Әкелер мектебі
Тақырыбы: «Мен әкемді жақсы көрем»
Мақсаты: Бөбекжай мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту. Отбасындағы әкенің бала тәрбиесіндегі ролі туралы түсінік беру. Қазіргі заман талабына сай әкелермен бірлесе отырып, әкелердің бойындағы қабілетін балаларына беру мүмкіндігін арттыру және дамыту.
Жүргізуші:
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де
Танысайық келіңіздер жас әкелер.
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар
Жайнаған мына біздің төрімізге. .... дей отырып әкелерімізді ортаға шақырамыз
1. Таныстыру: Әр қадамды басу арқылы мына сұрақтарға жауап беріп ішке кіреді.
1.Менің есімім
2. Мен қандай әкемін?
3. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?
Жүргізуші:
Ер бала әкесімен сырлас.
Әрі жолдас, әрі дос.
Әкенің үйретері көп екен,
Бала оны тыңдап өседі екен.
Ойын:
2. «Асықтарды түсіне қарай жинастыр»
Ойын шарты: Балалар мен әкелер қолына түрлі –түсті қағаздар беріледі сол қағаз түсіне сайкес тұрған үстелге барып отрады да асықтарды түсіне байланысты жинайды.
Жүргізуші:
Жақсы әке өнерімен табыстырар
Берері көп балаға жүрегімен.
Әке асқар тау, әке бәйтерек дегендей
Көтерілер әкенің беделі де .....
3. Өз өнері (әкелердің өнері)
Ойын шарты: Балалар әкелерімен бірге кез- келген өнерін көрсетеді.
4.Менің әкем
Ойын шарты: Балалар мен әкелер бір- бірімен араласып түрады музыка ойналады әке мен балалар билейді музыка тоқтағанда балалар өз әкелерін жылдам табу керек
Жүргізуші:
Әке білек, саусағы балалары
Қан тамырмен жалғасқан аралары
Ана тамыр бойымен бәріне де
Тіршіліктің жылуы таралады.
4. «Жылы жүрек»
Біздің бөбекжайымызға және педагогтарымызға қандай жылы лебіздеріңіз бар.
Әкелерге жүрекше беріледі. Жүрекшелерді қолдарына ұстап жеке- жеке шығып өздерінің жылы лебіздерін білдіреді.
Жүргізуші:
Қорытынды: Адалдық әр кез көксеген
Үйрендім әке тек сенен
Ардақтап өтем мәңгілік
Ғұмырда жалғыз жетсе дем
Баланы жақсы тәрбиелеп, өнегелі еңбекке баулып, еліне пайдалы азамат етіп өсіру сіздердің абзал борыштарыңыз. Ерте ме, кеш пе сіздің тәрбие беру жолындағы еңбегіңіз белгілі бір үлкен табыстарға жеткізері сөзсіз. Бүгінгі уақыттарыңызды бөліп, бала деп келгендеріңізге көптен-көп алғызымызды білдіреміз.
«Балдырған» бөбекжайы
меңгерушісінің м.а ______ Иват Б.
Әкелер мектебі
Тақырыбы:
«Мен әкемнен үйренемін»
(аудандық семинар)
Тәрбиешілер: Сәрсенбай Г Ә
Алдабергенова Г М
Қараша
2024-2025 оқу жылы