«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шағалалы ауылының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырган» села Шагалалы при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шаттық шеңбері

19.04.2021

            «Паравоз» №1
Мақсаты: Балалардың бірінің артына бірі тіркеліп тұрып

 паравоз сияқты жүруге, өлең жолдарын қайталап айтуға

үйрету.
Мазмұны: Қатар - қатар тұрайық,
Кәне, кәне, сұрайық.
Кімнің болса бойы ұзын
Паравозы пойыздың
Кімнің, апай, бойы ұзын
Паравозы ол пойыздың?!
Тәрбиеші бойы ұзын баланы көрсетеді. Сол бала
паравоз болып алда тұрады. Ал қалғандары соның
артынан ұстап тұра бастайды.
Ал, паравоз баста алға,
Бәрімізді басқар да!
Пш - пш, пш - пш!- біз кеттік
Жүрісті біз гулетіп
Жүрісті біз гулетіп
Гу - гу, гу - гу, гуілдеп
Қалып қойма біріңде
Пш - пш, пш - пш!- біз кеттік жүрісті біз үдеттік.

 

Похожее изображение

 

«Ақ қоян» №2
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, мықтылыққа баулу.
Ойын мазмұны: Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада қоян болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып қоянды айнала жүріп тақпақ айтады.
Ақ қоян - ау, ақ
Орныңнан тұрсаңшы
Шашыңды тарасаңшы
Бетіңді жусаңшы
Әй - әй көйлек кисеңші.
Біреудің қолын үзсеңші -
Дегенде қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп өлең, бітісімен жүгіріп барып шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе өзі шеңберге қосылып тұрады да үзілген жердегі оң жақтағы бала қоян болады.

 

 

 

Похожее изображение

 

 

«Қасқырлар мен лақтар» №3
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Ойын мазмұны: Аралары 10 - 15 адым қашықтықта «қора» мен «өріс» сызылады.
Ойнаушылар үйлерінде тұрып:
Бөрте, бөрте, бөрте лақ,
Бөрте лақ тым ерке лақ
Кетесің кейде секеңдеп,
Байламаса көкем кеп — деген сөздерден
Кейін дүрсілдей жүгіріп « өріске» беттейді. Оларды алаңның ортасында тұрған 2 - 3 қасқыр қуып береді. Қолға түскендер ойыннан шығып қалып келесі кіреді. Қасқырлар ұсталмаған балалардан сайланады. Осылайша ойын жалғасады.

 

 

 

 

Картинки по запросу қасқыр мен лақтар суреті

 

 

«Қаздар» №4
Мақсаты: Балалардың музыкалық есту қабілетін дамыту және қаздардың тіршілігімен таныстыру.
Керекті құралдар: (сырнай немесе сылдырмақ).
Ойын мазмұны: Қысқаша әңгіме, қаз өте сақ құс, ол балапан шығарған кезде, ата қаз балапандардың соңында жүреді. Егер қауіп төнсе, ана қаз екеуі екеулеп балапандарын қорғайды. Қаздар көк шалғында шөп жейді. Барлық балаларға сырнай үлестіріліп, ішінен ата қаз белгіленеді. Балалар шалғында жайылып жүрген қаздарды бейнелеп, баяу сырнай тартады. Тәрбиеші белгісімен қауіп төнгенде, ата қаз
сырнайды қатты 2 - 3 рет тартып белгі береді. Осы кезде балалар қанат қағып жүгіріп барып, ана қаздың жанына жиналады. Ойын қайталанып, ата қаз сайланады.

 

 

 

Похожее изображение

 

 

«Күн мен жаңбыр» №5

 Мақсаты: Балалардың байқағыштығын,шапшаңдығын арттыру.

