Астана қаласы
№62 «Нұрсәуле» балабақшасы МКҚК
Ұйымдастырылған оқу қызметі
Тақырыбы:«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»
Мектепалды даярлық «Бәйшешек» тобы
Тәрбиеші:Өрхөнбай Е.
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып,
тіл туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Балалардың өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,
қазақ тілінде таза сөйлеуге, сөздің мағынасын түсініп тапсырманы дұрыс орындауға, сөздік қорына дамыту.
Тәрбиелік: Ана тілін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, сауат ашу, көркем әдебиет,музыка, қоршаған орта.
Әдіс-тәсілдер: аралас, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекі -құралдар: Мақал –мәтелдер, сөзжұмбақ, көріністін заттары.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ән: Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Ұйымдастыру кезеңі:
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Тәрбиеші:-Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.
-Балалар,бұл қай мемлекет?
-Қазақстан Республикасы
-Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?
-Астана қаласы
-Қазақстан Республикасының елбасы кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл?
-Қазақ тілі
- Қазақстан Республикасының рәміздері ?
-Ту ,Елтаңба, Әнұран.
Тәрбиеші:- «Тіл – атадан қалған асыл мұра.» демекші, тіл туралы кім тақпақтар біледі?
Шұғыла :
Орыс тілін түсінемін,білемін,
Шеттілінде жаттап, оқып жүремін.
Ата–бабам қастерлеген жанындай ,
Ана тілім – менің нағыз жүрегім.
Арайлым:
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі -өз тілім.
Туған тілім-далам тілі -өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Тәрбиеші:- келесі сөз жұмбақты шешіп көрейік.
Сөз жұмбақ
|
к |
ү |
н |
|
|
ө |
р |
і |
к |
|
|
к |
і |
т |
а |
п |
|
а |
т |
а |
|
||
|
е |
ш |
к |
і |
|
м |
а |
м |
ы |
р |
1. Жарық пен жылу көзі
2. Ең тітті жеміс
3.......білім бұлағы
4.Әкемнің әкесі
5. Төрт түлік малдың бірі
6.Көктемнің соңғы айы
Тыныштық сәті:
Балалар еркін отырайық. Көзімізді жұмып, бәріміз терең демалып, таңның атуын елестетейікші.
Тіршіліктің оянуын,
Табиғаттың сұлу, әдемі, көркемдігін сезінейікші.
Шығыс жақ сарғайып енді таң да атып келеді.
Атып келе жатқан таң , шіркін қандай тамаша!Қандай керемет,әдемі, сұлу десеңші! Біз бәріміз таңның атуын күтіп , ойланып отырамыз. Жаңа ғана шыққан жасыл шөпте, жылы жел де жұп-жұмсақ жапырақтар да бізді айналады , жақсы көреді . Күннің жаңа ұядан шыққан сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп , тербей оятады. Гүлдердің бәрі де ұйқыдан оянды.
Шуақ шаша алтын таң да, мөлдір таза ауада да оянды. Әлемнің бәріне жарық жайлады. Құстар да оянды. Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.
Табиғат та оянған, оян сен де!
Терең дем ал, көздеріңді ашыңдар.
Тәрбиеші:- Балалар тіл ұстарту жаттығуларын жасайық.
Та-та-та
Ақсақалды ата.
Же-же-же
Ақжаулықты әже.
На-на-на
Ең бақытты ана.
Ке-ке-ке
Асқар тау әке.
Тәрбиеші:- Балалар тілге байланыты мен қазір мақалдың жартысын айтамын, ал сендер жалғастыруларын керек.
Мақал -мәтелдер
Тәрбиеші:- Балалардың тілге байланысты көрінісіне кезек берейік.
Көрініс: «Қазақ елі»
Абылайхан, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек билер топқа кіріп кіреді.
Абылайхан: - Уәзір билерді шақыр.
Уәзір:- Құп болады, тақсыр!
Билер ортаға келеді.
Әйтеке би:-Иә, хан ием қандай бұйымтайыңыз бар.
Абылайхан:-Сендерге айтарым:
-Дүниеде не тәтті?
-Дүниеде не ащы?
-Дүниеде не жылдам?
Төле би:- Дүниеде тіл тәтті. Адамды рухани байлыққа кеңелтіп, қуанышқа, бақытқа бөлейтін тіл. Тіл көңілдің кілті.
Әйтеке би:-Дүниеде тіл ащы. Адамды күйдіртетін тіл.Тіл сүйектен өтеді.
Қазыбек би:-Дүниеде тіл жылдам.Адам ойламай сөйлеуден опық жейді.
Абылайхан:-Дұрыс айтасыңдар. Тіл түпсіз теңіз екен-ау.
Тәрбиеші:- Қазақ тілім–өз тілім,ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл–қызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым дара тілім.
Қорытындылау:
«Сөз ойла – тез ойла» сұрақтар:
-Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметінде не туралы айттық ?
-Қазақ тілі, ана тілі.
-Көріністе не жайлы айтылды ?
-Тіл жайында.
-Дүниеде не тәтті?
-Дүниеде не ащы?
-Дүниеде не жылдам?
-Оқу қызметінде қандай тапсырма орындаған ұнады?
-Тіл ұстарту жаттығулары, көрініс қою т.б.
-Тіл туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
-Тіл қылыштан өткір.
-Піл көтермегенді,тіл көтереді. т.б.
Тәрбиеші:- Бүгінгі тіл апталығымыздың « Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте!» атты ашық оқу қызметі аяқталды. « Ана тілін қадірлеу әр азаматтың, перзенттің парызы, анамыздың ақсүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмытпай ұрпақтан-ұрпаққа жеткізейік!».
«Ана тілі» әнімен аяқтаймыз.