Тақырыбы: «Арналады әнім саған, анашым!»
Мақсаты:Халықаралақ мереке 8 - наурыз мерекесімен таныстыру.
Аналарды тек мереке күні ғана емес, күн сайын сыйлау, қадірлеу керектігін балалардың саналарына ұғындыру.Әдепті болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: 8-наурызға арналған тақырыптық суреттер.
-Қайырлы таң, балалар! Кәне, бәріміз бір-бірімізге жылы сөздер айтып, көңілімізді көтеріп ұйымдастырылған оқу қызметін бастайық.
Шаттық шеңбер:
Баланың тірегі,
Дананың тірегі
Шашылмасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Әңгіме: «8 Наурыз»
Көктем- жыл мезгілі.
-Көктем түсе күн жылы шуағын шашады. Қар астынан қылтиып, жасыл шөп шыға бастайды. Жылы жаққа ұшып кеткен ұзақ, қараторғай сияқты құстар ұшып келе бастайды.
-Балалар,алдымызда қандай мереке келе жатыр?
Міне, осы кезде алғашқы көктем мерекесі-8 Наурыз халықаралық әйелдер күні аталып өтіледі құттықтаймыз мейраммен,құрметті аналар!
Бұл мереке мемлекеттік болып саналады, яғни бұл күні барлық адамдар демалады. Бұл мерекеде қыздарды, аналарды, әжелерді, апаларды өлең, тақпақ айтып, гүл сыйлап құттықтау дәстүрге айналған.
Есік қағылады,топқа әже келеді:
-Сәлеметсіздер ме балалар,мен немереме келіп едім,адасып кеткен сияктымын.
-Қош келдіңіз әже,бұл «Күншуақ» тобының балалары,бізде мереке,мерекеңізбен құттықтаймыз!Балалар,сендер ана,әже туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Тақпақтар:
-Іңкәр:
Мәпелеп мені өсірген,
Ризамын мен өзіңе.
Ана деген керемет,
Сыйлап өтем өмірде.
-Шахнияз: Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз.
Аналардан тарайды,
Біздің ана тіліміз.
-Батыр: Аялаған анашым,
Менің саған тілегім,
Қартаймашы анашым.
-Айзере:
Ана пана,
Ана дана.
Өмірді әкелетін,
Ана ғана.
Сергіту сәті:(бейнеролик)
«Мерекедегі фотосуреттер» ойыны.
Шарты: әртүрлі мерекелік фотосуреттер көрсетіледі солардың ішінен 8 Наурызға байланысты суреттерді таңдайды.
-Балалар, ендеше аналарымызға арнап гүл жасап берейік.
Балалар хормен: «Ақ мамам»
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Арналады әнім саған,анашым!» атты тақырыптық сабағымыз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын!
Қорытынды: Ұйымдастырылған оқу қызметін аяқтау, балаларды мақтап- мадақтау.
Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Шағалалы ауылы
«Балдырған» бөбекжай
«Арналады әнім саған, анашым!»
(тақырыптық сабақ)
Тәрбиешілер: Исаханова.Ж.Т.
Макенова. А.М.
«Күншуақ» тобы
2020-2021 оқу жылы