Ойын мазмұны:Балалардың алаңның бір шетінен немесе бөлменің қабырғасынан біразырақ жерге қойылған орындықтардың артында тізерлеп отырады да «терезеге» (орындықтың арқасындағы тесікке) қарайды. Тәрбиеші: «Аспан ашық, күн шығып тұр! Серуенге шығуға болады», - дейді. Балалар бүкіл алаңда жүгіріп жүр. «Жаңбыр! Тез үйге жүріңдер!» деген сигналды естіп, бәрі өз орындарына қарай жүгіріп келіп, орындықтардың артына отырады. Тәрбиеші қайтадан: «Күн шықты! Барыңдар, серуендеңдер», - дейді, ойын қайта басталады.

Картинки по запросу Күн мен жаңбыр суреті



 

 

«Допты қуып жет» №6

Мақсаты:  Балаларды жылдамдыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.
Ойын мазмұны:

 Тәрбиеші балаларға доп салынған кәрзеңкені көрсетеді де алаңның бір жағында өзімен бірге қатарласа тұруды ұсынады. Одан кейін кәрзеңкеден доптарды алып, балалардан алысқа, әр жаққа лақтырады. Балалар доптарға жүгіреді, оларды алып кәрзеңкеге салады. Ойын қайталанады. Балалар қанша болса, доп та сонша болуы керек. Олардың әрқайсысы допты қуып жетіп, кәрзеңкеге салатын болсын.

 

 

Похожее изображение

 

« Көжектер мен түлкілер» №7

  Мақсаты: Балаларды аңғарымпаздыққа қушылыққа баулу.
Ойын шарты:Бір бала түлкі болып сайланады. Қалған балалар көжек бетпердесін киіп, дөңгеленіп отырады.
Ойын жүргізіушісі: Көжектерім тұршы 
Беттеріңді жушы
Ну орманға барайық
Тамақтанып алайық.
Қаш: Жалаңдаған қу түлкі
Келіп қалыпты орманға
Көжектерің қайда деп.
Қуып келді соңынан
Көжектер ән ырғағымен секіріп, қаша жөңелді, түлкі қуады.

 

 

Картинки по запросу Көжектер мен түлкілер ойыны

 

 

 

 

« Аю»  №8

  Ойын мақсаты:Балаларды ұйымшылдыққа, алғырлыққа баулу.
Ойын шарты:Бір бала аю болып сайланады, Қалған балалар қоян болады. Қояндар орманда ойнап жүріп ұйықтап жатқан аюды оятып жібереді. Аю ашуланып қуа жөнеледі.Ойын 2-3рет қайталанып, аю жаңадан сайланып отырады.

 

 

 

 

Похожее изображение

 

 

 

 

 « Доп» №9

 Мақсаты: Балаларды ұжымшылдыққа, адамгершілікке баулу.
Ойын шарты: Балалар қатарға тұрады екі команда болып межеге допты қай команда бірінші апарады сол топ бірінші орынға, марапатқа ие болады. Ал ұтылған топ таппақ не өлең айтып өз өнерін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

Похожее изображение

 

 

 

 

«Қуырмаш» №10

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін арттыру, дүниетанымын, қызығушылығын арттыру.
Ойын шарты: Бұл ойында көбіне балаларды үлкендер ойнатады, тәрбиелік мәні күшті ойын. Балалардың қолын саусақтарының ұшынан ұстап тұрып, алақан қазан қып жалғыз саусағымен қуыра бастайды.

-Қуыр, қуыр, қуырмаш
-Балапанға бидай шаш
Сонан соң ойнатып тұрған балалардың бір-бірден саусақтарын бүгеді.
Бас ата,
Балан апа,
Ортан әке
Шылдыр ана
Кішкене бөбек-мен
-Балалар ойынды қызыға ойнайды.
-Балалар ойын ұнады ма?
-Осы ойын арқылы не үйрендіңдер?
-Не білді:Қызықты ойын санауды үйренді.

