БАЯНДАМА:
«Күн тәртібі мен сабақ кестесінің құру тәртібі»
Баяндамашы: « Балдырған»
бөбекжайының әдіскері: Иват Базаргул
Тақырыбы: «Күн тәртібі мен сабақ кестесінің құру тәртібі» ҰОҚ сабақ кестесі үлгілік оқу жоспарын негізе ала отырып құрылады.Үлгілік оқу жоспарында әр баланың жас ерекшелігіне қарай апталық оқу жүктемесінің көлемі,ҰОҚ ұзақтығы берілген.Иват.Б өзі жұмыс істеп жатқан балабақшаның сабақ кестесін,күн тәртібін үлгі ретінде көрсетіп өтті.
Күн тәртібі әр оқу жылына берілген ӘНХ негізге ала отырып баланың жас ерешелігіне сай құылатынын айтып өтті.Негізгі қағидалар ОҚҰ мен күн тәртібін бақылау сабақ кестесін Жүктеу Балабақшадағы күн тәртібі тәрбиеге ғана емес, сонымен бірге балалардың денсаулығын қорғауға және нығайтуға бағытталған. Негізгі ұйымдастырушылық тұстары: тамақтану; гигиеналық дағдылар; ұйқыны ұйымдастыру; мәдени тәрбиелеу; физикалық дамуды ұйымдастыру; білім беру үдерісі. Балалардың дұрыс дамуы күн тәртібімен қамтамасыз етіледі. Балабақша үшін ұсынымдар мен талаптар санитарлық қағидаларға негізделіп, заңнамалық деңгейде бекітілген. Балабақшадағы топтың күн тәртібі балалардың жасына байланысты жасалады. Әрбір мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық кеңесте куәландырылып, бекітілген күн тәртібі болуы тиіс. Педагогикалық кеңес кестені топтағы балалардың орташа жасына байланысты әзірлеуі керек. Сонымен, балабақшаның кіші тобындағы күн тәртібі гигиеналық рәсімдерге, негізгі мәдени және жеке дағдыларды үйретуге ерекше назар аудару керек. Кесте жасаған кезде балаларды киіндіру және шешіндіру, гигиеналық процедураларды өткізу және тамақтандыру уақыты ескерілуі тиіс. Балабақшаның орта тобындағы күн тәртібі тәрбиешілерді кішкентай балалармен жүргізілетін жұмыстардан босатады. Орта топтағы балалардың көпшілігі өзіне-өзі қызмет ете алады. Сондықтан мұғалім бұл уақытты қимыл белсенділігіне жұмсай алады. Режимді құру кезінде әр түрлі жастағы балалар оқытылатын топтарға ерекше назар аудару керек. Бұл жағдайда тәрбиешілер алдымен кіші жастағы балалармен ұйымдастырушылық сәттерді біртіндеп ересек мектеп жасына дейінгі балаларды тарта отырып өткізуі керек.
Үлгі ретінде өзім қызмет атқаратын бөбекжайдағы ересек топтың күн тәртібімен сабақ кестесін әріптестеріме ұсынғым келіп тұр.