Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Әдемі кесе»
Мақсаты:
Балаларға ыдыстың шығу тарихымен ,ыдысты жасайтын материалдар түрімен таныстыру. Ермексазды үзіп алу арқылы сүйкеп жағу әдіс-тәсілін қолдана отырып кесені әшекейлеуді үйрету.Балаларды өз бетінше жұмыс істей алуға дағдыландыру,саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
Барысы:
Шаттық шеңбер. Біз ерекше баламыз, Айтқан тілді аламыз, Достарымды көргенде, Қуанып қарсы аламыз, Сәлем,сәлем,сәлем!
Балаларға ыдыстар жайлы түсінік беру.Ыдыстарды қандай материялдардан жасауға болатының түсіндіру. Сұрақ-жауап. Ендеше балалар ата мен әжеге шай ішетін кесе жасап берейік. Үлгімен таныстыру. Тандап алған ермексазымызды алақан арасына салып жұмсартып аламыз. Кесенің суреті салынған ақ қағазға үзіп алып сүйкеп жағу арқылы, кесенің бейнесін шығарамыз.
Сергіту сәті: Сағаттың тіліндей, Иіліп оңға бір, Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір. Оң аяқ, сол аяқ, Жаттығу оңай-ақ.
Балалармен жеке жұмыс жүргізу.
Қортынды: Балалардың жасаған кеселерінен көрме ұйымдастыру.Балалапрды мадақтау.