 

 

Похожее изображение

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

Картинки по запросу қимылды ойындар суреттері

Тәрбиеші: Әлпілам Құндыз

 

2020-2021 оқу жылы

 

«Дәл осындай пішінді тап және асықтардың түсін ажырат» 

Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін толықтыра отырып,асықтарды пайдалану арқылы балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңірту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: бала саны бойынша бет орамалдың суреттері, геометриялық пішіндер асықпен. 
Ойынның мазмұны: алдарындағы бет орамалдардың жамаушаларын өз шішіндеріне сәйкестендіріп орналастыруды ұсыну.Әр пішінде өздеріне түстері сәйкес келмейтін асықтар орналастырылған, балалар асықтардың түстерін ажыратып,геометриялық пішіндерді анықтайды.

 

                   «Санына қарай асықтарды орналастыр»

Мақсаты: 1-ден 5-ке дейінгі сандарды ажыратып отырып,есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Мазмұны: Балаларға жемістер бейнеленген суреттер беріледі.Балалар суретте неше жеміс бейнеленгенін айтады жеміс санына қарай жемістерге асықты орналастырады.Мысалы бір алма болса бір асық қойылады.

 

        «Асықтың  түсімен жыл мезгілін сәйкестендір»
                        (қызыл, сары, ақ, жасыл)

Мақсаты: Блалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру,жыл мезгілдерін ажырата білуге үйрету.
Мазмұны: Балаларға жыл мезгілдері суеттері таратып береді асықтардың түсіне сәйкестіре отырып жыл мезгілдерін айтқызу.Мысалы ақ асық-қыс,Жасыл асық-көктем,сары асық-күз,қызыл асық -жаз.

 

       

                  

 

 

 

                      «Үйдің есігін асықтармен толықтыр» 
Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері,асықтар
Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп асықтармен толықтырады. 

 

                   «Вагондарға дөңгелек таңдау» 

                                      асықпен
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады. Асықтар арқылы дөңгелектер жасату.

                    «Үй құрылысының ретін көрсет» 
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту. 
Құрал-жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі. 
Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну. 
         

 

 

 Related image           

 

                                    

                                       «Ұялы телефон»
 Мақсаты: 1-ден 5-ке дейінгі сандарды кері және тура санауға үйрету.

Мазмұны: Балаларға ұялы телефон суреттері таратылып беріледі.Батырмаларына 1-ден 5-ке дейінгі сандарды балалар ретімен қояды.Кейін кері санау арқылы сан санауды пысықтайды.

 

 

              «Бет орамалға лайық жамауларды табу» 

Ойынның мақсаты:  геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 
Құрал-жабдықтары: бала саны бойынша қағаздан жасалған бет орамалдардың үлгісі, әртүрлі пішіндер. 
Ойынның мазмұны:Балаларға бет орамалдардың үлгісін таратып беру. Алдарындағы пішіндердің ішінен әр орамалға лайық жамауды табуды ұсыну. 

 

               «Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр» 
 

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді танып, атай білуге үйрету. Бос

торларды сәйкес пішіндермен толтырту. 
 Мазмұны:Әр балаға жеткілікті таратпа суреттер. 
Барысы: Балаларға суреттер таратылып беріледі. Суреттердегі бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр. 
 

 

                         «Сиқырлы қапшық» 

Ойынның мақсаты: кеңістікті бағдарлай білуге, заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша салыстыруға, топтастыруға үйрету. 
Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі гүл,асықтар,шөптер. 
Ойынның мазмұны: Балалар «Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп,қолындағы не екенін анықтайды, ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады.Тақтаға ілінген «жазғы жайлау» суретін толықтырады,заттардың алыс-жақындығын анықтап,суреттегі бірдей заттарды топтастырады.

