«Қазақстан – Республикам менің»
Мақсаты:Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.
Мерекеге сай безендірілген залға балалар қолдарында ту ұстап кіреді.
«Алға қазақстан» аттыән ырғағына байланысты қимылдарын орындайды.
Жүргізуші:
Елімінің атын айтса – Қазақстан,
Жерімнің атын айтсам – Қазақстан.
Қойнауы қызынаға толған мекен,
Байлығым атын айтсам – Қазақстан!
Құрметті әріптестер, қымбатты балалар! Сіздерді «Республика күнімен құттықтаймыз!»Осы мерекеге орай өткізілетін «Қазақстан – Республикам менің» атты мерекелік ертеңгілігімізді ҚР Гимнімен бастайық
Жүргізуші:
Жанарған берекелі еліміз бар,
Даласы гүлге толы жеріміз бар.
Кең өлкем, байлығы, ынтымақты,
Шалқыған айдын шалқар көліміз бар.
Бұл қай ел балалар?
Балалар: Қазақстан.
Жүргізуші: Балалар мемлекеттік рәміздерді атаңдаршы?
Балалар: Ту, Елтаңба, Гимн.
Жүргізуші: Дұрыс, балалар. Қазақстан туы көгілдір түсті, ол ашық аспанды, тыныштықты білдіреді. Тудың ортасында алтын күн; баршаға ортақ нұр сәулесін төгіп тұр. Қалықтап ұшқан құс; ерліктің белгісі.
Ал енді балалардың орындауында:
Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар, енді мерекеге арналған өлең жолдарын тыңдайық:
(музыка әуенімен Желаяқпен Көлтауысар бір есіктен кіріп, екінші есіктен шығып жүгіріп жүреді)
Көлтаусар: тоқта, тоқта Желаяқ, мен шаршадым. Өзің желденде жүйрік екенсің.
Желаяқ: (тоқтай қалып), Міне қызық сендер кімсіңдер? Біз қайда тап болдық.
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, сендер «Балбөбек» балабақшасына тап болдыңдар. Өздерің кім боласыңдар?
Көлтауысар: мен Көлтуысармын
Желаяқ: ал мен желаяқпын,балабақша..... ол жерде не істейсіңдер.
Жүргізуші:бізде бүгін мереке. Балалар, айтыңдаршы біз бүгін қандай мерекені тойлап жатырмыз?
Балалар: Қазақстан Республика күнін.
Көлтаусар: ал мерекеде не істейсіңдер?
Жүргізуші: біз ән айтамыз, би билейміз, әртүрлі ойындар ойнаймыз. Төрлетіңіздер мерекені тамашалаңыздар.
Жүргізуші: балалар, Көлтауысар мен Желаяққа өзіміздің өнерімізді, ептілігімізді алғырлығымызды көрсетуге дайынсыңдар ма?
Балалар: Ия
Жүргізуші: ендеше менің сұрақтарыма жауап беріңдер.
1.Қазақстан Республикасының президенті кім? (Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев)
2.Қазақстан Республикасының астанасықай қала? (Астана)
3.Біз қандай елде тұрамыз? (Тәуелсіз мемлекетте тұрамыз)
Көлтаусар:Жарайсыңдар, неткен ақылды балалар.
Көлтаусар: Жарайсыңдар, билерің тамаша екен.
Көлтаусар: жарайсыңдар, ойынды да жақсы ойнадыңдар, мен де бір ойын ойнатқым келіп тұр.
Көлтаусар: Керемет! Балалары да, ата – аналары да мықты екен.
Жүргізуші: ия, көріп тұрғаныңдай, бізде бәрі мықты. Мерекемізді ары қарай жалғастырайық.
Желаяқ: Жарайсыңдар, мен де бір ойын ойнатқым келіп тұр.
Желаяқ: бәрің шапшаң, желаяқ десе желаяқ екенсіңдер.
Көлтауысар, Желаяқ: біздің қайтатын уақытымыз келді.Бүгінгі мереке құтты болсын, бізге көтеріңкі көңіл – күй сыйлағандарыңа көп рақмет! Сау болыңдар. Ал Көлтаусар мені қуып жет.
Көлтауысар: тоқта, тоқта желаяқ. Рақмет. Сау болыңдар.
(Көлтаусар мен желаяқ музыка әуенімен шығып кетеді)
Жүргізуші: Осымен біздің Республика күніне арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Отанымыз, жеріміз тыныш болсын келесі кездескенше, аман сау болыңыздар!