«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шағалалы ауылының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырган» села Шагалалы при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тілдер күніне арналған тақырыптық сабақ «Ана тілі - тірлігімнің айғағы!»

13.09.2021

 

 

 

 

                           

 

 

                  Тақырыптық сабақ

 

 Тақырыбы: «Ана тілі - тірлігімнің айғағы!»
(тіл апталығы, мектепалды даярлық тобы)

 

 

 

 

 

Тәрбиеші: Какей Г

 

 

 

 

 

 

 

 

2021-2022 оқу жыл

 

Тақырыбы: «Ана тілі - тірлігімнің айғағы!»
Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Қ.Р мемлекеттік рәміздері, шарлар, жалаушалар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Балалар шеңберге тұрып, педагогпен бірге бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді.

Шаттық шеңбері: Отбасының гүліміз,

                              Көңілді өтер күніміз

                              «Қайырлы таң!» деп айтамыз

                              Бір болып, кеште қайтамыз.

Т: Балалар қазір жылдың қай мезгілі.
Б: Қазір жылдың күз мезгілі.
Т: Күз айларын атаңдаршы?
Б: Күз айлары қыркүйек, қазан, қараша.
Т: Біздің ана тіліміз қандай тіл?

Б: Қазақ.
Ана тілі-адам болып жаралғаннан бері адамның жан дүниесінің айнасы, мәңгі құрметтейтін бәйтерегі.  Ана тілімізде еркін сөйлеп үйренуіміз керек.  Ана тілі өте бай тіл балалар. Ана тілінде біз сөйлейміз, ән айтамыз, тақпақ, ертегі, жұмбақ, мақал-мәтел айтып үйренеміз.

Ән ұран: Хормен
Т: Тіл туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Жанжігіт Кәусар: Ана тілім- елдігім,

                              Ана тілім –ерлігім

                             Тілді биік құрметтеп,

                             Тойлап жатыр ел бүгін.

КөпжанКәусар: Тілім барда мақтанам

                           Тілім менің аппақ ән.

                            Бірлігімді бүгінгі,

                           Ана тілім сақтаған.

Келман Махаббат: Ақыл- ойын дананың,

                              Ана тілден аламын.

                              Ана тілім ардақты,

                             Ақ сүтіндей ананың.

Хадалбек Әдемай: Ана тілім-тірегім,

                             Ана тілім-жүрегім

                             Қасиетті елімнің,

                             Тек өзің деп білемін.

Нұрболат Алан: Сүйесің өз тіліңді,

                               Боласың білімді.

                             Өз тілің үйретер,

                             Өнерді ғылымды,

                            Ардақта тіліңді.

Балтабай Нұрәлі:  Жанымнан қымбат,

                             Ана тілім маған.

                             Ана сөзің тыңдап,

                              Үлгі өнеге алам.

Копжан Ерасыл: Ана тілің білмесең,

                            Қадірлісің кімге сен?

                             Ана тілі арқылы

                            Тарихыммен тілдесем.

 

 

Т:Жарайсыңдар балалар тіл туралы көптеген тақпақтар  біледі екенсіңдер.

-Енді балалар туға сипаттама жасайық.

Сұрақ –жауап

-Тудың түсі қандай?

-Тудың ортасында не бейнеленген?

-Тудың шетінде не бейнеленген?

Ойын: «Көк туым»

Барысы: Көк түсті асықтарды дізу арқылы тудың бейнесін жасау.

Сергіту сәті: Қимылды жаттығу

Топтық жұмыс
Дидактикалық ойын: «Күннің көзі»

Барысы: Топтасып күннің көзінің шуақтарына оюларды жапсырады.

Қорытынды:

Іс-әректерін әр түрлі смайлик арқылыбағалау.
Осымен біздің Тіл мерекесіне арналған оқу іс-әрекетіміз өз мәресіне жетті, барлығың белсенді қатыстыңдар.
 

 

 

Просмотров: 1183


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст