«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шағалалы ауылының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырган» села Шагалалы при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Логопедттің жұмыс жоспары

26.01.2022

20-сабақ

«Үлкендер әлемі»

Мақсаты:Үлкендердің жұмысы жайлы ұғымды кенейту. Еңбекке деген сүйіспеншілікті арттыру.Елестету мен бейнелеуді дамыту .Ұзақ есте сақтауды жетілдіру.

Көрнекіліктер:әр түрлі мамандық иелерінің суреттері (19-саб.қара):еңбек құрал-жабдыктары,

1)кастрюля,пышақ,ожау;

2)ара, балта:

3)дәрі-дәрмек:

4)кітап,қалам,дәптер.

5)ине-жіп,қайшы

6)қылқалам,бояулар;

7)автомашина;қарындаш,қағаз.

Сабақ барысы

І. ,,Насос” тыныс жаттығуы.

1.Қолымызды төмен түсіреміз.

2. Мұрын арқылы терең тыныс ала отырып, қолымызды бүгіп иық деңгейіне дейін көтереміз.

3. Демімізді ұстап тұрамыз. Жұдырығымыз жұмылу, шынтағымызды бүгеміз.

4. УУУУ-дыбысын баяу дауыстай отырып, қолымызды денемізді төмен қарай сырғытамыз.

II. «Жұбынды таңда» ойыны.

Ойын құрылымы:

1.Алдыңғы сабақтан мамандық иелері бейнеленген суреттерді еске түсіру. Осы суреттер тағы бір мәрте көрсетіледі де, содан кейін теріс ауларылып қойылады.

2.Балалар теріс қаратылған суреттерді табады./Әр бала өзі тапқан суретті табады/

3.Еңбек құрал-жабдықтары бейнеленген суреттерді қарау, олардың аттарын атап, кімге және не үшін қажет екенін айтып беру.

4.«Бір-екі-үш» деген белгіден кейін балалар жылдам өз қолдарындағы мамандық иелерінің суреттеріне сәйкес еңбек –құралдарының суреттерін табулары тиіс.

III.«Маған не қажет?» тақырыбына сурет салу.

1.Балалар өздері өскенде кім болғылары келетінін және ол жұмыста қандай құрал-жабдық қажет екенін айтып берулері шарт.

2.Олар өздері қалаған мамандық бойынша қажетті құрал-жабдықтырдың суретін салу.

IV.«Егер ол болмаса» ойыны. /елестетуді дамыту/

1.Балаларға «Жұбын таңда» ойынындағы суреттерді еске түсіру ұсынылады. Содан кейін оларға көздерін жұмып, егер өздері қалаған мамандық Жер бетінен жоғалып кетсе не болатынын елестетулері керек.

2.Балалар кезкпен егер ол болмаса, не болатындығы туралы әңгімелеп беру.

V.«Көзімізбен қисық сызықтар саламыз» жаттығуы. Алдымен солдан оңға, содан кейін аңнан-солға қарай баспен иекті қозғалтпай саламыз. Жаттығу 15-20 сек жалғасады.

Электрондық дидактикалық ойын «Тура сондай фигураны тап»

Рефлексия. Сабақтан алған әсерін айту.

 

Просмотров: 391


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст