«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шағалалы ауылының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырган» села Шагалалы при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ұстаз-Ұлы есім» ертеңгілік

17.10.2019

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Шағалалы ауылы

«Балдырған» балабақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  «Ұстаз-Ұлы есім»

 

Өткізген: Сабанова Г.Ж

Музыка жетекшісі: Нургазина А.Е

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2019-2020 оқу жылы

Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, қонақтар!

Бүгінгі «Ұстаз-Ұлы Есім» тақырыбында өткізгелі отырған салтанатты кешіне қош келдініздер!

 

Ұстаз деген-жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген- анасы ол адамның,

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,                                     

Сен де одан адам болып жаралдың.

Қайырлы күн құрметті ұстаздар!

Бүгінгі күн бәрімізге ерекше күн. Бүгін балалық балдаурен шағымыздың қызықты өтуіне  саналы да, білімді азамат болуларына аянбай енбек етіп келе жатқан –ұлағатты ұстаздар мерекесі.

Мерекелерініз құтты болсың ұстаздар!

Білім көшің жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерінізбен құттықтау үшін  балабақша менгерушісі  Сандуғаш Елубаевнаға беріледі.

Жүргізуші:

Білім іздеп инемен құдық қазғандай,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді!

Би билеп, ән де бүгің шырқалар- деп ұстаздарға арналған мерекені бастаймыз.

Ортаға «Гүлдер» тобы Оркестр

 Ұстаз-қандай қасиеті сөз. Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым, болса оның бірі-Ұстаз

Жүргізуші:Олай болса құрметті әріптестер балалардың сіздерге арнаған тақпақтарына кезек берейік.

Наргиз: Ұстазым менің тамаша

                Көз тоймайды қараса

                Балабақшам сондай керемет

                Апайларым жараса

 Сырым:Жек көрмейді бір пенде

                Тәрбиеші апайды.

                Бала түгіл,үлкен де.

                Оны апай деп атайды.

 Жансейіл: Мұғалім біздің анамыз

                     Анамызды сыйлаймыз

                     Айтқан ақыл, білімін

                     Ықылас пен тыңдаймыз.

Жүргізуші:Рахмет балалар!

Ән салындар, күліндер,

Жайнап гүлдей жұріндер

Ұстаздарды құттықтап!

Әсем әнге бөліндер-деп ортаға        «Балауса» тобын ортаға шақырамыз.

Ән:«Тәрбиеші» әні

Жүргізуші:Білдіріп шәкіртердің ақ ниетің,

                     Ұстаздың алып жүрген атың еркін

                     Біз сізге өлеңнең өріп ұсынамыз

                     Жүректің алғысы мен рахметің.

Ортаға Иса, Махаббат, Айнара, Жан әли ды шықырамыз.

                     Сағыныш сазы толқытқан ,

                     Арнамақ сөздің мәйегін.

                     Шәкіртерін оқытқан,

                     Келіп тұр жолдап сәлемін.

Тақпақ «Ұстаз» оқитың Аяннұр

                     Құтты  болсын  мерекең  ұстаздарым!

                     Орындалсын ойлаған ізгі арманың

                     Ұстаз болғым келеді болашақта

                     Ойткені өз әкемнен ұлгі алғанмың.

Жүргізуші: Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтің

                     Тентектерді ақылменен емдейтің.

                      Болсадағы малға кедей өмірде

                      Бар байлығым шақіртерім сендер!

Ортаға «Ақбота» тобының балаларын «Балабақша» әні мен қарсы алайық. Жүргізуші: Жүздерінен көрем шаттық арай

                      Мерекеңіз құтты болсын ұстаздар!

                      Мерекеніз құтты болсың апайлар!

Осы мерекены пайдаланып біздің балабақша  ұстаздар апайларымызбен  ойын ойнап көрейік. Олай болса ортаға балабақшамыздің  жас  мамандарың шақырамыз.

Ойын шарты: Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Сіздер шарды жарып сұрақтарға  жауап беру керек.

  1. Домбырада-жетеу,сырнайда-алтау, қобызда-бесеу.Бұл не?(әріп)
  2. Жел соққанда тау ық болама? (ық болады)
  3. Теңізде қандай тас болмайды? (құрғақ)
  4. Ертістің ортасында не бар? (т әріпі)
  5. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады Бұл не? (тұз)

«Қарлығаш» тобы «Ұстазым менің ұстазым» әні

Жүргізуші:Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та  тауыса алмаспыз.Ендеше қымбатты ұстаздар, балаларымыздың өздерінізге арналған өлен шумақтарына кезек береейік.

Ортаға «Қарлығаш» тобын шақырамыз.

Тақпак айтады.\

Нұрсезім: Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға

                   Сіздермен тола берсін ортамызда.

                   Бүгінгі ел басқарған азаматтар,

                    Білім алған сіздердің арқаңызда.

Айым: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

              Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

             Ұстаз деген- ұлылардың ұлысы,

              Қасиетіне бас иейік мәнгілік !

 Баян:  Ұстазынды түсінген сен тереңнен

              Бар әлемге енбегімен еленген.

              Сенің бағын өрге қарай өрлесе,

              Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Дарын : Келешекке алтын бақ ,

                Қосар таудай үлесін.

               Жасай берсін жарқылдап,

               Ұстаз атты ұлы есім.

Адия: Ұстаз –болу жүректің батырлығы

           Ұстаз- болу сезімнің ақындығы

           Ұстаз- болу мінездің күн шуағы

           Азбайтұғын адамның алтындығы.

Фариза: Естіп кейде қаламын

                Тәрбиеші апайды

                 Қамқоршысы баланың

                 Деп ауылда атайды.

Нұржан: Ұлы өмірге жетелеп ,

                 Ашқан білім есігін

                 Құрметтейік мәпелеп

                 Ұстаздардың есімін.

Арайлым: Ұстаз ана болы ол

                  Әрқашан да біздерге

                   Бар балаға берді ол

                   Қуаныш пен өнеге.

Айғаным: Қызық қызық ертегілер

                    Біздерге оқып береді

                    Жылауық та тентек те.

                    Сол апайға көнеді.

Таншолпан: Ең аяулы есім ғой –ұстаз деген

                       Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.

                       Ұстазды жеткізгенше мұратына

                       Білім іздеп лапылдап жана берем.       

Жүргізуші:

Жақсы жандар жанымызда әрқашан

Ұлағатты сөзін биік ұстаған

Ардақты ұстаз асыл анам секілді

Тәрбиеленйді балапандай жасыңнан.

Би Аружан, Айғаным қыздарымыздың өнерін тамашалайық.

Жүргізуші: 

Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп  ен жайлаған  ұл менең қыз

Тәтті кұй асқақ ән мен әсем биді

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз .

Жүргізуші: Сырым мен Азиз дін  апайларына арнаған тақпақтарына сөз берейік.

Сырым: Ұстаз бізді білім  беріп өсірген

                Қатемізді әрқашанда кешірген

                «Өнер жолын-қиын жол» деп әрдайым

                Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген.

Азиз:  Аяулы менің ұстазым,

            Талабынды әркез ұштадың

             Адалдықты үйретіп,

            Адалдық жолды нұсқадық.    

Жүргізуші:Бүгінгі күн шуақтары гүлге толсын

                    Дендеріңнің саулығы мықты болсын

                    Білімімен суарған шәкірттерін

«Радуга» және  «Қарлығаш »  тобының  флешмобың тамашалайық.

 Көп рахмет.

 Төл мерекелеріныз ұстаздар құтты болсын -дей отыра балалардың орындауында  «Ұстазым менің ұстазым» әнің қабыл алыныздар.

Жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған

                     Өнегеңнең барлық шакірт нәр алған

                     Шапағатты шуақ сепк ен ұстаздар,

                     Өздеріңнең бастау алар бар арман.

  Құрметті ұстаздар,қонақтар! Бүгінгі ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз-Ұлы Есім» атты ертеңгілігімізді жабық деп жариялаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға  көп рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Домбырада –жетеу, сырнайда –алтау, қоызда-бесеу. Бұл не?

 

 

Жел сөққанда , тау ық болама?

 

Тенізде қандай тас болмайды?

 

Ертістің ортасында не бар?

 

 

Өзі судан шығады,  бірақ судан қорқады?

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1394


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст