Келісемін: Бекітемін:
Әдіскер Меңгеруші
_______Иват Б. _______ Шапатова С.Е.
Тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметі
Тақырыбы: «Елін сүйген ел басы»
(1-желтоқсан)
Педагог: Какей Г
«Қарлығаш 2» тобы
2021-2022 оқу жылы
Тақырыбы: Елін сүйген, ел басы
Мақсаты: Балаларға мереке туралы түсінік беру, елбасының қызметі мен отбасы туралы түсінік беру.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, видео, тақпақ
Барысы
Кіріспе:
Шаттық шеңбері:
Отанды біз атамекен
деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
Негізгі:
Әнұран: Хормен
-Видео роликпен таныстыру(ел басының қызметі өмірі мен отбасы туралы).
-Ия балалар біздің елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазір Астана (Нұрсұлтан) қаласында тұрады.
Біздің елбасы туралы балалардың да өз білгендерімен бөлісейік:
Хадалбек Әдемай: 1991 жылы 1-желтоқсанда алғаш рет жалпы халықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланған.
Талғат Нұрәлі: Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1желтоқсан Қазақстанда алғаш рет –Тұңғыш Президет күні мерекесі атанды.
Тақпақ:
Айзере: Елбасымыз жолдайды
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.
Ақжигит: Елбасы елді қорғайды,
Халық қамын ойлайды.
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Махаббат: Менің тұңғыш Президентім Әбішұлы Нұрсұлтан,
Еңбегімен еліне болған ол мақтан.
Бүгінгі күн бүкіл әлем таниды.
Қазақ елін, қазақ жерін Қазақстан!
Алан: Қазағымның туын тіккен- Елбасы,
Ұл қызынан үміт күткен - Елбасы
Қазақ елін аялаған - Елбасы
Елбасы туралы тест сұрақтары:
металлург
құрылысшы
көлік жүргізуші
2.Мектепте елбасы қандай оқушы болды?
тәртіпсіз
ұқыпты
үздік
«Білімді болайық»
-Балалар елбасы оқыған мектебі Үшқоңыр деп аталады.
-Елбасының туған жері Алматы қаласы, Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген.
-Елбасының ойнаған музикалық аспабы: мандалин, баян, домбыра.
-Елбасының айналысқан спорт түрлері: теннис, гольф, шаңғы.
«Астанаға саяхат»
-Біз балалар қандей елде тұрамыз?
-Елбасы Қазақстанның қай қаласында тұрады?
-Нұрсұлтан қаласында қандай әсем ғимараттар бар?
-Рәміздерді кім айтады?
-Елбасының қызмет атқаратын жерін қалай атаймыз?
-Біздің қазіргі елімізді басқарып отырған президентіміз кім?
«Қандай әріптен басталады?» ойын
Барысы: Астанадағы әсем ғимараттардың суретін атап қандай әріптен басталатынын және кеспе әріптерден тауып тақтаға ілу (Нұрсұлтан, мешіт, бәйтерек, ханшатыр, қыс)
Сергіту сәті:
Тауға шықсаң қалың қар,
Сайға түссең, қалың қар,
Шырша үсті қалың қар,
Байқаңдар қар астырда,
Ұйықтап жатқан аю бар.
Қорытынды: Шар байланған жіпті ұстап шеңбер бойында тұрып мерекелік тілік айту.
Бағалау: Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнаса мына күннің көзінің айналасына күн шуақтарын жапсырасыңдар егер ұнамаса онда бұлтты алып жапсырамыз.