Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Шағалалы ауылы
«Балдырған» балабақшасы
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Дәрумендер»
Тәрбиеші: Какей Г «Ақбота» тобы
2018-2019 оқу жылы, ақпан
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Дәрумендер»
Мақсаты: Балаларға дәрумендер азық-түліктерде болатынын түсіндіру, тағамдардың пайдасы туралы білімдерін толықтыру, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:
а) сұрақ-жауап
ә) тақпақ
б)жұмбақ
в) ойын: т.б.
Көрнекілік: теледидар, суреттер, дәрумен т.б.
Пән аралық байланыс:
а)Көркем әдебиет
ә) Қ.М.Ұ.Қ.
б) Қоршаған ортамен тану
Ұйымдастырылған оқу қызметі
Шаттық шеңбері:
Отбасының гүліміз.
Көңілді өтер күніміз.
«Қайырлы таң» деп айтамыз.
Бір болып, кеште қайтамыз.
Сұрақ-жауап:
-Балалар , бойларың ұзын, денең сымбатты, денің сау болу үшін не істеу керек?
-Балалар жауабы.
-Иа балалар дұрыс айтасыңдар енді мына видеоға назар аударайық.
Дәрумендермен таныстыру. Қандай тағамдарда дәрумендер барын айтып түсіндіру.
Тақпақ: Өсіреді бойды
Дәрумен ол «А»
Жесең сәбіз өрікте.
Қауын менен қарбызда Айзере
Ірімшік, бауыр, сүзбеде
Дәрумен бар «Д» деген
Жесең оны үнемі
Нығайтады ағзаны. Айару
Апилсин, алма, алмұртта
Дәрумен бар «С» деген
Жесең тәтті
Денсаулығың болады оданда жақсы. Кенесары
Тосын жағдай:
-Сол сәтте есіктен тоңып орманнан қашып қоян кіреді. Балалар аң-таң болып
қалады. Қоян ортаға келіп қимылдай алмай құлап қалады.
Тәрбиеші; Балалар мына қоян тоңып қапты қане үрлейікші. Үрлеген соң қоян
орнынан тұрады.
Қоян: Балалар мен орманнан қашып келдім, орман жануарларының денсаулығы жақсарсын деп дәрумендер апарып едім, қасқыр кезігіп, дәруменді емес мен сені жеймін деді, сосон қашып келдім. Тоңып қалдым, сендерге рахмет , -деп көзілдірігін шешеді. Сонда оның балабақша медбикесі екенін балалар таниды.
Медбике: Балалар мына менің қолымдағы сендердің апайларың айтып жатқан дәрумендер. Денсаулыққа өте пайдалы (дәруменді балаларға беру).
Жұмбақ
Аппақ сұйық қалса ұйып,
Шөлің қанады, ішсең құйып (айран)
Ұрмай-соқпай жылатады.
Әркім бірақ ұнатады. (пияз)
Сергіту сәті:
Бәрі мынау дәрумен,
Жесең бойға қонады,
Жерге түссе егерде ,
Жумай оны болмайды.
Ойын: «Орналастыр»
Мақсаты: Балаларға дәрумендердің атауын меңгерту және ұжымдық жұмысқа
баулу балаларды.
Барысы: Балалар тақтаға А, Д, С белгілері қойылады, ал балалар айналасына
дәрумендер бар тағамдардың суреттерін жапсырады.
Қорытынды:
Сұрақ-жауап:
Тақпақ: Қол ұстасып тұрайық.
Шеңберді біз құрайық.
Көрінгенше күн жақсы
Сау бол айтып тұрайық.