Аналар мектебі
Тақырыбы: «Аналық мейірім»
Мақсаты:
- Отбасылық құндылықтарды дәріптеу
- Ұлттық құндылықтарды дәріптеу
-Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде аналарға әлеуметтік қолдау көрсету
Аналарға кез келген шығармашылық білім бастамаларында қолдау көрсету
Жүргізуші:
Құрметті жас аналар мектебіне қош келдіңіздер!
1. Таныстыру: Аналар сіздердің көңіл күйлеріңізді көтеру үшін әуен арқылы оюдан секіріп өтіп есімін атау
Жүргізуші:
Теңдесі жоқ данасың
Арқа сүйер панасың
Еңбегіңді ақтаймын
Аман болшы анашым
Ойын:
2. «Бәйге» ұлттық ойыны
Мақсаты: Қимыл дағдылырын ептілікті дамыту
Ойын шарты: Бұл ойын негізінен топтық атпен жарысу,жіппен тарту арқылы кімнің бәйгесі мәреге жетеді сол жеңімпаз атанады.
Бәйге ат жарысы ретінде өтеді, ал ойыншылардың міндеті белгіленген қашықтықты мүмкіндігінше тез арада жүріп өту
3. Көрпеше ойыны
Мақсаты:
Балаларды тапқырлыққа,батылдыққа тәрбиелеу.
Ойынның мәні-балалардың көбірек беріліп,бір бірімен тығыз байланысты болуын қамтамасыз ету
Ойын шарты:
Балалар шеңберде тұрып,әуен арқылы көрпешені айналып жүріп билейді,әуен тоқтағанда көрпешеге отырады.
Жүргізуші:
Жарқын жүзді жан анам
Сендей болсын бар адам
Сендей болса бар адам
Шаттық кетпес баладан
4. «Қоржын» ойыны
Мақсаты:
Асықтардың түстерін ажырата білуге үйрету,танымдық қабілеттерін арттыру.
Ойын шарты:
Қоржынның астындағы жасырылған суреттерді тауып,атауын айтып беру.
Жүргізуші:
Кері байланыс:
Ана менің- аялаған ақ гүлім
Ана менің -бақытыммен шаттығым
Анашым- деп анаң жырын арнаған
Анам менің- өмірдегі тірегім
Ата ана берген тәрбие кейін балаға азық болады.
Содықтан ананың жолыда бала алдындағы парызы да ерекше
Бүгінгі жас аналар мектебіне белсене қатысқан аналарға үлкен рахмет!
«Балдырған» бөбекжайы
меңгерушісінің м.а ______ Иват Б.
Аналар мектебі
Тақырыбы:
«Ана мейірімі»
Тәрбиешілер: Исаханова Ж,Т
Бауыржан Г
Жантии П
Хапас Ж
Әлпілам Қ
Тулегенова Б
Қараша
2024 оқу жыл