Ақмола облысы БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ШАҒАЛЫ АУЫЛЫНЫҢ «Балдырған» бӨБЕКЖАЙЫ» МКҚК
ГККП « ЯСЛИ – САД «БАЛДЫРГАН» СЕЛА ШАГАЛАЛЫ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Еңбек адамы

25.02.2026

«Еңбек адамы»
Бүгін «Еңбек адамы» ретінде Шағалалы ауылындағы «Балдырған» бөбекжайының тәжірибелі қызметкері Аубакирова Галиябану Акшаловнаны ерекше құрметпен құттықтаймыз!
Галиябану Акшаловна 2006 жылдан бері адал еңбек етіп келеді. 20 жылға жуық уақыт ішінде өз ісіне жауапкершілікпен қарап, ұжымның сыйлы, еңбекқор, мейірімді маманы ретінде танылды. 2013жылдан бастап бүгінгі күнге дейін тәрбиешінің көмекшісі болып қызмет атқарады. 
Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығына жанашырлықпен қарап, әрдайым ұқыптылық пен тазалықты басты орынға қояды. Әріптестері мен ата-аналардың құрметіне бөленіп жүрген жан.
Өлең шумақ. 
Еңбегіңмен тер төккен жылдар өтті,
Балғындарға мейірім нұр боп жетті.
Бейнетіңнің зейнетін көрер шақта,
Қуаныш пен шаттыққа өмір жетті.
Ақ жүрегің жылылық сыйлап келді,
Ұжым сені әрдайым сыйлап көрді.

Ізгі тілекпен, ұжым атынан 💐

Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге табыс тілейміз! 🌷
Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін!
#ЕңбекАдамы #БалдырғанБөбекжайы #Құттықтау

Просмотров: 756


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст