«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шағалалы ауылының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырган» села Шагалалы при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тренинг «Біз - біргеміз, берік іргеміз»

10.03.2022

Тренинг «Біз - біргеміз, берік іргеміз»

(Педагогтармен тренинг)

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                          

 

 

 

 

 

 

 

Педагог-психолог З.К.Смагулова

 

 

 

 

2022 ж.


Мақсаты: ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоционалды жігер беру, бірін - бірі кеңірек танып білуге, қатысушылардың өз мүмкіндіктерін шамалауға және күз мезгіліндегі шаршағандықтарын төмендетіп, көңіл күйлерін көтеру.
 


1 - жаттығу Қатысушылар шеңбер құрып отырады
Нұсқаулық: Барлығымыз орынымыздан тұрып бір бірімізбен қол беру арқылы, құшақтасып, оң иықпен, сол иықпен, оң аяқпен, сол аяқпен, оң тіземен, сол тіземен, балалық еркелікті еске алып мұрын ұшымен сәлемдесеміз.

Шағын викторина «Ең білгір…»

Ойланбай  жауап бер

  1. Біздің арамызда кім ең жас?
  2. Бір аптада неше күн балабақшаға барасыңдар ?
  3. Ұжымда кімнің шашы ең ұзын?
  4. Ұжымда кімнің бойы ең ұзын?
  5. Бүгін  кімнің туған күні?
  6. Сандуғаш Елубаевнаның жақсы көретін гүлін атаңдар?
  7. Арамызда кім ең үлкен?
  8. Төбеде қанша лампа бар?
  9. Полиция және жедел жәрдемнің номер телефонын атаңдар?
  10. Біздің медбикенің мекенжайы қандай?
  11. Ағаштан 23 кг  алма жинадым, 9 кг саттым, 8 кг кептірдім, 5 кг варенье пісірдім, 7 кг балама бердім.  Қанша кг алмұрт қалды ?
  12. Есенгүлдің көзінің түсі қандай ?
  13. Ұжымда нешеуміз?
  14. Бас аспазшының толық аты жөні қалай?
  15. Мен неше жастамын?
  16. Құрмет бұрышында 7 фото кімдікі?
  17. 1-қабатта  қанша есік бар?
  18. Зұлхуаттың мәшинасының нөмері қандай?
  19. Нуржан ағаның туған күні қашан?
  20. Бүгін бізде не аптасы басталды?


2. «Фигураны құрастыр» жаттығуы

Жүргізілу барысы: Қатысушылар екі топқа бөлінеді. көзін жұмып, психологтың нұсқауымен айтылған фигураларды құрастырып шығуы керек. Мысалы: төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер, ромб 
3 - жаттығу Қатысушыларды екі қатар сапқа тұрғызу керек.
Нұсқаулық. Барлық тапсырманы біз үнсіз жасаймыз, мүмкіндігінше әр тапсырманы жылдам және дұрыс жасауға ұмтылу керек.
Бірінші тапсырма бой өлшемі бойынша сапқа тұру керек.
Екінші тапсырма Саптың басында 1 - қаңтар, соңында желтоқсан
Туған күндері бойынша орналасу.
Үшінші тапсырма: Саптың басына көзі қою қара адам тұруы керек, ал саптың соңында шашы ең ашық түсті адам тұруы керек.
Қарсы топ мүшелеріне тексерту керек.


4- жаттығу Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
«Кім жылдам» жаттығуы»
Нұсқау:
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Ауа, су, жер» деген сөзді айта отырып, допты бір - біріне лақтырады. Допты қағып алған адам «ауа» деген сөзді естіген адам құстардың, «су» деген сөзді естіген кезде балықтардың, «жер» дегенде аңдардың аттарын айтуы тиіс. Ойын шапшаң ойналуы тиіс.

Жаттығуларды талқылау: Жаттығу қорытындысы мен рефлексия жасауда мынадай сұрақтарды қарастыру тиімді.
Жаттығудың қай кезеңдері қиындық тудырды?
Неліктен?
Қатысушылар қазір өздерін қалай сезініп отыр?
Ойынды жылдам ойнау қиын болды ма?

Жаттығудың қай кездерінде қандай сезімдер пайда болды?
Қатысушыларға әрбір жағдайға байланысты ұсынылған жағдайға байланысты рөлдерге таңырқаған кездер болды ма?
Қорытынды: Ұстаздарға жаттығу аяқталғаннан кейін рахмет айтып, алған әсерлерімен бөлісу керек.
Шеңбер құрып қол ұстасып отырып, бір – біріне қарап жақсы тілектер тілейді. Өзіміздің жақсы ниетімізді басқаға білдіргенде, оның сөзсіз өзімізге қайтып оралатынын түсінуіміз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 925


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст