Мектепке дейінгі жастағы балалардың бейімделу мүмкіндігі шектелгендіктен, балалардың жаңа әлеуметтік жағдайға жылдам ауысуы және күйзелісте күні бойы балабақшада өткізу баланың көңіл-күйінің бұзылуы мен психофизикалық дамуының төмендеуіне алып келеді. Баланың өмірінде бейімделу өте күрделі құбылыс болып табылады. Бейімделу кезеңі қиын және ұзаққа созылуы мүмкін. Қиындықтан шығу үшін және бейімделуді жеңілдету үшін баланы жанұядан балабақшаға біртіндеп үйрету керек. Балабақшаға келген баланың өмірінде мынадай өзгерістер болады: қатаң күн тәртібі, күні бойы ата-анасынсыз қалуы, тәртібінде жаңа дағдылардың талап етілуі, бейтаныс жер, бөгде адамдар. Осы өзгерістің барлығы балада бір мезетте болғандықтан, бала күйзеліске түседі, тамақтан бас тарту, жиі науқастану, мінез-құлқының жиі өзгеруі байқалады