Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілетін арттыруға арналған жаттығулар мен ойындар
Жоба түрі: Танымдық-дамытушылық
Жобаның ұзақтығы: 2 апта
Жас ерекшелігі: 5 жас (мектепалды даярлық)
Жобаның мақсаты
Балалардың ойлау, зейін, есте сақтау, қабылдау, тілдік және шығармашылық қабілеттерін ойын арқылы дамыту.
Міндеттері
Танымдық қызығушылықты арттыру;
Логикалық ойлау мен есте сақтауды дамыту;
Зейін мен қабылдауды жетілдіру;
Ұсақ моториканы дамыту;
Бірлескен ойын арқылы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
Балалардың танымдық белсенділігі артады;
Ойын арқылы тапсырмаларды орындауға қызығушылығы күшейеді;
Өз ойын еркін жеткізе алады;
Топпен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
Ойын технологиясы, сұрақ-жауап, көрнекілік, практикалық жұмыс, шығармашылық тапсырмалар.
Қажетті құрал-жабдықтар
Түсті суреттер, карточкалар, логикалық ойыншықтар, мозаика, пазлдар, дәптер, қарындаштар.
Апталық жоспар
1-апта
1-күн: 0-10 сандары
Мақсаты: 0-10 сандарына берілген типтік тапсырмаларды орындауға дағдыландыру
Міндеттері: Есептік және реттік санау дағдыларын бекіту.
Тапсырмалар
2-күн:Қосу «+» таңбасы
Мақсаты: «+» белгісімен таныстыру.
Міндеттері: сандарды қосып нәтижесін табуға үйрету
Тапсырмалар
1-тапсырма: Сандарды ретімен орналастыр
2-тапсырма: Сурет арқылы есепте
|
|
|
|
|
|
|
3-тапсырма Азайту ,қосу, тең таңбаларын жазып көрсет |
Күтілетін нәтиже : сандарды қосып нәтижесін табады
3-күн: «Есте сақта»
Ойын: «Не өзгерді?»
Мақсаты: Есте сақтау қабілетін арттыру.
Балалар көрген заттарды есте сақтауды жақсартады; Нақты өзгерістерді байқап, оларды анықтай алады;
· 4-күн: «Салыстыр»
Ойын: «Үлкен–кіші»
Мақсаты: Салыстыру дағдысын қалыптастыру.



Балалар заттарды өлшемі бойынша салыстыра алады (үлкен және кіші);Салыстыру арқылы ерекшеліктерді анықтап, түсіндіре алады;
5-күн:Жануарлар-біздің көмекшілеріміз.
Мақсаты: жануарлардың түрлері туралы ақпараттарды меңгерту
Міндеттері: Үй жануарларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Тапсырмалар
1-тапсырма:Бірдей құлындарды тап
Құлыншақ туралы не білесің?
Құлыншақты көргенсің бе?
Құлыншақ сәйгүлік болу үшін не істеу керек
2-тапсырма :Төлдерін тап
Күтілетін нәтиже : жануарлардың түрлері таниды
2-апта
6-күн: «Екі бірдей суретті тап»
Мақсаты:
Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін және салыстыру дағдысын дамыту. Бірдей заттарды ажырата білуге, байқампаздыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:Балалар суреттерді мұқият қарап, екі бірдей суретті таба алады;Зейіні мен көру арқылы есте сақтау қабілеті дамиды;
7-күн: «Құрастыр»
Ойын: «Пазл жинау»
Мақсаты: Ұсақ моторика, ойлау.
Балалардың ұсақ моторикасы мен қол бұлшықеттері дамиды; Логикалық ойлау қабілеті және кеңістікті қабылдау дағдылары жақсарады;Зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығы артады
8-күн: «Логика»
Ойын: «Артық затты тап»
Мақсаты: Логикалық ойлау.
Күтілетін нәтиже:Балалар ұқсас заттар мен ерекшеліктерін айыра алады;Қабылдау және зейін шоғырландыру дағдылары артады;Логикалық ойлау қалыптасады, балалар артық затты анықтап, түсіндіре алады;
9-күн: «Қорытынды»
Мақсаты: білімдерін қорытындылау, сөйлеу дағдысын қалыптастыру, жауапкершілікке баулу
Міндеттері:берілген қызықты дидактикалық тапсырмаларды орындау
Тапсырмалар
1-тапсырма: Салыстыр
Қорытынды
Бұл жоба балалардың танымдық қабілетін жүйелі түрде дамытуға бағытталған. Ойын арқылы оқыту – мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ең тиімді әдіс болып табылады.
Тәрбиеші: ____________________
Күні: ____________________