«Көңілді старт»
Спортшы күні
Мақсаты:
а) спорттық ойындары арқылы балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, күш-қуатын жетілдіру.
ә) ойын барысында балалардың адамгершілікке, адалдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
б) ойынға қатысушылардың шапшаңдық, ептілік дағдыларын қалыптастыру.
Керек құралдар: Доп, ысқырық, самакат, қапшық, кегельдер т.б заттар.
Д/ш нұсқаушысы:
Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз
Сәулетті елдің көгінде
Шамшырақ болып жанамыз.
- Құрметті ойыншылар, бүгін «Көңілді старт» атты эстафеталық жарысымызға қош келдіңіздер. балалар (екі топқа бөлініп тұрады)
Жарыс кезеңдері.
1. Самакат тебу
2. «Допты тез жеткізу».
3. «Акробатика».
4. «Кедергілер» сайысы.
5. «Кім шапшаң?»
6. «Кенгуру» сайысы.
Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәттілік!
1. Таныстыру.
«Қарлығаш» тобы
Ұраны: Күндей болып күлеміз,
Шуақ шашып жүреміз.
«Балауса» тобы
Ұраны: Бүгін жарыс бақшада
Қуанады бар бала.
1. «Самакатпен жарыс» самакат теуіп белгіленген жерге барып келеді.
2. «Допты тез жеткіз»
Ойын шарты: Допты ұстап жүгіріп келу.
3. «Акробатика»
Ойын шарты: Музыка ырғағымен әр ойыншы құрсаулардан аттап - аттап жүгіріп, жолда матрастан домалап өтіп барып келу.
4. «Кедергілер» сайысы
Ойын шарты: Тақтай үстіндегі кедергілерден тепе - теңдік сақтап өту.
5. «Кім шапшаң?»
Шарты: Допты қолдарына қысып ұстап, шынтақтап, доға астынан жорғалап өту.
6. «Кенгуру» сайысы.
Шарты: Үлкен доп үстіне отырып, юелгіленген жерді айналып секіріп орнына келу.
- Рахмет балалар. Барлық ойын шарттарын өте жақсы орындадыңдар.
Ойыншыларды мақтау, мадақтау.