сүйіп қауымға Таң қалдырар талантты Өнерлі балаларымыз тағы бар «ұлдарымыздың» биін қабыл алыңыздар!
Ұлдар биі
Тақпақтар
Салт – дәстүрін қазақтың
Жаңғыртайық, жасайық!
Үлгі етіпұл - қыздарға
Үлкен үміт артайық.
Тілді сыйлап, шұбарлатпай
Қастерлейік халайық!
Қазақ тілін дамытуға
Күшімізді салайық!
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
Отан үшін олар шығып алаңға
Қарсы ағып өзендей тасқындаған.
Болмасам да солкезде мен сеземін
Жүректе намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.
Ойын «Шаңырақ »
2Жүргізуші: Достарымыз тағы да хабарласуда
Индия скайп
2Жүргізуші: Тал шыбықтай бұралған Қазағымның қыздары-ай Сүйсіндірген биімен
Өнерлі ғой қыздар –ай -деп «Қыздарымыздың» биін тамашалыңыздар!
Би Қазақ биі (қыздар)
Тақпақтар.
Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң Ұлы Отан.
Елім менің тірегім,
Құшағында гүл Отан.
Қуат алған өзіңнен
Туған жердің ұлымын
Бақытты етіп өсірген,
Отанымның гүлімін
25 жылміне, толып отыр,
Егеменді еліме.
Өрт салмасын бөтен елдер
Атамекен жеріме.
Аңсап күткен бұл тойымыз
Құтты болсын бәріңізге
Ұзақғұмыр, бірлік, табыс
Тілеймін жас - кәріңізге.
1-жүргізуші: Тағы да хабарласып жатыр,қай жақтан екен.
Мексика скайп
1-жүргізуші: Барлық елдің бөбегі
Бір-бірімен туысқан.
Бәрімізге төгеді,
Өз шуағын күміс таң.
2-жүргізуші: Ашық болсын десек елдің аспаны
Мөлдір судай тұнық болсын жастары
Сәбилерге үлгілі өнер көрсеткен
Балабақша тәрбиенің бастауы
Сольный өлең «Біз бақытты баламыз»
1 Жүрг: Қазақ елі кең пейілді халық қой.Біз көпұлтты егемен елміз.Қазір елімізде 120-дан аса ұлт өкілдері тұрады. Тілімізге,
дінімізге бөлінбей тату-тәтті бір аспанның астында, бір мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.
Түсімізге, нәсілімізге қарай да бөлінбейміз.
Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтасын сақтығыңды сағың сынбай,
Көрсеңде көресіңді азаппенен.
Бір ата, бір ананың түлегіміз
«Бірлік» деп бірге соқсын жүрегіміз.
Ән Подари улыбку миру
2 - жүргізуші: Ту тігілді халқымның бүгін бағына Жас өрендер желбіретіп нық ұста Ғасырларға жалғастырып елдікті Дақ түсірме ата баба рухына Үлгі бізге аталардың ерлігі Ұлағаты өнегесі еңбегі Тәуелсіздік туын ұстап жоғары Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік концертіміз өз мәресіне де келіп жетті.
1 - жүргізуші: Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, Туған күнің құтты болсын, алыбым! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!