Ақмола облысы БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ШАҒАЛЫ АУЫЛЫНЫҢ «Балдырған» бӨБЕКЖАЙЫ» МКҚК
ГККП « ЯСЛИ – САД «БАЛДЫРГАН» СЕЛА ШАГАЛАЛЫ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қысқа мерзімді жоба жоспары, тақырыбы: "сиқырлы ағаштар" тәрбиеші: Тулегенова Б.К

15.01.2026

 Қысқа мерзімді жоба : «Сиқырлы ағаштар»

 

Жобаның түрі: Танымдық-шығармашылық

Мерзімі: Қысқа мерзімді (2 апта ) 12-23 қаңтар 2026 ж

Қатысушылар: Тәрбиеші, балалар, ата-аналар.

Жас ерекшелігі : Ортаңғы топ  (3-4 жас )

Мақсаты: Балаларды ағаш туралы қарапайым түсінікпен таныстыру, ағаштың табиғаттағы маңызын түсіндіру,  танымдық қызығушылығын арттыру. Балаларды табиғи материал – ағашпен және ағаштан жасалатын ойыншықтар мен ойындармен таныстыру, Ағаш ойыншықтар арқылы балалардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін, қиялын және ұсақ моторикасын дамыту. Сонымен қатар балаларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу.

 

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

*Әңгіме, сұрақ-жауап

*Көрнекілікпен жұмыс

*Дидактикалық ойындар

*Жұмбақтар, тақпақтар

*Сергіту сәті

Жобаны іске асыру кезеңдері: Дайындық, негізгі, қорытынды. Жобаның міндеттері

         •Ағаштың қасиеттері туралы түсінік беру;

         •Ағаштан жасалған ойыншықтарды ажырата білуге үйрету                                                        

         •Ұсақ моторика мен логикалық ойлауды дамыту;

         •Табиғатты қорғауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу;

 

Негізгі кезең

Балалармен жұмыс

ҰІӘ

Тақырыбы

1

Бала және қоршаған әлем

12.01.2026 ж

“Ағаш тіршілік көзі”

Мақсаты:Балаларды қоршаған әлеммен таныстыру, ағаштың табиғаттағы маңызын түсіндіру.

2

Көркем әдебиет

13.01.2026 ж

“Шалқан” ертегі оқу

Мақсаты: Сюжетті ағаш ойыншық бойынша әңгімені қайталап айтып беруге үйрету.

 

3

Құрастыру

 

14.01.2026 ж

“Ағаш текшелер”

Мақсаты: Балалардың қиял-ғайымын қол моторикасын логикасын дамыту.

4

Математика негіздері

15.01.2026 ж

“Ағаштан жасалған сандар” ойыны

Мақсаты: Ойын арқылы 5 ке дейін санауға,түстерді,  пішіндерді атауға   үйрету.

5

Көркем әдебиет

16.01.2026 ж

“Сергіту сәті” “Тақпақ” “жұмбақ”

Мақсаты: Балалардың ойлау тіл байлығын дамыту.

6

Саяхат

19.01.2026 ж

“Көрме”

Мақсаты: Балалардың шырмашылығын және назар аудару қабілетін дамыту.

7

Сурет салу

20.01.2026 ж

“Картоннан ағаш ойыншық”

Мақсаты: Қарындаш, бояумен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

8

Шығармашылық

21.01.2026 ж

“Үй жануарлары”

Мақсаты:Балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту.(Құммен бейне жасау)

9

Сөйлеуді дамыту

22.01.2026 ж

“Ағаш ойыншықты тап”

Мақсаты:Балаларды ойлау қабілетін дамытуойыншықтарды  табиғи немесе пластик матералдардан жасалғанын ажыратуға үйрету.

10

Музыка

23.01.2026 ж

“Көңілді аспаптар”

Мақсаты: Музыкалық аспаптармен таныстыру арқылы өнерге деген қызығушылықтарын артыру.

 

 

 

Қорытынды кезең:

                     Балалар ағаш материалын таниды;

         •        Ағаштан жасалған ойыншықтарды ажырата алады;

         •        Шығармашылық қабілеттері дамиды;

         •        Табиғатқа жанашырлық көзқарас қалыптасады;

         •        Ұқыптылық пен қауіпсіздік дағдылары артады.

 

Просмотров: 1724


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст