Ақмола облысы БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ШАҒАЛЫ АУЫЛЫНЫҢ «Балдырған» бӨБЕКЖАЙЫ» МКҚК
ГККП « ЯСЛИ – САД «БАЛДЫРГАН» СЕЛА ШАГАЛАЛЫ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Instagram

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ұстаз аты биік әрі мәңгілік"

«КЕЛІСІЛДІ»                                                     «БЕКІТІЛДІ»

«Балдырған» бөбекжайының                           «Балдырған» бөбекжайының

әдіскері:                                                               меңгерушісінің м.а:

_________  Өрхөнбай  Е                                      _________Исаханова Ж.Т

 

 

 

 

 

 

Ертеңгілік

"Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік!" 

 

 

 

 

 

 

Музыка жетекшісі: Нургазина А.Е

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2025-2026 оқу жылы

 

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аяулы аналар мен балалар!

 

Ұстаздар  сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге мол 

табыс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. 

Балабабақшамыздың тірегі, әрі жүрегі - ұстаз. "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға", - деп Абай атамыз айтқандай "Ұстаз" сөзі ұлағатты есім, шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан-теңіз.  Сіздердің шәкірт тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін!

Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке.
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді,
Өмір - думан, бақ әкелсін мереке!
Олай болса мерекелік ертеңгілігімізді ашу құрметін «Балдырған» бөбекжайымыздың меңгерушісінің м.а Исаханова Жадыра Тұрашқызына сөз кезегін береміз.

Жүргізуші:

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар, жанды ұғып?!
Ұстаз деген ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!

 

«Ақбота» тобының орындауында «Қамажай» биі

 

Жүргізуші:

Бала тілі бал демекші, келесі балдай балаларымыздың ұстаз туралы 

тақпақтары мен нақыл сөздерін тарту етеміз.

Томирис: 

Ақырын жүріп анық бас,
 Еңбегің кетпес далаға.

Камшат: 

Ұстаз деген ұлағатты сөз.

Медина:

 Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы.

 

"Ұстазым" әні орындайтын «Балдырған» бөбекжайының тәрбиешілері.

Ұстаздар ұлттық тірегі,
Ұстаздар мектеп жүрегі.
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі.

 

«Қарлығаш» тобының орындауында би «Текемет»

Хан бол мейлі, қара бол,
Дарын бол мейлі, дара бол.
Өтетін бәрі алдынан,
Ұстаздар бейне сара жол.

 «Қасиеттер жиыны» ойыны.

Қажетті құралдар: доп

Барысы: Ұстаздар ортаға шығып, дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші қолына допты алып, ортаға шығады. Кез келген қатысушының біреуіне допты лақтырып қалып, бір әріпті айтады. Допты қағып алған ойыншы сол әріптен басталатын бір қасиетті айтады. Мысалы:

Жүргізуші: «Ә» әрпі

Ойыншы: «Әдемі»

Құрметті ұстаздар, балалар! Ұстаздар күніне арналған "Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік!" атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқтаймыз.

Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын!
Білімімен суарған шәкірттерін
Төл мерекең ұстаздар, құтты болсын!
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

 


Текст