 

                            

 

 

 

  «Қуыршақ қонаққа дайындалуда» 

Ойынның мақсаты: ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, ұзындығы бірдей деген өлшемдерді салыстыруға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: ұзындығы, жуандығы, түсі әртүрлі ленталар. 
Ойынның мазмұны: Қуыршақ қонаққа барады, киімін киюге,

шашына бантик таңдауға көмектесуді ұсыну. Көп бантиктердің арасынан ұзындығы бірдей екі бантикті табу керек. Әдемі бантиктермен қуыршақтың шашын әсемдеу. 
Image result for кукла рисунокImage result for бантиктер

                            

                                «Қай қолымда асық көп» 

Ойынның мақсаты: аз және көп заттарды ажиратуға, салыстыруға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: әртүрлі асықтар
Ойынның мазмұны: ортаға бір баланы шақырып, оң және сол қолына көп және аз асықтарды ұстатады. Бала алдымен көз мөлшерімен қай қолда зат көп, қай қолында аз асық бар екенін анықтайы. Одан кейін асықтарды қатарымен қойып, қай қатарда көп, қай қатарда аз асық  тұрғанын салыстырады. 

 

                                          

 

                                  

                        «Жоғарыдағы асық-төмендегі асық» 

Ойынның мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: түрлі-түсті асықтар. 
Ойынның мазмұны: Бала қалтаның  ішінен бір асықты алып өз жолақшасына орналастырады.. Мысалы, көк жолақша болса,көк асық –жоғарыда,ал қызыл асық-төменде қызыл жолақшада.



                   

                                            «Оң және сол» 

Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар. 
Ойынның мазмұны: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді. 

 

 

                           «Асықты тап» 

Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. 
Көрнекілік: Асық 
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші асықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп асыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, асықты табады. 

 

                   

                               

                                 

 

                           

 

                                 «Доппен ойнау» 

Мақсаты: «Жоғары-төменде», «астында-үстінде», «сол жақта-оң жақта» ұғымдарын бекіту.
Көрнекілік: доп. 
Ойынның мазмұны: 1-вариант. Балалар екі командаға бөлінеді.

 Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады. 
«Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала /әр командадан/ бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, «доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате

жібермеген команда ұтып шығады. 
2-вариант: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында

«доп оң жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. «Доп сол жақта» деген бұйрық бойынша доп

сол жаққа беріледі. 
Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады. 
 

 

                      «Заттарды сана» 

Мақсаты: 1.Балалардың назарын дамыту, байқағыштықтарын арттыру. 2.Көкеністер санымен сандарды тауып қою. 3.Ойын арқылы көкеністер түрлері туралы білімдерін бекіту. 
Көрнекілік: Көкеністер суреттері, сіріңке қорабындағы сандар. 
Барысы: Тәрбиеші балаларға көкеністердің суреттерін таратып береді. Бір суретте бірнеше көкеністер түрлері болуға тиіс. Балаларға қойылатын талап көкеністер санын анықтау. 

 

 

 

 

                            «Жазылмай қалған сандарды ата» 

Мақсаты: 1. Балалардың сандардың реті туралы білімдерін бекіту. 2.Ойын ойнау арқылы байқағыштыққа, тез орналастыруға баулу. 3.Ойын элементтерін пайдалана отырып математикаға қызығушылығын арттыру. 
Көрнекілік: 15 дана сіріңке қорабындағы сандар. 
Барысы: Тәрбиеші балаларға текшелер таратып береді. Ол текшелерде сандар жазылады, сандар ретімен толық жазылмайды. Мысалы: 1,4,3
Балалардың міндеті сол қолдарындағы текшелерден жазылмай қалған санды анықтап атау. Егер сандар ретін анық атап шықса, жұлдыздармен марапатталады. Ал егер сандар қатарындағы жоқ санды таба алмаса, текшедегі бар сандардың құрамын анықтайды. 

 

                                                «Қол соғу» 

Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру. 
Көрнекілік: Тәрбиешінің және әрбір баланың алдына тілі бар дөңгелек/1-сурет/ . 
Барысы: 
1-вариант: Тәрбиеші қол соғады. Балалар санайды. Тақта алдына шақырылған бала тәрбиешінің неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін саны сонша қара дөңгелекшелер тұрған бөлікке қаратып қоюы тиіс. 
2-вариант: Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Тәрбиеші қатарларды аралап, ойын ережесінің дұрыс орындалуын тексереді. Ойын екі-үш рет қайталанған соң, қорытындысы шығарылады.
 

 

 

                                «Керісінше айт»  асықпен


Мақсаты: Тәулік жөнінде түсініктерін кеңейту. Қарама-қарсы мағыналы сөздермен жауап бере білуге үйрету. 
Көрнекілік: асық
Барысы: Балаға асықты беріп қарама-қарсы мағыналы сөзбен жауап беруді сұрайды. Мысалы: «таң» десе, бала «кеш» деп жауап береді. 

 

                         «Неше саңырауқұлақ немесе көкеністер?» 
Мақсаты: Артық-кем ұғымдарын бекіту. 
Көрнекілік: Кәрзеңке, санырауқұлақтар, көкеністер. (15 дана) 
Барысы: Тәрбиеші балаларға былай дейді : «Саңырауқұлақтың саны үштен кем, бірден артық. Неше саңырауқұлақ бар? Кәрзеңкеге көкеніс түрлерін салғызып жаттығуды қайталайды. 

 

                                 «Апта күндері» 

Мақсаты: Апта күндерін атап, есте сақтай білуге үйрету. 
Көрнекілік: Апта күндерін шартты түрде белгілейтін 1-ден 7-ге дейін дөңгелектермен дайындалған карточка. 
Барысы: Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп, таныстыру. Апта күндерін атату, карточканы таратып беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта атын білу керек. Тәрбиеші бұйрығымен, «дүйсенбі» бір адым алдыға десе, тұрып қалмай алдыға шығу керек. Бұдан соң балалар кезекпен ауысып тақтаға шығады. 

 

 

 

 

                        «Асықтарды дұрыс орналастыр» 

ойынның мақсаты: Қиындыларды түсі мен ұзындығы бойынша айыра білуге жаттықтыру. Қиындыларға ұзындығы мен түсі қарай асықтарды орналастыру.
Көрнекілік: Әрбір балаға ұзындықтары мен түсі әртүрлі, мысалы: 2 қызыл, 1 жасыл, 2 сары, ең ұзын-сары, ең қысқа-қызыл, ұзындықтары бірдей: қызыл, жасыл, сары қиындылар жиынтығы,асықтар

 ойынның барысы: бірнеше тапсырмадан тұрады. 
1- тапсырма: балаларға барлық қызыл қиындыларды сол жаққа, сары қиындыларды оң жаққа, жасыл қиындыларды ортаға қоюды тапсырады,қиындыларға сәйкес асықтар орналастырылады.
2- тапсырма: бірдей қиындыларды бірінің үстіне бірін тізіп қою. 
3- тапсырма: оң жаққа ең ұзын, сол жаққа ең қысқа қиындылар, асықтар қойылады.
4- тапсырма: қиындылардың ең қысқасынан бастап, ең ұзынына қарай реттеп, бір қатарға қою. Асықтарды қиындылардың үстін                                             
Тапсырманы дұрыс орындаған үстелдегі  балалар жеңімпаз атанады. 

 

                                «Қандай сандар жетіспейді?» 

Мақсаты: Сандарды тани білуге, аталған сан арасындағы санды атай білуге үйрету. 
Көрнекілік: сіріңке қорабындағы таратпа материалдағы сандар. 
Барысы: тәрбиеші екі санды атайды, мысалы: 3-5 десе, балалар қораптан сол сандарды алып, ортасындағы санды қою керек. 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    

                              

 

                     

                                    «Сан құрастыр» 
Мақсаты: Санның құрамын пысықтау. 
Көрнекілік: Суретті карточкалар. 
Барысы: Тәрбиеші бетіне бір сан, мысылы «6» саны жазылған карточканы көрсетеді. Әрбір бала қосындысы «6» санын құрайтын екі сандық карточкаы көрсетуі тиіс. 
Мысалы: бір карточкада 5 дөңгелек, екіншісінде–1 дөңгелек, біреуінде–3, екіншісінде-3 шаршы және с.с. 
 

                                       «Көрші–көрші» 
Мақсаты: Сан құрамын атап, неше бірліктен тұратынын, сандарды салыстыра білуге үйрету. 
Көрнекілік: Кеспе қалтадағы сандық карточкалар: 1-5. 
Барысы: Тәрбиеші бір санды атайды, м:3 санын. Тақтаға бір бала шығып аталған санды «кеспе қалтадағы» сандар арасынан 3 санын алып қояды. Тәрбиеші: осы санның көршілерін көрсетіндер дегенде , екі бала шығып 4және 5 санын көрсетеді. Әр бала өз санын түсіндіру керек, м: 3 саны 4 санынан 1-уі артық,5 санынан 1-уі кем, 4 бірліктен тұрады. 

 

                                        «Дауыстап санау»
Ойынның мақсаты: Дауыстап санауға, қорытынды санды есте сақтауға үйрету.
1-нұсқа.
Барысы: Тәрбиеші үстелді бірнеше рет соғады. Балалар іштерінен санайды. Тәрбиеші 2-3 баладан қанша рет соғылғанын сұрайды, балалар тақтаға цифрымен көрсетеді.
Егер жауаптар әртүрлі болса, тағы да соғып, қайта санатады.
2-нұсқа.
Балалар жауап бермейді, дыбыстың санына байланысты цифрды көрсетеді.
Тәрбиеші балаларға екі түрлі үйдің суретін көрсетеді.
- Үйлердің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? (Биік – аласа, тар – кең, үлкен – кіші).

                  

                               «Адасқан цифрлар»
 

Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын арттыру.
Мазмұны: Тәрбиеші 2, 4, 3, 5, цифрлары жазылған карточкаларды тақтаға іледі, балалар қалып қойған санды атайды.

 

«Қорапшалардағы пішіндер»

Мақсаты: баланың ойлау жылдамдығын,пішіндерді ажырата білуге үйрету.
Мазмұны: Тәрбиеші балаларға әртүрлі қорапшаларды ұсынады. Балалар қорапшалардағы пішіндерге сәйкестендеріп, қарай орналастырады.

 

 

 

 

Мақсаты: Блалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру,жыл мезгілдерін ажырата білуге үйрету.
Мазмұны: Балаларға жыл мезгілдері суеттері таратып береді асықтардың түсіне сәйкестіре отырып жыл мезгілдерін айтқызу.Мысалы ақ асық-қыс,Жасыл асық-жаз,сары асық-күз

 

                               

 

 

 

 

 

 

 

 «Пішіндер әлемі»
Мақсаты:
Геометриялық фигуралар дайындағанда көлемдері бойынша әрқилы ғып дайындаймын және балаларда көлем, пішін, саны жайында түсінік қалыптасады.
Мазмұны:

Бала сипаттағанда:
«Үлкен – үлкенірек – ең үлкен»,
«кішкентай – кішірек – ең кішкентай»,
«биік – биігірек – ең биік»,
«ауыр – ауырырақ – ең ауыр»,
«жеңіл – жеңілірек – ең жеңіл»,
«терең – тереңірек – ең терең»,
«жарық – жарығырақ – ең жарық»,
«қараңғы – қараңғырақ – ең қараңғы» және т. б. тиісті салыстырмалы және таңдаулы шырайдағы салыстырмалы сын есімдерді дұрыс өзіндік дербес қол дануға үйретемін


Related image


     « Санына қарай салыстырайық»
Мақсаты: Көп- аз ұғымдарын пысықтау және көзбен салыстыру.

Мазмұны:
 Бастапқыда балаларға қай жерде ойыншықтың көптігін, ал қай жерде аздығын көзбен анықтауды ұсынамыз, яғни, үзіліссіз мөлшерлерді салыстыра бастаймыз. Алғашқы мысалдардың жауаптары көзге көрініп тұруы қажет.

«Жеуге жарайтын – Жеуге жарамайтын» ойыны
Ойын шарты:
Осы ойынды топпен жіктеу ойынын бәріміз білеміз. Ұқсастығына байланысты басқа да белгілерді таңдауға болады:
тірі – тірі емес, қозғағышы бар – қозғағышы жоқ, дөңгелегі бар – дөңгелегі жоқ және т. б
4.«Төртінші артық» ойыны.
Ойын шарты:
басқаларына сәйкес келмейтін затты «геометриялық пішінді) алып тастау немесе боямау керек және топты жалпылама сөзбен атау қажет.
Есту арқылы жұмыс жасау: тәрбиеші сөздер айтады да, солардың ішінде басқаларға сәйкес келмейтінді бөліп көрсетуді сұрайды,
мысалы: 3 шеңбер, 1 төртбұрыш (пішін бойынша), 3 қызыл пішін және 1 жасыл пішін (түс бойынша)
                    


                             «Орнынды тап» ойыны
Мақсаты: Ретімен санауға үйрету.

Мазмұны:
Балалар реттік номерімен тұрады да тәрбиеші «Ап, қасқырым аш» деп балаларды ойнап қуса балалар «қасқырдан» құтылғаннан кейін тез өз орындарын реттік номерімен тауып алу керек

                       «Қойма» ойыны. Мына жерге салыңдар!
Мазмұны:
Тәрбиеші « Әй, бүлдіршін! Қасқырлар мен лақтарды жинаңдар дейді.
Мына жерге салыңдар деп 2 қорап ұсынады Балалар ойыншықтарын, карточкаларын жинай бастайды, Сол кезде тәрбиеші сен тағы қасқырлар мен лақтарды бір жерге жинап қойдың ба?
Сенің лақтарыңнан түк те қалмас: қасқырлар лақтарды жеп қояды ғой!»,- деп баланы заттарын жүйелеп жинауға үйретеді

                                  «Қажет суретті тап».
Ойынға қажет заттар: Үлкен және кішкене суреттер немесе қуыршаққа арналған ыдыстар, пластилиннен жасаған заттар, конфет, бауырсақ, т. б.
Ойын ережесі: Егер ойын суреттермен жүргізілсе тәрбиеші - мұғалім үлкен суреті балалардың бәрі көрсетіндей орынға іледі. Мысалы: үлкен тарелка немесе орамал ұстаған қыздың суреті. Балалар қораптағы суреттердің ішінен тақтаға ілінген сурет мазмұнына сәйкес заттардың суретін алып столға қояды. Не істегені туралы айтады.
Ойынның соңында балалар ойынға қатысты заттардың суретін салады (өз қалаулары бойынша нан, қант тоқаш т. б.)

 

                                        «Біреу және көп»
Ойынның мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл.
Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын атауға қиналса, тәрбиеші өзі атайды. Бәрі бірге оның бұрыштарын санайды, барлық қабырғаларының бірдей екендігін атап өтеді

                               «Шаршы құрастыр»
Ойынның мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.
Ойынның мазмұны: Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады.
1-нұсқа: әрбір бала өзі жеке жинайды.
2-нұсқа: шаршыны топ болып жинайды (қайсысы жылдам?).
3-нұсқа: жеке немесе топпен, кім тез бітсе, күрделірек түрін беру.


                                   «Ұқсасын ата?»
Ойынның мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту.
Ойынның мазмұны:

1-нұсқа.
Тәрбиеші геометриялық пішінді немесе геометриялық денені балаларға көрсетеді, ал балалар оның қоршаған ортадағы қандай затқа ұқсайтындығын табады немесе естеріне түсіреді.
2-нұсқа.
Тәрбиешінің үстелінің үстінде геометриялық пішіндерді немесе заттар мен суреттер жатыр. Бала суретті не затты таңдай отырып, оның қандай пішінге ұқсайтындығын айтады. Өзінің жауабын түсіндіреді.

                            «Айырмашылығын тап»
Ойынның мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру.
Ойынның мазмұны:
Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды.
Балалар екі сайқымазақты салыстырады. Салыстыруда мына сөздер пайдаланылады: кең – тар, қалың – жұқа, ұзын – қысқа.

                              « Сиқырлы орамал»

                          (Сипап сезу арқылы санау)
Ойынның мақсаты: Сипай сезіп санау арқылы қарамай-ақ екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету (артық, кем, тең); санау дағдыларын бекіту; салыстыруда беттестіру тәсілін қолдана білу.
Ойынның мазмұны:
Тәрбиеші үстелінің үстінде орамалмен жабылған заттардың екі тобы (асықтармен кубиктер) қойылады. Шақырылған бала бір топтағы заттардың санын орамалды ашпай қолмен ұстап санау арқылы анықтап, қорытынды санды айтады және осылайша екінші топтағы заттар да саналады. Қарамай-ақ, қай топтағы заттардың артық не кем екенін салыстырады. Содан кейін жабулы орамал алынады да, барлық балалармен жауаптың дұрыстығы тексеріледі. Ары қарай топтарды салыстыру арқылы неше артық, неше кем екенін анықтау, теңестіру жұмыстарын жүргізуге болады.


                          «Аңдарды қоректендір»
Ойынның мақсаты: 1саны, және цифры туралы алғашқы білімдерін бекіту; қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту.
Ойынның мазмұны:
Тақтада аңдардың суреті ілінген, ал тамақтың суреті тәрбиеші үстеліне қойылған.
- Марат, қалай ойлайсың, бананды қай аңға береміз? Апарып бер. Сен пілдің баласына неше банан бердің? Осы цифрды ата және көрсет. Басқа аңдармен де осындай жұмыс жүргізіледі.
- Ал аю нені жақсы көреді? Әрине, балды.
- Жолақтары бар карточканы алыңдар. Солдан оңға қарай жоғарғы жолақты, содан кейін төменгі жолақты саусақтарыңмен жүргізіңдер.
- Енді жоғарғы жолақтың сол жағына бір аюды қой.
Тәрбиеші бірнеше баладан неше аюдан қойғандарын сұрайды.
- Төменгі жолаққа сол жақтан оңға қарай балы бар көп бөшкелерді қойыңдар (фишкалар).
Тәрбиеші бірнеше баладан жекелей сұрайды:
- Қонжықтар нешеу?

                                «Ненің баласы?»
Ойынның мақсаты: Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсініктерін бекіту; жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту.
Ойынның мазмұны: Үлкен және кіші ойыншықтар бөлек тұрады. Бала үлкен ойыншықты таңдап алады және оған кішкене ойыншықтарды іріктеп алады (немесе керісінше). Өзінің таңдап алған жұбын атайды.
Мысалы: ит үлкен, ал күшік кішкентай.

                                    «Жыл атасы»
Ойынның мақсаты: Балаларды жыл мезгілдері және айларымен таныстыру; 1-ден 3-ке дейінгі сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту.
Ойынның мазмұны:

Тақтада Жыл атасының суреті. Балалар жыл мезгілдерін атайды, оларды санайды.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
Тәрбиеші қазір қай ай екенін сұрайды, балалар қайталайды. Әрбір жыл мезгілінде 3 айдан бар екенін айтып, күз айларын атайды.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
- Бүгін жыл атасы бізбен күз туралы әңгімелескісі келеді. Ол бізге сары карточка әкеліпті.
- Не үшін сары карточка әкелді?
Әрбір карточкада керекті санды қоюға арналған күз айларына сәйкес келетін тор көз бар.
Тәрбиеші айды атайды, балалар керекті цифрды бос орынға қояды. Одан кейін тәрбиеші цифрды атайды, ал балалар айды атайды.
 

Просмотров: 1659


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст