Өрт қауіпсіздігі
Мақсаты:
1.Балаларға өрт қауіпсіздігі ережесін білудің маңыздылығын ұғындыру.
2.Өрттің қауіпті екенін түсіндіру, өрт сөндіру қызыметінің телефон номерін жатқа білу.
3. Балалардың қимыл-қозғалыстарын арттыру, күш-қуатын жетілдіру өрт болған жағдайда құтқару шараларын үйрету.
Өткізілетін орын: Спорт зал
Қолданылатын құрал жабдықтар: Өрт сөндіру киімі, ағаш саты, су құйылған бөтелкелер, өрттің макеттері, кедергілер, май шам, гимнастикалық орындықтар.
I- Кіріспе бөлім:
Барысы:
Балалар залға кіріп, сапқа келіп тұрады.
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Сәлеметсіздер ме , балалар! Көңіл күйлерің қалай?
Бүгін біз өрт қауіпсіздік ережелерін үйреніп, өрт болған жағдайда құтқару қызметін жасап дайындалатын боламыз.
Дене шынықтыру нұсқаушысы:
Өрт қауіпсіздігі туралы қысқаша мәлімет беру, балаларға сұрақтар қою.
-Өрт шыққанда кімдер көмекке келді?
-Өрт шыққан жағдайда қандай номерді тереміз?
-Сіріңкемен ойнауға бола ма?
-Жақсы балалар сендер өрт қауіпсіздігі жайлы біледі екенсіңдер.
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Оңға бұрылып дененні қыздырып залды
3- рет айналып жүгіру.
II- Негізгі бөлім:
Сапқа тұру екі топқа бөлініп, өрт туралы білгендерімізді ойын-жарыс арқылы көрсетейік.
1-Тапсырма: «Өрт сөндірушілерді шақыр»
Ойынның шарты: Жүгіріп келіп өрт сөндіруші мекеменің номерін теріп «Өрт шықты» деп айту керек. Келесі бала ары қарай жалғастырады.
2- Тапсырма: «Өртті сөндір»
Гимнастикалық орындықтың үстінен екпеттеп жатып қолмен тартылып өтіп, бөтелкедегі сумен 1,5м жердегі отты (шамды) су бүркіп сөндіру.
3- Тапсырма: «Аңдарды өрттен құтқар»
Балалар кезекпен өткелден өтіп, бір –бірден аңдарды құтқару
4- Тапсырма: «Өрт сөндіргіш»
Ағаш сатыны көтеріп жүгіріп барып биікте тұрған затты алып келу. Ойынды келесі ойыншылар осылай қайталайды.
5- Тапсырма: «Кім жылдам?»
Жүгіріп барып қағазға шығарылған өрт сөндіргіш машинасын, өрт сөндіру құралдарын құрастыру.
III- Қортынды бөлім:
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Жарайсыңдар балалар!
Сендер барлық тапсырмаларды жақсы орындап шықтындар, көп рахмет сендерге.
Қазылар алқасы жарысты қортындылап, балаларды мадақтайды.