«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шағалалы ауылының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырган» села Шагалалы при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Топтағы менің көмегім»

11.05.2021

Жаратылыстану

Тақырыбы: «Топтағы менің көмегім»

Мақсаты: Балаларға топта қандай көмек жасай алатындарын үйрету. Топтағы өсімдіктердің шаңдарын сүртіп, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жанашырлыққа, еңбекқорлыққа баулу.

Барысы: Шаттық шеңбері: №4

Шеңбер бойлап жүреміз,

Әр гүлге көңіл бөлеміз.

Сұлулық пен махаббатты,

Сезініп өмір сүреміз.

Балалармен шеңбер құрып өлең жолдарын қайталап шығу.

Балалардан «Көмектесу» денен сөздің мағынасын сұрау.

Үйде біз ата-аналарымызға қандай көмек көрсете аламыз?

Балалардан  толық жауап алу.

Ал балалар топта қандай көмек көрсете аласыздар?

Балалар түрлі жауаптар айтты: (орындықтарды орнымызға жинаймыз, ойыншықтарды жинаймыз, апайлармен бірге үстелдерді қоямыз және тағы басқа).

Жарайсыңдар! Ендеше топтағы гүлдерге су құйып, шаңдарын сүртіп көрейік.

Сергіту сәті: видео арқылы.

Балалар көгілдір экраннан көңілді әуенге би билеп сергіту сәтін жасады.

Еңбек: балалар гүлдерге су құйды. Еңбектің арқасында балалар татулыққа, достыққа үйренді.

Қорытынды: Балалар ұйымдастырылған оқу қызметінің арқасында үлкендерге қандай көмек жасай алатынын айтты. Балаларды жылы сөздермен  мақтау.

Просмотров: 193


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст