Келісемін: Бекітемін: Әдіскер: Меңгеруші: _________ Б.Иват ________ С.Е.Шапатова «___»__________ «___ »__________
Тақырыбы: «Алғыс айту күні»
ойындар
Тәрбиеші: Какей Г.
«Қарлығаш 2» тобы
2020-2021 жыл
Мақсаты: Ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен мен кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын қалыптастыру, әдептілікке,
кішіпейлілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты балалар. Біз бүгін сіздерді 1-наурыз
«Алғыс айту» мерекесімен құттықтаймыз. Бұл күні адамдар бір – біріне ризашылығын білдіріп, ықылас пен мейірімділік сыйлайды. Бізде туған елімізге, Президентімізге балалардың игілігі мен жан–жақты дамуы үшін жасап жатқан істеріне ризашылық білдіріп, зор алғысымызды білдірейік.
Ризашылық күні - мейірімділік пен ізгілік мерекесі.
Жүргізуші:
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
Отқа – жылулығы үшін.. алғыс білдіреміз балалар!!!
Наргиз:Анаға шексіз рахмет!
Аялап мені өсірген,
Әкеге айтам мың алғыс!
Адалдық айтып өсірген.
Бауырға туған рахмет!
Қолдайтын әр кез амандық.
Жайдар:Ұстазға ұлы рахмет!
Білімнің нәрін береті.
Балалық досқа рахмет!
Қуанып бірге күлетін.
Сол жанға айтам мың алғыс!
Ағайын туыс еліме .
Халқыма туған рахмет!
Ойын: «Сөз құра»
Мақсаты: Ата-ананың жасаған жақсылығына алғыс айтып үйрену бала.
Барысы:Әріп жапсырылған жүрекшенің артындағы реттік сандармен тұру керек балалар. Сонда шығатын сөз «Рахмет, ата-ана!»
Қабырға газетпен жұмыс: Балалар жапсырылған қабырға газетіне мерекелік тілектер айтып жүрекшені жапсырады.