Тақырыбы: «Алтын күз,әсем айналам,Еліне береке сыйлаған»
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар! Мінеки өлкемізге алуан түсті жапырақтарымен айналаны сары алтынға бөлеп күз де келді. Күздің келуін бәріміз асыға күттік. Ал күз бізге мол өнімін сыйға тартуда. Ендеше, алтын күзімізге арналған мерекемізді бастаймыз.
Өнер десе жайнаймыз,
Сандуғаштай сайраймыз.
Алтын күзге арнаған
Әнімізді шырқаймыз.
Ән «Күз келді»
Жүргізуші:Балалар, күзде болатын өзгерістерді тақпақпен айтып беріңдерші.
Қуандырып біздерді,кел жемісті алтын күз.
Өлкемізге күз келді, кемелденсін халқымыз. Таңшолпан
Жеміс мол теретін, күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін, жомарт екен күз деген.
Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң
Той жасайды халқымыз, Айым
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз.
Қыстың жақын қалғанын, жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады, жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап, сайға барып бекінді, Жұмабике
Анасынан ажырап, қалған бала секілді.
Жатыр дала жалтылдап, жаз шуағы мол құйды,
Күн астында алтын дән, тербеледі толқиды
Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін Баян
Біздің дала бай дала, астық толы айнала.
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көпегін.
Бұл күндері киіпті, Аружан
Сары жібек көйлегін.
Ағаштардан жамырап,
Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күнбірте суытып, Адия
Жауын көп жауады.
Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді.
Ай жапырақ-сары алтын Нуржан
Айналаның бәрі алтын.
Ой, балалар,балалар,
Қоңырқай күз болыпты,
Құлап жапырақтар солыпты. Айғаным
Ел егінін орыпты,
Ой,балалар,балалар.
Ойнайық та күлейік,
Мәз боп бірге жүрейік
Жүргізуші:Мінеки, күз келіп, күн суытып, аспан бұлттана бастады.
Қыс – құнар береді,
Көктем – дән себеді,
Жаз – бастап, өсірсе
Күз – жинап береді.
Би «Бұлттар мен күн»
Жүргізуші: Сау-сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді.
Қоңыр тартып атырып
Көкке құстар тізілді.-дей келе кезекті (ата-аналармен ойын)
Ойын «Дүкенші»
Жүргізуші: Берекелі, мерекелі,
Келді жомарт алтын күз,
Қалада да, далада да,
Жанның бәрі жарқын күз дей келе келесі кезекте Аманжол Фаризаның орындауында «Алтын күз » әніне берейік
Жүргізуші: Бүгін мейрам, бүгін той,
Қуанышты күн біліп қой!
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой! –дей келе келеси тақпаққа беремиз
.Сарғайды тоғай, сап-сары манай
Соңғы әнің айтып, құс кетті қайтып
Жапырақ ұшты, суық та түсті Асем
Сонда да бізге,қызық көп күзде.
Күн суытып келеді, жапырақтар түседі.
Астық-жеміс жиылды,қамбамызға құйылды. Нұрсезім
Ардақты күз –мың алғыс, алдық өнім сыйыңды.
Көк майсалы көрікті
Алқаптағы көп егін
Бұл күндері келіпті Аружан
Сары жібек көйлегін.
Күзім,күзім,күзім
Пісті алма,жүзім
Тұрғанда бәрін күз беріп Мансұр
Кел алайық біз теріп.
Соққанда кейде дауылы
Береке күздің жауыны Әбілмансұр
Сол жауыннан өсіпті
Бақшаның қарбыз-қауыны.
Тамсандырып таңдайды
Жеміс-жидек піседі
Жапырақтар сарғайып Диас
Жер бетіне түседі.
Қазан болды молшылық
Дәулет қорын қалады
Заңғар көкке жол сызып Фариза
Құстар қайтып барады.
Алтын,сары,қызыл көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп Дарын
Жерге түсті жапырақ
Дала сары киінді
Самал соқты салқындау
Қырмандарға үйілді Ерасыл
Алтын астық,алтын тау.
Қамба толы астыққа
Алғыс саған алтын күз
Бір уыс дән шаштық та Каусар
Қап-қап бидай алдық біз
Құстар қайтты ән салып
Бұлт шарлады аспанды
Қыс келеді жар салып Лашын
Күзгі суық басталды.
Жүргізуші: Келші, келші алтын күз,
Келші, келші жарқын күз.
Мерекені жалғастырып,
Ойнап күлші Алтын күз! дей келе кезекті биге береміз
Би «Күн сәулесі»
Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер,
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би-билейік ойнайық
Ойын «Өрмекшінің торы»
Жүргізуші: Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзім елжіреп,
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.
Би «Жемістер биі»
Жүргізуші: Ал балалар тұрмайық,
Қол соғайық тұрмайық.
Күзгі бақта бүгінгі,
Шырқап әнге салайық.
Ән «Қолшатыр»
Жүргізуші: Осымен шағын мерекеміз аякталды, сау болыңыздар.