«Бес асық» ұлттық ойыны педагогтер арасында өткізілді
Балабақшамызда педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және ұжымдық ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Бес асық» ұлттық ойыны ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шара барысында педагогтер ойынның ережелерін қайталап, түрлі кезеңдер бойынша өзара бақ сынасты. Қатысушылар мергендік, шапшаңдық, ептілік қабілеттерін көрсетіп, белсенділік танытты.
Шараның мақсаты:
ұлттық ойындарды тәрбие процесіне енгізудің маңызын арттыру;
педагогтердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау;
ұжымдық қарым-қатынасты нығайту;
салауатты өмір салтын насихаттау.
Ойын жоғары деңгейде өтіп, педагогтерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шара соңында белсенді қатысушылар марапатталып, ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні ерекше аталып өтті.
Ұлттық мұраны дәріптеу – баршамыздың ортақ міндетіміз.