«КЕЛІСІЛДІ» «БЕКІТІЛДІ»
«Балдырған» балабақшасының «Балдырған» балабақшасының
әдіскері: меңгерушісі
__________ Иват. Б __________ Шапатова С.Е
«_____»___________2024ж «_____»___________2024ж
Ұйымдастырылған ашық оқу іс әрекеті
Тақырыбы: «Көңілді старт»
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Хундызбай З
2023-2024 оқу жылы
Білім беру саласы: «Денсаулық»,
Бөлімі: Дене шынықтыру,
Тақырыбы: «Көңілді старт»
Мақсаты:
Спорттық жарыстарға деген қызығушылықты арттыру.
денсаулықтарын жақсарту, қимыл қозғалыстарын жетілдіру.
Ептілікке шапшаңдыққа үйрету.
Көрнекі құралдар: доптар,шарлар, кедергілер,түтікше, картон дөңгелек, арқан, жіп, конус т.б.
Ұйымдастыру кезеңі.
Бір қатар сапқа тұрады
Сәлемдесу. Оңға бұрылып жүру, жүгіру.
Тыныс алу.
ЖДЖ-жаттығуларын орындау;
Ендеше балалар ЖДЖ музыка әуеніне шармен жаттығулар орындаймыз.
Б.қ:аяқтарын сәл алшақ қойып,шарды жоғары көтеру, төмен түсіру. Шарды жоғары екі жаққа созу, қимылдар жасау, және төмен иілу. Б.қ:аяқтарын біргі қойып шарды тізіге кезек тигізу. Б.қ аяқты екі жаққа созып отыру, шарды оңға, солға және ортаға тигізу.
Негізгі бөлім:
Көңілді ойындарымызбастаймыз. Балалар екі топқа бөлініп сап тізбекке тұрады.
1. «Кім жылдам»
Ойын шарты: Бірінші ойыншы қолына шарды алып , жүгіру арқылы
белгіленген жерден айналып келіп, екінші ойыншыға шарды береді. Ойын ары қарай жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңіске жетеді.
2. «Түтікшені үрлеу»
Ойын шарты: Ойыншылар кедергілерден өтіп жүгіріп келіп , үстелде тұрған домалақ заттарды түтікшемен үрлеп алдындағы себетке түсіру қажет.
3. «Кім епті» ойыны
Ойын шарты: екі орындық арасына жіп керіледі, ойыншылар сол жіптің үстіне қарандаштарды тізіп қойып шығу керек. Ойынды келесі ойыншы солай жалғастырады.
4. «Үлкен дөңгелектер» ойыны
Ойын шарты: ойынды бастаушы балалар картоннан жасалған дөңгелек ішіне кіріп айландырып жүріп отырады. Белгіленген жерге барып келеді, ойынды келесі балалар дәл солай жалғастырады.
5. «Қуып жетте қаш»
Ойын шарты: ойыншылар қарама-қарсы тізерлеп төрттағандап отырады. Белгі бергенде , бірінші команда ойыншылары төрттағандап алға жылжып қарсы ойыншыларға қарай жүреді. Қарсы топ ойыншылары олар жақындап қалғанда оларды қорқытып қуады. Енді қарсы команда қашады, осылай алма-кезек қуып, қашып отырады.
Қорытынды бөлім:
Бір қатар сапқа тұру, түзелу, тыныс алу жаттығулары;
Балаларға жылы сөздер айтып мақтау, мадақтау айтып топтарына шығарып салу.