Өткізу күні: 07.02.2024
Білім беру саласы: Қоршаған ортамен таныстыру.Шығармашылық.Көркем әдебиет.Сөйлеуді дамыту.Математика негіздері.
Ұйымдастырылған ашық ойын іс-әрікеттінің тақырыбы: «Аспан әлемі»
Мақсаты:
Балаларға аспан әлемінде не орналасқанын түсінік беру. Оның ішінде күн ,жұлдыздар, үлкен аю шоқжұлдызбен бейнесіне тоқтап таңыстырып өту. Балаларға күн және түн тәуілік бөліктерін ажыратуға үйрету. Негізгі түстерді айту және өздігінен жұмыс кезінде заттарды дұрыс орналастыра білуге,ұқыптылыққа үйрету.
Педагогикалық технологиялар: дамыта оқыту технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап.
Ресурстармен қамтамасыз ету: планшет , жұлдыздар,түнгі аспан суреті,сары түсті бояу, мата таяқшалар, ғаламшарлардың бейнесі.
Ұйымдастырылған ашық ойын қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық:
Балалар сапқа тұрып ұшаққа отыруға дайындалады. Медина билеттерді балаларға таратады.
Балалар орындыққа жалғастырып билеттерді тәрбиешіге тапсырады.Тәрбиеші билеттерді тексерген кезде бір билет жетіспейтіні туралы хабарлайды.
Күте тұрайық жетіспей турған билеттің иісі қазір келетін шығар.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты
Күн шуағын таратты
Армысың алтын күн!
Армысың жер ана!
Армысын достарым!
Сендерді көрсем қуанам!
Мен сендерге планшет арқылы аспан әлемінде не орналасқанын көрсетіп беремін
Бірақ сендерге оның алдында жұмбақ жасырамын ал сендер жауабын табуға тырысыңдар
Жұмбақтар:
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.(Күн)
Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)
2.Негізгі бөлім
Балалар, сендер түнгі аспанды көрдіңдер ме? Сендерге ұнай ма? Түнгі аспан әдемі, сиқырлы сияқты
- Аспан денелеріне Ай, Күн, жұлдыздар жатады олар аспанда орналасқан.
Балалардың білімдерін тереңдету мақсатында аспан әлемі жайында планшет арқылы көрсетіп, жалпы түсінік беру.
Күн-бізде күндіз жарқырап тұрады,жылу береді.Күннің ортасы қандай пішінге ұқсайды (дөңгелек).Түсі қандай?(Сары)
Ай суық аспан денесі өзінен жарық шығармайды жарқырап тұратын себебі оған күн сәулесі түседі.Толғанай деген ол айдын дөңгелек кезі,содан кейін ай қайтадан кемей бастайды.
Жұлдыз –түнде жарқырап,көкте нүктедей болып көрінетін аспан денесі.Түнде далаға шыққанда жұлдыздарға қарағанда олардың көлемі қандай?(кішкентай) себебі олар биікте орналасқан,жұлдыздарды біз санай аламыз ба? Жоқ өйткені олар көп.
Шоқжұлдыздардың жұлдыздары ерекше әдемі жарқырап тұрады
Үлкен аюдын шоқжұлдызы бар,олардың жұлдыздары ерекше әдемі жарқырап тұрады
Тосын сәт: «Жұлдызшы» асығып келіп орындыққа жайғасады.Рақмет сендерге мені күте тұрдыңдар мен «Жұлдызшы»боламын мен аспанда орналасамын.Маған түн батпай тұрып ұшу керек бірақ мен сандарды білмеймін сондықтан да ұшаққа кешігіп келдім.
Уайымдама жұлдыз біздің балалар сандарды жақсы біледі және сізді де үйретеді. Балалар үшке дейін санап айтады.
Логикалық ойын:
«Жасырылған санды тап»
Шартты:
Балалар көздерін жұмып отырады,ашқанда жасырылған санды табады
-Балалар сендер өте ақылды екенсіндер енді мен сандарды біліп отырамын
Жұлдызша: Мен жер әлеміне тапсырмаларды орындауға келдім,орындауға ұмытып кетіпін енді не істеймін? Маған түн батпай тұрғанда орындап тастау керек.Балалар сендер маған көмектесесіндер ме?
-Иә
Сендерді екі топқа қалай бөлуге болады?(тәрбиеші балаларды билеттің түстеріне сай екі топқа бөледі)
Дамыту орталықтар жұмысы:
Көрсету және түсіндіру.
1. Сурет салатын планшетке түңгі аспанды мақта таяқшаларды сары бояуға батырып дөңгелектін пішінін салып айды көрсетеді жұлдыздарды шашыратып салады
2.Үлкен аюдын шоқжұлдызын жұлдыздарын желім арқылы жапсырады
Жеке жұмыс: Әр балаға тоқтап тазалық туралы ескертіп айту жұлдыздарды шашыраңқы етіп орналастыруды үйрету.
Сергіту сәті:
Ойын: «Күн және түн ойыны»
Ойын шарты: Балалар күннің суретін көрсеткенде шеңбер бойымен жүреді,айдын суретін көрсеткенде лентадан жасалған сәулелерін қарындашқа орайды
3.Қорытынды:
Жұлдыздар әлеміне ұшып келіміз, аспандағы жұлдыздарға назар аударып түнгі аспанда қандай денелер орналасқан туралы қайталау
Рефлексия:
Жұлдыздарды түнгі аспанын фонына құрастыру
Мадақтау.
Жұлдызша: Балалар сендер өте ақылды, білімді екенсіңдер әрқашан жұлдыздай жарқырап жұріңдер деп сыйлықтарды береді.