«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Шағалалы ауылының «Балдырған» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад «Балдырган» села Шагалалы при отделе образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Құстар біздің досымыз"

25.01.2021

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Сурет

Тақырыбы: Құстар

Мақсаты: Балаларға құстар туралы түсінік беру. Суретке қарап құстарды ажырата білуге үйрету(Торғай, Қарға,Көгершін) . Әр түрлі әдіс- тәсілмен құстардың суретін бояуға үйрету.

Көрнекіліктер: Құстардың суреті, су бояу, қылқалам, мақталы таяқша.

Барысы:

Кірспе бөлім:

Шаттық шеңбері:

Қазақстан туған жер,

Сені қатты сүйемін.

Көлдер,таулар ,даламды,

Отаным деп білемін.

Негізгі бөлім:

Балалар менің қолымда үш қағаз бар , Әр қағазда құстар жасырылған мен құстардың дыбысын естіртем. Сендер тапсаңдар жасырылған құсты көрсетем.

Сұрақ- жауап: Балалар сурете қандай құстар бар?

-Қарға

-Торғай

-Көгершін

 Сергіту сәті:

Құстар су ішті,

Құстар аспанға ұшты.

Құстар жем жеді,

Құстар орнына қонды.

Балалар біз бүгін торғайдың суретін әр түрлі әдістермен бояп үйренеміз.

Ойын: «Мұздатам»

Барысы: Балалар құс болып ұшып жүреді, бір бала сиқырлы таяқпен құстарды қатырады кім қозғалса ойыннан шығады.

Қорытынды: Балалар жасаған жұмыстарын бір- біріне көрсетіп пікір алмасады. Ата- аналарға көрме ұйымдастыру.

Просмотров: 244


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст