«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шағалалы ауылының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырган» села Шагалалы при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әжелелер мектебі

19.12.2024

   Бекітемін:

                                                                                                                     Меңгеруші м.а:

                                                                                                                     _______ Иват Б.

 

 

 

 

 

                                                                  

 

 

                                                                Әжелер мектебі

 

                                 Тақырыбы: «Жастық пен төркөрпе»

 

 

 

 

 

 

                                                                  Жауапты: Мектепалды даярлық топтары

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            2024-2025 оқу жылы, қазан

 

Тақырыбы: «Жастық пен төркөрпе»

Әжелер мектебімен жұмыс

Мақсаты: Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелердің айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдаланы және жастық пен төркөрпенің жасау әдісін үйрету.

Көрнекілік: Жүн, мата, оюлар, жіп, ине.

Қолданылатын әдіс: көрсету, түсіндіру, тігу, салу.

                                  Барысы:

Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар,

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі-дей отырып бүгінгі бізге қонаққа келген әжелерімізді төрге шақырайық.

Әженің ақыл кеңесі: Амансыңдар ма балалар, алтын балапандарым!

Сендер қандай әдемісіңдер. Үлкенді сыйлап-құрметтеу керек балалар. Қыз бала анаға, әжеге жақын болады. Ананың, әженің айтқанын тыңдап көрсеткендерін істей білсеңдер келешекте өздеріңе керек.

-Әжелер сендерге енді бүгін жастықтың ішіне жүн салуды және төркөрпенің бетіне оюды қалай тігу керегін көрсетеміз.

Төркөрпе жасау:

Төркөрпенің үстіне тігетін оюды қошқар мүйіз деп атаймыз.

Қызыл түсті қиылған матаның үстіне дайын оюды дәл ортасына қойып, ине сабақтаған жіппен ары-бері өткізу арқылы ораластырамыз.

Жұмысты бастамас бұрын әжеміз өзі тігуді көрсетеді. Сонан соң балалармен бірге тігеді.

Жастық жасау:

Жастықтың дайын тігілген сыртын алып оның ішіне қойдың дайындап жуған жүнін салып, толтырып, жүн салған жастықтың ауызын сабақтаған инемен тігеміз. Жұмысты әже жасап көрсетеді . Сонан соң балалармен бірге жасайды.

Аяқталған жастықты балалар ұстап көріп оның жұмсақ, жеңіл екенін көреді.

Қорытынды: Балалармен бірлесіп жұмыс жұмыс жасап көрсеткен әжелерге алғыс білдіреміз.

 

 

Просмотров: 848


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст