Жарқын елдің шамшырағы –жас маман
“Сен де бір кірпіш дүниеге , Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен осы жарқын еліміздің, жарқын да, білікті маманы болуға, алға сенімен қабам басып келеміз. Елбасының «Болашақ бағдар: Рухани жаңғыру» атты стратегиялық маңызға ие жолдауы арқылы кеше ғана елбасымыз биылғы жылды «Жастар жылы» деп айқара нақты бағыттары мен міндеттерін айшықты ашып берді.Соның ішінде «Жас мамандарға» ерекше көңіл бөлінді.Жас мамандар еліміздің жарқын болашағы.Сондықтан біз сияқты жас мамандар үшін биылғы жыл жемісті жыл болғай тұр. Мен жас маман ретінде өзіме берілген міндеттермен мүнкіндітерді жете пайдаланам. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі.
Мен тәрбиеші мамандығындағы жас маманмын.Бұл мамандық мен үшін жәй мамандық немесе жәй жұмыс емес. Бұл менің жүрек қалауыммен таңдаған мамандығым.Себебі кез келген елдің болашағы ол балалар.Тарихымызға,ата баба салтына көз жүгіртетін болсақ қазақ әрқашан бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Бес жасына дейін ханыңдай сыйлап,он жасқа дейін құлындай қарап, он жасынан кейін досыңдай сырлас болған.Осы арқылы баланың ел болашағына жол көрсеткен.Сондықтан елміздің болашағы осы балабақшадағы тәрбиеден басталады.Негізгі олардың өмірге деген бағытын көрсетіп алғашқы білім көзін ашып, ұядан ұшыратын тәрбиешілер.Заманауи дамыған кезеңде бала тәрбиелеу өз заманауи талаптарына сай білім беру үлкен жауапкершілікті талап етеді.Тәрбие беретін әрбір бала мен үшін дара тұлға,еліміздің болашағын қалайтын кірпіштері. Қазіргі жаңғыру заманындағы балалар ерекше.Олармен ана,сырлас,дос,психолог болу керек. Сондықтан мен әрдайым ізденісте жүрем. Әр баланың ойлау жүйесі мен қабылдауы, талабы әр түрлі болғандықтан.Баланың осы талабы мен қабілетіне қарай тәрбие берем.Тәрбиеші мамандығы шыдамдылық пен адалдықты талап ететін мамандық болғандықтан.Сен жаңадан өмір баспаладағын ашқай тұрған баланың ақ парағын кірлетпеуің керек.Оған осы ақ парақта ақ жолда адал жүру бағытын ашып беретін біз. Қаншама ата-ана саған өмірінің мәнінің бір бөлшегін саған үлкен сеніммен аманатқып тастап кеткендіктен.Оның өмірі, денсаулығы біздің қолымызда.Заманға сай қазіргі балалар ата-анасының жанынан гөрі уақытының көп бөлігін балабақшада өткізеді.Қазақта сөз бар ғой «аманатқа қиянат жасама» деген, сондықтан маған аманатқа қалдырып кеткен жауапкершілікке қалай бей жәй қарамақпын.
Иә,осы сәтте тәрбиешілерге деген сенім, абырой төмендеп бара жатыр. Бір құмалақ бір қарын майды шірітет дегендей,бір адамның қателігі басқа адамдарға зиянын тигізуде.Сонымен қатар қоғамда болып жатқан оқиғалар болашақта қайталанбайды деген ойдамын.Ол үшін мен сияқты жас мамандар өзінен бастап ізденісте жүру керек.Ол рухы жағынан да білімі жағынанда мықты болу керек.Кез келеген уақытта бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу оның басты міндеті.
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біз сияқты жас мамандарға деген мүмкіндіктер есігі ашылды.Сол мүмкіндіктерді қапысыз қолдану өз қолымызда. Сонымен қатар бізге деген жауапкершілікте арытты.Елбасымздың «Рухани жаңғыру» бағытында жас маманның бойындағы асыл қасиеттер адалдық пен шыншылдық деп басып айтты.Біз өзімізге арытқан жауапкершілікке тура қарап,әрекет етуіміз керек.Бала тәрбиесінде мен әрдайым қазақи тәрбиеге басымдылық берем.Терең тарихтан жарқын болашаққа деген ұстанымды ұстаймын.Кез келген ұлт болашағы ол өз тарихынан басталады.Жас маман ретінде басқа мамандар ерекшелігім осы деп олаймын.Біздің тарих тұнып тұрған тәрбие.Бұл бағытта жүрсем мен тәрбиелеген балалар еліміздің дара тұлғалары болатынына сенімім кәміл. Тәуелсіз еліміздің тірегі білімді ұрпақ екенін ескерсек әр бір ғимараттымыздың кірпіші біздің тәрбиеленушілеріміздің қолында екенің ұмытпайық.